Сабақ мақсаттары Барлық оқушыларүшін



Дата11.01.2023
өлшемі26 Kb.
#165329
түріСабақ
Байланысты:
30.09.2020 3-сынып жоспар акт
САУАЛНАМА

АКТ 3 сынып

§1 Біздің айналамыздағы ақпарат

Мектеп:




Күні: 30.09.2020




Мұғалімнің аты-жөні:




Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Оқу мақсаттары

3.1.2.1 - компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру.




Сабақ мақсаттары

Барлық оқушыларүшін:
Ақпарат ұғымының, ақпарат көзімен, ақпаратты өңдейтін құрал - компьютермен танысады.




Көптеген оқушылар үшін:
Ақпаратты қабылдау түрлерімен, компьютердің қолданушы міндетін шешу құрылғысы екендігін ажырата алады.




Кейбір оқушылар үшін:
Ақпараттардың түрлерін ажыратып, практикада қолдануға дағдыланады.




Бағалау критерийі

Ақпарат ұғымымен, ақпарат көзімен, ақпаратты өңдейтін құрал - компьютер құрылғыларының атауын, анықтамасын біледі.
Ақпарат түрлері мен ақпарат көздерін ажырата алады.
Практика жүзінде ақпараттармен жұмыс жасап, ақпаратты өңдеу құрылғысын қолдана алады.




Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:
Пәндік лексика және терминология: Ақпарат және компьютер атауымен танысады .Ақпаратты (лат.informatio - түсіндіру, мазмұндау) қолданады. Компьютерлік сауаттылық ( ағылшын тілінен: computer literacy)
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:ақпарат үғымына қатысты тіркестер мен сөйлемдерді пайдалану.




Құндылықтарға баулу

Сабақта жауапкершілік, айқындық,құрмт, ынтымақтастық. Бір - бірімен қатынасқа түсе отырып, басқалардың пікірлерін тыңдауға, өз пікірін ашық айтуға дағдыланады.




Пәнаралық байланыс

Математика, жаратылыстану, музыка, бейнелеу өнері.




Тірек білім, білік, дағдылар

«ақпарат» ұғымы, сезім мүшелірінің қызметі




Жоспар




Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қосымша ресурстар

Басталуы



Оқушылармен амандасу. Сыныпта жағымды ахуал орнату үшін "Досыма тілек"тренингін ұйымдастыру. Сурет қиындыларын құрастыру арқылы топтастыру.
1- топ: Ақпарат
2 -топ: Компьютер
Топ басшысына оқушыларды бағалау үшін бағалау парағы таратылады.
Бағалау критерийлері таныстырылып өтеді (бағалау парағы төменде көрсетілген)

А 4 қағазы, жұмбақ, өлең, мақал-мәтел
Оқулық

Негізгі бөлім
Білу




"Суреттер сойлейді"әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын оқушылармен бірлесе отырып анықтау.
Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
Әрқайсысы әрқайсысын оқытады ( сондай-ақ "Біреуін аласың - біреуін бересің") топтық жұмыс.
1. Ақпарат деген не?
2. Біз ақпаратты қайдан аламыз?
3. Қандай ақпарат көздері бар?
4. Компьютер, компьютерлік сауаттылық деген не?
Сұрақтары талқыланып сұралады бірлескен жұмыс.
Топтар бірін-бірі өзара бағалайды.

А 3 қағазы,


оқулық



Сабақтың ортасы
Түсіну

Сұрақтарды "Бір минут" әдісі арқылы сұрау. Оқушылар сұрақтарға бір минуттың ішінде қысқа әрі нақты жауап береді/жеке жұмыс/


1. Не себепті ақпарат біздің өміріміз үшін маңызды?
2. Ақпаратты өңдеу деген қалай түсінесің?
3.Ақпаратты не үшін өңдейміз?

оқулық


Қолдану

Оқушылар дискідегі тапсырмаларды орындайды /жеке жұмыс/



диск

Сергіту жаттығу

Оқушылар интербелсенді тақтадағы бейнероликтен көз жаттығуларын қайталайды.





Талдау

Тапсырманы "Графикалық органайзер" түрінде орындайды / Белсенді оқыту, топтық жұмыс/
1 топ / Балық қаңқасы/
2 топ / Бес неліктен әдіс/
1. Қандай сезім мүшесімен қабылданған ақпарат есімізде көбірек қалады?
2. Ақпаратты қабылдайтын сезім мүшелерін салыстырып шық




Аяқталуы
Жинақтау

İNSERT немесе түртіп алу стратегиясы - түртіп алу әдісі. Оқушылар қолдарына қарындаш алып,
« v » - білемін, « + » - білмеймін,
« - » - мен үшін жаңа білім (ақпарат),
« ? » – мені таңқалдырды – деген белгілерді қойып отырып, мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Кесте толтырылады.

жұмыстар-ды марапаттау

Рефлексия

3 мин.

- сабақтағы көңіл күйім қандай болды?
- бүгін қандай ақпарат алдым?
- алған ақпаратты кімдермен бөлісер едің?

Үй тапсыр-масы

  1. Оқулық және жұмыс дәптерімен жұмысты жалғастыру.

  2. Үйде қалаған екі затты алып, оларды ақпаратты қабылдаудың 5 тәсілі бойынша салыстырып, нәтижесін дәптерге түсіріңіз.

  3. Ойлан! айдарының сұрақтарына ақпарат жинақтау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет