Шығанбаева Лайла 4-күн. Бағалауға арналған тапсырма. 1-тапсырма. Негізгі мектептің типтік оқу бағдарламасын (7-9) қолдана отырып, ОМ таңдаңыз және Google Earth бағдарламасының мүмкіндіктерін (географиялық карталар, Литосфера, Гидросфера, Атмосфера) қолдана отырып, тапсырманы жасаңыз.
7.3.1.1. Литосфераның құрылысы мен заттық құрамын анықтайды
Сабақтың тақырыбы
Литосфераның құрылысы мен заттық құрамы
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: Литосфера ұғымы мен танысады, литосфераның құрылысы мен заттық құрамы арасындағы байланысты түсінеді. · Оқушылардың басым бөлігі: Жер қыртысының сызбасы арқылы құрылысын және жер қыртысының қалай қалыптасқанын біледі. · Кейбір оқушылар: Жер қыртысының құрамы, зерттелуі жөнінде талдайды, салыстырады.
Бағалау критерийлері:
1. Литосфераның құрылысы неден тұратынын біледі, түсінеді 2. Заттық құрамын анықтайды, талдайды.
Тапсырма
Жаңа сабақ: «Ұжымдық әңгіме» әдісі. Топтық жұмыс
Оқулық 53 - 55 беттер
І топ: Жердің сыртқы құрылысы қандай?
ІІ топ: жердің ішкі құрылысы қандай?
ІІІ топ: жер қыртысының қандай түрлері бар?
Дескриптор:
1. Жердің сыртқы қабаттарын атмосфера, гидросфера және биосфераны талдайды, сипаттайды.
2. Жер шарының ішкі құрылысының түрлерін анықтап түсіндіреді.
3. Материктер мен мұхиттарға сипат береді, тау жыныстарының құрамын анықтайды.
2-тапсырма.7.1.1.3 Географиялық ақпарат көздерімен жұмыс істейді: карталар, суреттер, мәтіндер, фотосуреттер, графикалық материалдар ОМ пайдаланып,2ГИС картографиялық сервисінде бейнеленген Нұр-сұлтан қаласының картасын пайдалана отырып, 7 сыныпқа арналған шағын тапсырмалар құрастырыңыз https://2gis.kz/nur_sultan
Тақырыбы: Географиялық дерек көздері
7.1.1.3 -географиялық дереккөздермен жұмыс істейді: карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар
Дерек көздердің түрлеріне мысал ретінде көрсетілген сурет тер мен дереккөз атауларын сәйкестендір.
Дерек көздердің түрлері
Диаграмма
2 ГИС
Фотосурет
3-тапсырма. "График пен мәтін – біртұтас" деген үшінші визуализация ережесін және 4.3 ресурсты ескере отырып, графикке мәтін жасаңыз. Графикке аңдатпа. "Демографиялық жарылыс" тақырыбын зерделеу кезінде екі ғалымның қарама-қайшылығын байқауға болады, егер Хауб ешқандай жарылыс жоқ деп мәлімдесе, мәселе ресурстарға қол жетімділіктің теңсіздігінде және қазір бүкіл әлемде өмір сүретін халықтың тек 6,5% Жер бетінде тұрады. Өз кезегінде Щербов жоғары ұрықтылық барлығына кінә екенін айтады, тіпті планетаның әрбір әйелінде тек екі бала болса да, ықтималдығы 70% аз болса да, 2200 жылы Жер бетінде 11,5 миллиард адам өмір сүреді деп мәлімдейді.
Демографиялық көрсеткіштер. 1804 жылы халық саны 1 млрд-қа жетті. 1927 жылы 2 млрд—қа жетті, 1959 жылы 3 млрд, 1974 жылы 4 млрд, 1987 жылы 5 млрд, 1998 жылы 6 млрд, 2011 жылы 7 млрд, 2050 жылдары 9,4 млрд жетеді деген болжам бар. Қазіргі халық саны 6,5 % құрайды. Жер шары халқы алғашында өте баяу өскен. Мұны адамның табиғат апаттарына тәуелділігімен , жиі болған соғыстармен және жұқпалы аурулардың кең таралуымен түсіндіруге болады. Мысалы, XIV ғасырда Еуропаны жайлаған оба дертінен халықтың шамамен 20%-ға жуығы қырылған. Өндірістің жетілуі, адамдардың тұрмыс жағдайының жақсаруы және медицинаның алға басуы нәтижесінде дүниежүзі халқы жылдам қарқынмен өсе бастады.