Жұмбақ:
Қолы жоқ сурет салады
Тісі жоқ тістеп алады.
Бұл не?
(Тақтаға суреті ілінеді)
Тақтада суреттер : «Артығын тап?»
Т: Неге қияр артық?
(Аяз суретінің жанына Қияр суреті ілінеді)
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндіргенде жылатады.
Бұл не?
(Пияз суреті ілінеді)
Логикалық ойын: «Артық сөзді тап»
Сиыр, ешкі, қой, жылқы, қоян. Қай сөз артық?
Балалар суреттерді атап, тәрбиешімен бірге қайталайды.
Т: Қандай әріп ерекше естіледі?
Я - дыбысы.
Я- дыбысы тақтаға ілініп, сипаттау жұмысы жүргізіледі.
Қандай элементтерінен құралған?
Я- хормен, жеке-жеке айтқызамын,
Я –дыбысы дауысты дыбысы деп анықталады.
Я- дыбысының тағы бір ерекшелігін байқату:
Я айтқан кезіңде екі дыбыс естіледі, әріп - бір, ал дыбыс –екі, бұлар - Й-А (қысқа й және А дыбыстары).
Я- таңбасын жазу жұмысы жургізіледі. ( тақтада, дәптерімен )
Аю сөзінде бізге таныс емес қандай дыбыс ? (ю)
Ю дыбысын хормен айтып, ауыз қуысынан шыққан дыбыс кедергіге ұшыраған жоқ ендеше дауысты дыбыс екенін ажыратқызу.
«Аю» туралы көркем әдебиет сабағында жаттаған тақпағын айтқызу.
Бұл әріптің ерекшелігі я дыбысы сияқты қосарлы дыбыс естіледі Ю=й+у. Бірақ жазғанда бір ғана әріп жазылатынын ескертіледі.
Сергіту сәті:
1.Ұзын құлақ сұр қоян.
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып секірді.
2. Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Буын-ұйқас :
Ян-ян қорқақ .... -Қоян.
Яз-яз ащы ....- Пияз.
Яр-яр дәмді ... -Қияр.
Ю-ю-ю-
мен оямын ою
Ю-ю-ю-
қорбаңдайды аю.
Дәптермен жұмыс: Я, Ю әріптерінің жазылуын меңгеру
|