1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сапқа тұрғызу,сәлемдесу. Сабақтың оқу мақсаты мен жетістік критерийін түсіндіріп, мәлімдеу . Оқушылардың қалауы бойынша топқа бөлу.
2.«Ойында көрін» әдісімен ынталандыру, сергіту ойыны.
Фитбол добымен суреттегідей екі оқушы арқамен бірін-бірі итере жүріп допты түсірмей сызықтан шығаруға тырысады. Сызықтан шыққан оқушы жеңіледі.
3. Арнаулы дене қыздыруға арналған жүгіру, секіру жаттығулары: әрбір жаттығу түрі залдың жарты айналымына дейін немесе залдың жарты бөлігінде бір бағытта бір бұрыштан екінші бұрышқа дейін орындалады
А) Баяу жүгіру;
Б) екі қолды алға, артқа айналдыра жүріп, оң және сол қапталмен адымдай секіре жүгіру;
В) тізені бүкпей, аяқ басымен алға серпіле жүгіру;
Г) тізені артқа бүгіп, өкшені артқа сермей алақанға тигізе жүгіру;
Д) оң және сол қапталмен аяқты қиғаштай қойып жүгіру;
Е) гимнастикалық орындықтан қос аяқпен, оң және сол аяқпен секіре қозғалу;
Ж) екі адамнан біріге екпін алып, шапшаң қарқынмен жүгіру;
З) баяу жүріп өтіп, тыныс алу жүйесін қалпына келтіру.
2.1. Иілгіштікті дамытуға арналған арнайы созылу жаттығуларын орындаңыздар. Әр жаттығу 6-7 рет қайталанады.
2.2. Гимнастикалық орындықтан орындалатын топтық жалпы дамыту жаттығуларын орындаңыздар, мысалы:
1.А – тобы: жаттығуды гимнастикалық орындықта отырып , қолды кеуде алдына ұстап арқамен артқа шалқайып, кеудені бастапқы қалыпқа келтіреді. Б- тобы А-тобына жаттығу кезінде аяғын ұстауға көмек береді.Жаттығу 15 рет қайталанады.Жаттығуды орындап болған соң, А-тобы мен Б- тобы орындарымен ауысады.
2.3. Секіру машығын дамыту үшін «Өзіңді сына» әдісімен төмендегі жаттығуды орындаңыздар:
Бастапқы қалып- жартылай отыру, серпіле көтеріліп, қолды жоғары көтере жоғары созыла секіру. Жаттығу 7-8рет қайталанады.
Жалпы дамыту жаттығуларының соңында «Бас бармақ» әдісімен топтық баға беру.
Бәрі орындалды- бас бармақ;
Жартылай орындалды- бас бармақты жанына қисайту;
Орындалмады - бармақты төмен түсіру.
|