Сабақ мақсаттарын кесте түрінде көрсету



Дата24.02.2022
өлшемі62,47 Kb.
#133044
түріСабақ
Байланысты:
Сулейменова Алина АКТ 1 топ кесте
Сулейменова Алина АКТ топ, Даму физиологиясы АКТ 1 топ 1 топша

ТАПСЫРМА:Өсімдіктер бөлімше бойынша сабақ мақсаттарын кесте түрінде көрсету

Орындаған:Сулейменова Алина


Тексерген: :Уайдуллақызы Эльмира
Тобы:ПМНО АКТ 1 топ
https://mm.tt/2024646056?t=FszlfT4ziU ментальная карта
Жаратылыстану пәні
2 бөлім «Тірі табиғат»

Бөлімше

1 сынып

2 сынып

3 сынып

4 сынып

2.1 Өсімдіктер

1.2.1.1 Өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын атау

2.2.1.1 Өсімдіктердің түрлерін салыстыру және ажырату; олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету



3.2.1.1 Өсімдіктерді олардың белгілері бойынша жіктеу



4.2.1.1 Балдырлар, саңырауқұлақтар, мүктер, қыналар, қырықжапырақтылар, гүлді өсімдіктерді ажырату және суреттеп айту






1.2.1.2 Өсімдіктердің негізгі бөлімдерін және олардың қызметтерін атау



2.2.1.2 Өсімдік мүшелерінің құрылымдық ерекшеліктері мен орналасуын көрсете отырып, суреттеп айту

3.2.1.2 Өсімдік жапырақтарының оттекті бөлу үдерісін білу және түсіндіру

4.2.1.2 Өсімдіктің тіршілік циклін суреттеп айту






1.2.1.3 Өсімдіктер тіршілігіне арналған жағдайларды зерттеу



2.2.1.3 Тамырдың, сабақтың, жапырақтың және гүлдің қызметтерін суреттеп айту

3.2.1.3 Фотосинтез процесін білу және түсіну

4.2.1.3 Тозаңдану нәтижесінде тұқымның түзілуін суреттеп айту




1.2.1.4 Өсімдіктер өскенде жүретін сыртқы өзгерістерді суреттеп айту

2.2.1.4 Өсімдіктің өсіп жетілуі үшін топыраққа қажет күтімді сипаттау

3.2.1.4 Әр түрлі мекен ету ортасының ұқсас және ерекшелік белгілерін табу

4.2.1.4 Тұқым таралуының әр түрлі тәсілдерін зерттеу




1.2.1.5 Жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату

2.2.1.5 Өсімдіктердің қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларында өсіп шығу мүмкіндігін дәлелдеу

3.2.1.5 Өсімдіктер арқылы бөлінетін оттектің тірі ағзалар үшін рөлін түсіну

4.2.1.5 Тағамдық тізбектегі тірі ағзалардың өзара әсерлесуін түсіну






1.2.1.6 Бөлме және мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін білу

2.2.1.6 Өсімдіктердің маусымдық өзгерістерін суреттеп айту

3.2.1.6 Өсімдіктердің қоршаған ортаның жағдайларына қалай бейімделетіндігін түсіндіру

4.2.1.6 Өсімдіктің өсуіне әсер етуші факторларды зерттеу







2.2.1.7 Мекен ету ортасына байланысты өсімдік топтарын атау

3.2.1.7 Өсімдіктердің қауымдастық құру қабілетін түсіндіру



4.2.1.7 Өсімдіктерді қорғау әдістерін зерттеу







2.2.1.8 Өз аймағындағы өсімдіктерді суреттеп айту



3.2.1.8 Табиғи мекен ортада өсетін өсімдік түрлерін атау және суреттеп айту










2.2.1.9 Өсімдіктердің саналуандығын сақтаудың маңыздылығын және оларға қамқорлық қатынасты түсіну және түсіндіру

3.2.1.9 Адамзаттың тіршілік іс-әрекеттерінің кейбір түрлерінің өсімдіктердің санына және саналуандығына кері әсерін түсіндіру



1 сынып


Сабақтың мақсаттары
Өсімдіктің жанды табиғатқа жататынын анықтап,өсімдіктерді топқа бөледі.
Өсімдіктің мүшелерін ажыратып үйренеді.
Мәдени өсімдіктерге күтім жасауды меңгеру.
Өсімдіктің тіршілігіне қажет жағдайларды зерттейді.
2 сынып
Сабақтың мақсаттары
Өсімдіктерді қорғауды менгереді.
Өсімдік мүшелерінің қызметін сипаттап менгереді.
Өсімдіктің жыл бойы өзгеруін сипаттау бақылайды.
Өсімдіктің түрлі жағдайда өсу мүмкіндігін зерттеп,өсімдік топтарын тіршілік ортасы және қоршаған орнта жағдайына бейімделу бойынша салыстырады.
3 сынып
Сабақтың мақсаттары
Фотосинтез үдерісі жүру үшін қажет жағдайларды анықтайды.
Қоршаған орта жағдайына бейімделуіне қарай өсімдіктерді топқа жіктеп шығады.
Жылусүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктерді анықтап ажыратады.
Өз өлкесіндегі табиғат бірлестіктерді сипаттайды.
Адамзаттың өсімдік тіршілігіне әсеріне түсіндіреді.
Табиғатты қорғау белгілеріндегі ақпаратты таниды.
4 сынып
Сабақтың мақсаттары
Жоғары саты өсімдіктерін, белгілеріне қарай ажыратады.
Балдырды пайдалану жолдарын анықтайды.
Өсімдіктің тіршілік циклінің кезеңдерін сипаттайды.
Гүл бөліктерін ажыратады.
Тозаңдану үдерісін сипаттап,тозаңданудың өсімдік үшін маңызын анықтайды
Тұқымның таралу жолдарын олардың ерекшеліктеріне байланысты сипаттап,
Өсімдіктің тіршілік үшін маңызын жүйелеп,өсімдікті қорғау жолдарын ұсыну.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет