Жарық орта мектебі
Ашық сабақ
Өткізген:Технология пәнінің
мұғалімі Аукешева С.Т.
2010-2011 оқу жылы
Әшекейлі ағаш беттеріне өң беру және күйдіру әдістері
Мақсаты:а)білімділігі:Оқушыларды электр күйдіргішінің
құрлысымен таныстырып,қолдану тәсілін үйрету.
ә)дамытушылығы:Оқушылардың қолданбалы
қолөнер бұйымдарын күйдіріп әшекейлеудегі
икемділігін арттыру.
б)тәрбиелігі:Оқушылардың өнерде,шеберлікке
деген ынта-қабілетін арттырып өздігінен сапалы
бұйым жасауға,әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақтың әдісі:алған білімін практикада қалыптастыру.
Көрнекіліктер:ертегі кейіпкерлері бейнеленген суреттер, дайын тақтайша, үлгілер.
Құрал-жабдықтар:күйдіргіш аппарат,ағаш тақтайша,лак
және щетка.
Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері,тарих,әдебиет.
Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгендеу,белгілеу,кезекшілерді анықтау)
ІІ.Өткен сабақты еске түсіру
1.Ағаш бөлшектерін шегемен құрастыру
1.1Ағаш ұсталығында кеңінен қолданылатын шеге түрлері
1.2Шегені қандай ылғал немесе кепкен ағашқа қаққан жөн
1.3Қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты ағаштарға
қандай шеге қағылады
2. Ағаш бөлшектерін бұрама шегемен құрастыру
2.1Қандай шегені бұрама шеге дейді
2.2Бұрама шеге қай жерде пайдаланылады
2.3Біздің еліміздің өнеркәсібінде қандай өлшемде бұрама шегелер шығарылады
3. Ағаш бөлшектерін желіммен құрастыру
3.1Желім түрлерін атаңдар
3.2Жақсы ағаш желімін қалай анықтаймыз
3.3Ағашты желімдегенде бөлменің температурасы қанша градус болуы керек
ІІІ.Жаңа сабақ.
Ағашты күйдіріп әрлендіруді пирография деп атайды. Күйдіруге арналған аппараттар жетілдірілменген кезде, бензинді қолдана отырып,соның көмегімен платина ине қыздырылатын.Иненің қыздырылуын бәсеңдетпеу үшін шебер бензинді ауық-ауық аяқ басқышпен үрлеп тұруға мәжбүр болды.Алайда техникалық қиындықтарға қарамастан,пираграфия дамуын жалғастыра берді.
Электр күйдіргішті ойлап тапқаннан кейін пирография ағашты көркемдеп өңдеудің ең қарапайым әрі ыңғайлы әдісіне айналды.Оны сондай-ақ былғары,сүйек,қатырма қағаз т.б материалдарды өңдеуге қолданады.
Қарапайым электр күйдіргіш бәсеңдегіш трансформатордан, реостаттан,тұтқадан және штифт деп аталатын ауыспалы қыздыру жібінен тұрады.
Күйдіруге жұмсақ жапырақты ағаштарды-көк терек,жөке, қандыағаш,теректі қолдану тиімді.Терең және күйдіру үшін балқып қызған штифтті сәл ғана тигізудің өзі жеткілікті. Штифт өте қатты қызарған кезде ағаш жана бастайды,оған жол беруге болмайды.Ал штифт өте баяу қызса,оны ағаш бетіне біршама күш жұмсап басуға тура келеді.
Ағашқа күйдіріп сурет салғанда көз тез қарығады,сондықтан 15-20 минут сайын үзіліс жасап отыру қажет.
Күйдірілген суретті бояуға болады.Ол үшін акварель,гуашь, майлы бояулар,тушь қолданылады.
ІV.Ағашты күйдіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
1.Қосылған аппаратты қараусыз қалдыруға болмайды.
2.Штифттерді аппарат тоқтан ажыратылғаннан кейін ғана
ауыстыру керек.
3.Қызып тұрған штифтерді қолмен ұстап көруге болмайды.
4.Тоқтың үзілген жері немесе ашық жері кездессе дереу
мұғалімге хабарлау керек.
5.Жұмысты жақсы желдетілген жерде істеу керек.
V.Ертегілер әлеміне саяхат.
Әр топ алдын-ала дайындалған ертегілердің біреуін таңдап алып оған сипаттама беріп,алынған суретті ағаш бетіне түсіреді.
VІ.Сарамандық жұмыс
Алынған сурет бойынша ағашты күйдіріп өрнектеу.
VІІ.Жаңа сабақты бекіту
Тест
1.Ағашты күйдіріп өрнектеуді не деп атаймыз?
а)пиротехника
б)пирография
в)гравюра
2.Күйдіріп өңдеу барысында неше минут сайын үзіліс жасау
керек?
а)20-25 минут
б)15-20 минут
в)15-25 минут
3.Күйдіріп өңдеуге қандай ағаш түрлерін пайдаланады?
а)қарағай,ұшқат
б)самырсын,қайың
в)жөке,терек,қандыағаш.
4.Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабы мындай бөліктерден тұрады:
а)трансформатор
б)электр сұқпа
в)күйдіргіштің тұтқасы,электр сұқпа,трансформатор.
5.Күйдіріп өңдеу кезінде негізгі жұмысты аппараттың қай бөлігі атқарады
а)күйдіргіштің тұтқасы
б)штифт
в)электр сұқпа
VІІІ.Сабақты қортындылау,бағалау
ХІ.Үйге тапсырма
Х.Жұмыс орнын жинау
Достарыңызбен бөлісу: |