Сабақ мақсаттары Шығармашылықпен және сыни ойлау арқылы тапсырманың өзгеше ерекшеліктерін анықтау



бет2/3
Дата23.05.2017
өлшемі1,26 Mb.
#16733
түріСабақ
1   2   3

Сабақтың ортасы



35 минут.

1. Белсенді тақтаны қолданысқа енгізіп интернеттен доппен ойналатын ойындар туралы қысқаша киносюжет көрсету арқылы жалпы теориялық мағлұмат беру және сұрақ арқылы «Бірге ойлаймыз» әдісімен 5-10 минуттық диалог жүргізу, мысалы:

- Жалпы доппен ойналатын ойындар туралы не білесіздер?

- Доппен ойналатын ойындар арқылы қандай физикалық қасиеттерді дамытуға болады?

2 тапсырма. Үш топқа бөлініп, доппен ойналатын спорт ойындарына «постер» қорғау.

А- тобының тапсырмасы: Волейбол ойынының басқа спорттық ойындардан ерекшелігі

Б-тобының тапсырмасы: Баскетбол ойынының басқа спорттық ойындардан ерекшелігі

С- тобының тапсырмасы: Футбол ойынының басқа спорттық ойындардан ерекшелігі

Тапсырмада:

  1. Ойын мақсаты, басқа ойыннан айырмашылығы, өзгешелігі

  2. Құндылықтары

  3. Ойынның ағзаға тигізер пайдасы және дене қимылына ықпалы қаралып, сараптайды.

Тапсырма соңында сұрақ-жауап арқылы қорытынды жасап, бір-біріне топтық баға береді.

3 тапсырма. «Ойлан, бірік, бөліс» әдісімен әр топ қорғаған постер спорттық ойындарынан 2-3 ойын техникасының элементінің орындалу техникасын көрсетеді, бұл тапсырма карточка арқылы орындалады, мысалы:

Карточка 1. Волейбол элементтерімен жұптық жұмыс. Тапсырмада волейбол добын төменнен және жоғарыдан қабылдау техникасын орындаңыздар.



Дескриптор:

  • Допты төменнен қабылдау әдісін көрсетеді

  • Допты жоғарыдан қайтару әдісін көрсетеді

  • Жұптық жұмысты доппен орындайды


Карточка 2. Баскетбол элементтерімен жеке жұмыс. Тапсырмада баскетбол добын кәрзеңкеге түсіру және допты алып жүрудің орындалу әдісін көрсетіңіздер.







Дескриптор:

  • Допты ұстау техникасын дұрыс орындайды

  • Допты кәрзеңкеге лақтыру әдісін көрсетеді

  • Допты алып жүру әдісін көрсетеді

Карточка 3. Футбол. Топтық жұмыс.Тапсырмада футбол добын тоқтату және тебу әдістерінің орындалу техникасын көрсетіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет