№21 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
Тақырыбы:
Күтілетін нәтиже:
Білім
• Паскаль тілінің типтерін атап шығады.
• Паскаль тіліндегі типтерді сипаттайды.
Түсінік
• Бүтін және нақты сандарға тәнтиптерді айырып таниды.
• Екі түрде жазылған бірдей санның айырмашылығын жуықтап бағалайды.
Қолданыс
•Айнымалыларды сипаттау үшін сабақ үстінде алған білімін пайдаланады.
• Ақпаратты қай типте жазу керектігін ажыратады.
Анализ
• Берілген ақпаратты BOOLEAN типінде жазып көрсетеді
Синтез
• Әртүрлі типтерге мысал келтіреді.
Баға
• Әр түрлі типтегі айнымалыларды сипаттау.
• Жиым мысалын жиымдардың қасиетіне негіздейді.
Сабақ құрылымы:
ІАқпарат блогы (15 мин.).
ІІЛогикалық тапсырмалар блогы (5 мин.).
ІІІЖаттықтыру және білімді есепке алу блогы ( 15 мин.).
ІVИнтеллектуалдық тренинг блогы (5 мин.).
VКүтілетін нәтиже блогы ( 5 мин.).
Сабақ типі:
• Сабақта жаңа білімді игеру
Оқыту әдісі:
• Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивті, топтық
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
-
Жаңа терминологиямен таныстыру
-
Тапсырмаларды орындауда көмектесетін нақты мысалдарды көрсету
-
Оқушыларға тапсырманы өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
• Айнымалылар типтері, сипаттау бөлімі, бүтін сан түріндегі, нақты сан түріндегі, логикалық, символдық, тіркестік, саналатын, диапазондық немесе ауқымдық және жиымдық типтер.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
-
Жаңа өткен тақырыпты толық игеру
-
Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау
-
Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау
Ақпарат көздері:
1 Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова. 2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп.
2 Д. Прайс. 1987. Программирование на языке Паскаль. Москва: Мир.
3 Типы переменных. Ақпарат көзі:
http://valera.asf.ru/delphi/book/tp05.shtml
Оқушы жетістігін бағалау:
• Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.
Үй тапсырмасы:
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы
Анықтамаларды, типтердің түрлерін және сипаттамаларын жаттау, кез келген әр түрлі типтегі он айнымалыны сипаттау бөлімінде сипаттау.
• Бонус-балл тапсырмасы
Жиымдық типті қолдануға болатын есепке мысал келтіріңіз.
САБАҚ БЛОКТАРЫ
Тақырып жоспары:
-
Айнымалылар типтері.
-
Типтерді сипаттау.
-
Типтер мысалы.
Слайдтар:
2-слайд Тип дегеніміз не?
Мәліметтердің немесе айнымалылардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады.
|
3-слайд
|
4-слайд Типтерді сипаттау
Айнымалылар мен функциялардың типтері программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі.
Жазылу пішімі:
1. var<идентификатор> : <тип>
2. type<тип атауы> = <тип мәндері>;
Типтерді сипаттау диаграммасы
|
5-слайд Бүтін сан түріндегі типтер
Типі
|
Мәндердің өзгеруі
|
Ұзындығы, байт
|
BYTE
|
0 – 255
|
1
|
SHORTINT
|
-127 – +127
|
1
|
INTEGER
|
-32768 - +32767
|
2
|
WORD
|
0 - 65535
|
2
|
LONGINT
|
-2147483648 - +2147483647
|
4
|
|
6-слайд Нақты сан түріндегі типтер
Типі
|
Ауқымы
|
Мәнді цифрлары
|
Өлшемі, байт
|
REAL
|
-1.7∙10³⁸ – 1.7∙10³⁸
|
11 – 12
|
6
|
SINGLE
|
- 3.4∙10³⁸ – 3.4∙10³⁸
|
7 – 8
|
4
|
DOUBLE
|
-1.7∙10³⁰⁸ – 1.7∙10³⁰⁸
|
15 – 16
|
8
|
EXTENDED
|
-1.1∙10⁴⁹³² – 1.1∙10⁴⁹³²
|
19 – 20
|
10
|
COMP
|
-2∙10⁶³-1 – 2∙10⁶³+1
|
19 – 20
|
8
|
|
7-слайд Логикалық тип
-
BOOLEAN
-
Логикалық типтегі шамалар, негізінен, екі мән қабылдайды - TRUE (ақиқат) және FALSE (жалған), олар компьютер жадында бір байт орын алады.
-
Логикалық типтегі шамаларға мына амалдар қолданылады: AND - (және), OR - (немесе), NOT - (емес), XOR -(арифметикалық немесе)
|
8-слайд Символдық тип
-
CHAR
-
Символдық типтегі шамалар мән ретінде тек бір таңбаны ғана қабылдай алады.Мәннің символ екенін көрсету үшін оны апостроф ішіне алып жазады. Мысалы, ‘a’, ‘h’, ‘5’, ‘*’ т.б.
|
9-слайд Тіркестік тип
-
STRING
-
Тіркестік типтегі шамалар апостроф ішіне алынған символдар тізбегін қабылдайды.
Сипаттау мысалы:
VAR
s : string[25]; { s айнымалысының ұзындығы 1-ден 25 символға дейін өзгере алады}
s1 : string; { s1 айнымалысының ұзындығы көрсетілмеген, яғни символдардың ең үлкен саны 255-ке тең }
|
10-слайд Саналатын тип
Саналатын тип стандартты типке жатпайды, ол параметрлердің мәніне сәйкес келетін атаулар (идентификаторлар) тізімінен тұрады. Атаулар тізімі үтір арқылы ажыратылып, жай жақша ішіне жазылады. Мысалы:
атау= (1-идентификатор, 2-идентификатор, …, n- идентификатор);
Var
kunder = (‘дүйсенбі’, ‘сейсенбі’, …, ‘жексенбі’);
|
11-слайд Диапазондық немесе ауқымдық тип
-
Мұнда көрсетілген шама қабылдай алатын мәннің алғашқысы (ең кіші) мен соңғысы (ең үлкен) екі нүкте арқылы бөліп көрсетеді.
-
Мысалы:
атау = <алғашқы мән>..<соңғы мән>;
Var
Apta_kunderi = 1..7;
Ai_kunderi = 1..31;
|
12-слайд Жиымдар (Массивтер).
-
Жиым дегеніміз – бір атаумен белгіленіп, бір өлшеммен өлшенетін шамалардың реттелген тізбегі.
-
ARRAY
-
Әрбір массив элементінің реттік нөмірі (индексі) болады.
-
Массив көп өлшемді бола алады; алайда, 65520 байттан артық орын ала алмайды.
|
|
13-слайд Жиымдар. Сипаттау мысалы.
1.
VAR
M1 : array[1..200] of integer; { М1, A1 – бүтін және нақты сандардың бір өлшемді жиымдары }
A1 : array[100..200] of real;
ch1 : array['A'..'Z'] of char; { сh1, ch2 – символдардың бір өлшемді массивтері }
ch2 : array[0..255] of char;
|
14-слайд Жиымдар. Сипаттау мысалы.Жалғасы
2.
TYPE
Date_M = 1..31;
Cyrillic_b = 'А..Я‘;
Latin_b = 'A..Z'; {диапазондық тип}
Belgi = (2,3,4,5);
Ball = (1,2,3,4,5,6,7,8,9,10); {саналатын тип}
VAR
t1, t2 : Date_M;
c1 : Cyrillic_b;
s1 : Latin_b;
a1, a2 : Belgi;
b : Ball;
|
|
іі.Логикалық тапсырмалар блогы
|
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Айнымалылар типтері.
|
Типтерді сипаттау.
|
Типтер мысалы.
|
|
|
|
Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________
|
ііі.Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы
|
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
-
Паскаль тілінің типтерінің сызбанұсқасын сызыңыз.
-
Паскаль тілінде қолданылатын кез-келген бес типті сипаттаңыз.
-
Келесі типтердің қайсысы Паскаль тілінде бүтін сандарды сипаттауға қолданылмайды?
a) WORD; b) INTEGER; c) SINGLE; d)LONGINT; e)SHORTINT.
-
Келесі типтердің қайсысы сандарды сипаттауға қолданылмайды?
a) COMP; b)BYTE; c) WORD; d)EXTENDED; e)CHAR.
-
Паскаль тілінде 100 және 100.0 сандарының айырмашылығы қандай?
ІІ деңгей тапсырмалары
-
Айнымалыларды сипаттау бөлімі қалай жазылады?
-
у=х2 функциясының мәнін табатын программада айнымалыларды қай типті пайдаланып сипаттау қажет?
-
Дөңгелектің ауданын табатын программадағы айнымалыларды сипаттау үшін қандай типтерді қолданау қажет?
ІІІ деңгей тапсырмалары
-
Адамдар туралы келесідей ақпарат беретін төрт BOOLEAN типіндегі айнымалы берілсін:
-
MARRIED егер адам үйленген болса рас;
-
BLOND егер адамның шашының түсі сары болса рас;
-
MALE егер ер адам болса рас;
-
EMPLOYED егер адам жұмыс жасайтын болса рас.
Адамдарға қатысты келесідей ақпараттың дұрыстығын анықтайтын BOOLEAN типіндегі өрнек жаз (AND, OR, NOT амалдарын қолдан):
-
тұрмыс құрған әйел;
-
үйленбеген ер адам;
-
тұрмыс құрмаған сары шашты әйел;
-
жұмыссыз тұрмыс құрмаған әйел адам;
-
тұрмыс құрмаған немесе жұмыссыз, не екеуі де.
Топтық жұмыс.
Сынып оқушылары 3 топқа бөлінуі тиіс.
1-топ:
Нақты сандық типке бес мысал жазып, сипаттау бөліміндегі сипаттамасын жазыңыз.
2-топ:
Бүтін сандық типке бес мысал жазып, сипаттау бөліміндегі сипаттамасын жазыңыз.
3-топ:
Символдық типке бес мысал жазып, сипаттау бөліміндегі сипаттамасын жазыңыз.
|
V.Күтілетін нәтиже блогы
|
|
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
|
Достарыңызбен бөлісу: |