Сабақ Мектеп: Ақтау қаласы, «№3 жалпы білім беру орта мектебі»кмм күні: 18. 11. 2016



Дата04.07.2018
өлшемі17,87 Kb.
#47136
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ

САБАҚ

Мектеп: Ақтау қаласы,

«№3 жалпы білім беру орта мектебі»КММ

Күні: 18.11.2016

Мұғалімнің аты-жөні: Азанова Артық


Сынып: 1б»

Дүниетану пәні

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны: 2

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

1.1.2.4 күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн тәртібін құру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсінеді

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

  • Өз жеке күн тәртібін әңгімелеп береді

Тілдік мақсат:

Оқушылар

Негізгі сөздер мен тіркестер: таң-утро-morning, күн-день-dau,кеш-ночь-еvening ,күн тәртібі-режим дня- daily schedule

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы:

2 мин

Оқушылар өлеңді бірге айтып,бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

«Қайырлы күн» деп айтамыз

Түсте бірге қайтамыз

Отбасының гүліміз

Көңілді өтер күніміз


Интерактивтік тақта

3 мин

«Тосын сый» Мұғалім оқушыларға тосын сый жасайды. Мұғалім жұмбақ айтады, соның шешімін тауып, қораптағы затты анықтайды.

Жұмбақ:


«Үш тілі бар,

Тықылдаған үні бар»

Құпияның тықылдаған әуенін тыңдайды.

Оқушылар қорапта не бар екенін тапқаннан соң,сағатты көрсетеді. Сағатты не үшін қолданатынын сұрайды. Сағаттың көмегімен уақытты өлшейді. Бұл сабақта бір күнгі уақытты ненің көмегімен дұрыс бөлуге болатыны туралы айтылады. Уақытты бағалай білу керектігі,уақыттың құпиясын түсіну маңызды екендігін түсіндіреді.



Сиқырлы қорап, сағат

2 мин

Топқа бөлу

Оқушыларды үш топқа бөледі, видеофильм көрсетіледі.



Ата, ана, әке суреттері Видеофильм «Жандостың күн тәртібі»

Ортасы

3 мин

Оқушылар әріптерден сөз құрастырады. Б,Т,І,Ә,Р,І,Б әріптерінен сөз құрастырады.Күннің суреті ілінеді.Күн тәртібі туралы не білетінің сұрайды.

Күннің суреті, Т,Ә,Р,І,Т,І,Б әріптері

5 мин

1-тапсырма.

Күн тәртібінің суреттерінің ретін табады.А3 көлеміндегі қағаз,күн тәртібінің кезеңдері бейнеленген суреттер жинағын топқа таратады.Белгі бойынша жұмысты тоқтатады.Жұмысты тақта іледі.Оқушылар өз жұмыстарын қорғайды,бірлесе жұмыс жасайды.



А3 күн тәртібі кезеңдерін көсететін суреттер




2-тапсырма

«Әңгіме құрастыр» Топ мүшелері күн тәртібін құрастырып, әңгімелейді.









3-тапсырма

«Суретті боя»

Топ мүшелері ұйықтап жатқан баланың суретін бояйды.


Түрлі түсті қарындаштар


3 мин

«Сен білесің бе?»

Мұғалім ұйқының маңызын,біздің өміріміздің қажетті бөлігі,жұмыс қабілеттілігінің маңызды шарты еендігін айтады.Күн тәртібін сақтаан адамдар қандай жетістікке жететінің айтады.






Сабақтың қорытындысы 2 мин

Тілдік құзіреттілікті қалыптастыру

Сабақты қорытындылағанда уақыттыңең басты құпиясы-күн тәртібін сақтау екендігін айтады.

Оқушылар таң-утро-morning, күн-день-dau,кеш-ночь-еvening ,күн тәртібі-режим дня- daily schedule сөдерін хормен айтады.

Бағалау

Оқушылар

-күн тәртібі туралы айта алады;

-жұмыс және демалыс уақытын дұрыс бөле алады

Оқушылар


-күн тәртібін құрастыруды үйренді;

-күн тәртібін сақтау маңыздылығын түсінді

Сигнал карточкалары арқылы әр топ жауап берген соң бағаланып отырады.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды



  1. Оқушылар сабақтың әрбір кезеңінде бағаланады.

  2. . Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ереккшелігіне көңіл бөледі.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады

  1. Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу

  2. Рефлексия


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет