Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың нысаны
Орындаған:Бөркеева Аяулым
Жоспары :
1. Мектепке дейінгі мекемелердегі ұйымдастырылған оқыту іс-әрекетінің негізгі нысаны – сабақ.
2. Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісін зерттеген зерттеуші-ғалымдар
3. Нәтижелі сабақтың ережелері
1. Мектепке дейінгі мекемелердегі ұйымдастырылған оқыту іс-әрекетінің негізгі нысаны – сабақ.
Сабақ барлық топтар үшін міндетті, мұнда білім, білік, дағдыны игерумен қатар, балалар тобын құруға, онда өмір сүріп , іс-әрекетпен шұғылдануға, бір-бірімен
дұрыс қарым-қатынас жасап, адамгершілік қасиеттерін, мінез-құлқын қалыптастыруға үйретеді.Сабақ тәрбиеші-педагогтың басшылығымен өтеді. Ол сабақтың мақсатын, мазмұнын, міндетін, көрнекі-құралдарын белгілейді, әдіс-тәсілдерді таңдап, балалардың білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру әрекетін басқарады. Сабақты өткізуге ең қолайлы кезең – күннің бірінші жартысы, себебі балаларға іс-әрекетпен шұғылдану тәңертеңгі тамақтан кейін,шаршамай ойынға кіріспей тұрғанда ыңғайлы екені көптеген ғалымдар зерттеу еңбектерінде дәлелдеген.Ендеше сабақты зерттеген ғалымдарға тоқталайық.
2.Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісін зерттеген ғалымдар:
П.Ф.Каптерев, Е.И.Тихеева, Р.С.Буре, В.Г.Нечаева, Г.Н.Година, З.И.Истомина, Н.К.Крупская, Е.А.Флерина, Т.Подъякова т.б. отандық ғалымдар: Баймұратова Б.Б, Дүкенбаева Г.Х,
Әмірова Ә.С, Жусупова Р.З, т.б оқу әдістемелік еңбектер жазуға қатысқан әдіскерлер Ә.С.Анартаева К. Жұмаділова Б.Ж, М.И. т.б
Зерттеулер барысында мектепалды топтарында балаларды оқыту ерекшеліктері, оқыту мазмұны, әдістері, принцптері қарастырылып, оқытудың негізгі формасы–сабақты ұйымдастыру әдістемесіне және оқыту технологияларын қолдану жолдарына көңіл бөлінді. Аталған топтардағы оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаларында баланы мектепке даярлауда: ҚР Конституциясында отбасын нығайту, аналар мен балаларды қорғау және тәрбиелеуде отбасы жауапкершілігін арттыру, отбасында балаларды мектепке даярлау олардың отбасындағы өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру, әр түрлі типті отбасында балалардың жеке басын қалыптастыру, ата-ана тәрбиесі және олардың міндеттері, халық тәжірибесіндегі отбасының балаларды тәрбиелеудегі мектепке даярлаудағы орны (А.Сейсембаев, Б.Баймұратова, Д.Муталиева, М.Сәтімбекова, Дүкенбаева Г.Х т.б), отбасында мектепке даярлаудың мақсат, міндеттері, озық іс-тәжірибелермен ата-аналарға педагогикалық білімді насихаттау мәселелерімен отандық ғалымдар еңбектерінде тереңірек танысуға болады.
3.Нәтижелі сабақтың ережелері
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім мазмұнын игерту бағдарлама бойынша жүргізілетін арнайы сабақтарды ұйымдастыру арқылы үйретіледі. Сабақтарда балаларға
білім мен дағдыны үйретудің толықтығы мен сапасына, тәрбиешінің нұсқауларын тыңдай және орындай білуге қатысты белгілі талаптар қойыла бастайды. Сабақтардағы үйрету қарапайым білім мазмұнымен қаруландырып, оқу іс–әрекетінің бастапқы элементтерін игертуде маңызды мәнге ие болады.
Оқу іс–әрекетінің элементтерін игеруге танымдық ынталарды қалыптастыру мен оқу
іскерліктерін үйрену кіреді. Айналадағы дүние туралы баланың алатын сан түрлі
мәліметтері–үлкендердің көрсеткендері мен әңгімелегендері, өзінің көргендері. Бұл әуестікті,
барлық жаңа атулыға құмарлықты тудырады. Мектепке дейінгі шақта балалардың әуестігінің
өсуі, әсіресе балалар қоятын сұрақтардың саны мен сипатының өзгеруінен байқалады. Егер үш төрт жаста сұрақтардың аз ғана бөлігі жаңа білім алуға, түсініксіз нәрсені анықтауға бағытталса, мектепке дейінгі ересек жаста балаларда мұндай сұрақтар басымырақ келеді, балалар сан түрлі құбылыстардың себептері мен олардың арасындағы байланыстарды білуге ынтығады. Жаңбыр неге жауады? Өсімдіктерді суғару үшін не керек? Жұлдыздар қайдан пайда болған? Егер кішкене үйді доңғалақтардың үстіне орнатса, оны трактор сүйреп әкете алама? Егер судың бәрі теңізге қарай ақса, кейін ол қайда кетеді?–міне алты жастағы баланың әдеттегі сұрақтарының тізімі осындай. Бірақ әуестік бұл әлі оқуға жүйелі білім алуға даярлықты қамтамасыз ете алмайды. Қандай да бір құбылысқа деген ықылас балада жылдам пайда болады да жылдам ұмытылады, басқамен алмасады
Сондықтан сабақ нәтижелі болу үшін төмендегі ережелерді сақтау керек:
1.Өте жинақты болу керек, . Балалардың алдына қоятын мақсат, айқын болуы және мақсатқа жетудің жолдарын ретімен, бірізділікпен жүргізе білу.
2.Балаларды балағаттамау, жөнді-жөнсіз ұрыспау, олардың білмегеніне ренжімеу, мейірімді болу. Егер топтың басым көпшілігі ұсынылған материалды түсінбеген болса,онда өзіңіздің дұрыс айтыпжеткізе алмаған кемшілігіңізді іздеңіз.
3.Баланың сөзін бөлмеу, соңына дейін сөйлеуге мүмкіндік беру, дұрыс емес жауап болса ол сұрақтың нақты болмауынан болуы мүмкін.
4.Тапсырма мен нұсқау анық, нақты бала тәрбиешінің талабын анық түсінетін болуы шарт.
5.Сабақ барысында балалардың зейінін тұрақтандыру, егер ауытқулар болса тақырыпты өзгерту немесе қосымша материалдар, көрнекіліктер пайдалану, ойын іс-әрекете аудару, балалардың ынта-ықыласын, қызығушылығын қадағалап отыру.
6.Тыңдаушының зейінін қойғанын оның тәрбиешінің сөзіне, берілген тапсырманы мұқият зер сала қарауынан байқауға болады.
7.Сабақты дәл уақытында бастау, уақытты үнемдей білу, ұзақ уақыт тәрбиелік айту керек емес.
9.Сабақтың өткізілуі қарқынды болуы, бірақ оқу-тәрбие мазмұнын балалар толық меңгеруіне жағдай жасалуы шарт.
10.Балалардың жауабын мақұлдап, қоштап отыру қажет.
8.Балаларға қойылған талап міндетті түрде жүзеге асырылуы керек.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
Достарыңызбен бөлісу: |