Сабақ саны: лекция, семинар, лаборатор. СӨЗ, обсөЖ



бет3/5
Дата10.11.2016
өлшемі0,86 Mb.
#1454
1   2   3   4   5

IV


Мұхаммед – исламның негізін қалаушы, Аллаһтың емшісі Мұхаммед Пайғамбар біздің жыл санауымыздың 570 жылы дүниеге келген. Мұхаммед 40 жасқа келгенде діни ойларға шомыла бастады, оның ішкі күш қуаты шарықтау шегіне жетті. Оны қандайда бір көріністер дауыстар баулап алды. Мекке жанындағы Хира тау үңгірінде ол өз діни нанымымен жете қалатын. Ол онда періштені көрді (Жабрайл) Періште оған Алла әмірін жеткізуді сұрады.

Мұхаммед пайғамбар, Алла емшісі ретінде алғашқыда оның жақын туысқандары, кейінен меккелік атақты саудагер Абу- Бакір, кейін Осмен, тальха ж. б.б. мойындады. Мұхаммед жолын ұстанушылар алғашқыда елу шақты болған, олар жергілікті мекке қоғамымен, әсіресе “құрайым ” тайпасынан көп қарсылықтар көрді. Олар 622 жылы меккені тастап Ясриб қаласына көшуге мәжбүр болды. Ясриб қаласы кейіннен медина (пайғамбар қаласын ) деп аталды.

Мединада 53 жасар мұхаммед – пайғамбар мәртебесін ресми алып, мұсылман әдеп – ғұрып, заңдарын үйрете бастады. Мұхаммедтің жолын қууышылар, оның жанына бірігіп умма атты қоғам құрды. Бұл қоғамның мәні енді қоғамға мүше болушылар туыстық белгілері бойынша емес, исламға мүшелігіне байланысты жүргізілді. Уммаға кез келген исламды мойындаған адам мүше болуға мүмкіндік болады. Көп ұзамай мединелік пұтқа табынушылар ислам дінін мойындайды.

Хижраның 2- ші жылы мұхаммед мұсылмандарға иерусалимға қарап (намаз) емес, ал меккеге қарап, яғни меккелік кааба қарап намаз оқуды бұйырды. Нәтижеде құбыла өзгерді.

Хижраның 626 жылы меккеліктер мен мединеліктердің күштері тең болды, тараптар келіссөзге мәжбүр болды. Дәл осы тұста Мұхаммед пайғамбардың дипломатиялық қабілеті көрінді. Худайбли жерінде қол қойылған жазбаша келісім шартқа сәкес: меккеліктер мединалық мұсылмандарды кабаға жіберуге міндеттеледі және осы уақытта (3 күн) меккеліктер қолда болмауға уәде берді. Ал өз кезегінде мединеліктер меккеліктердің керуендеріне тиіспейтін болды.

630 жылы мекке соғыссыз мединеліктерге берілді. Мұхаммед меккені жаңа – ислам дінінің орталығына айналдырды. Каабада ашық тұрде пұттар мен пайсимволдар жойылды және баба хан соларын орындау мұсылмандардың бас парызының біріне айналды.

631 жылы, яғни хажраның 9 жылды тарихшылар “елшілік жылы” деп атады. Меккеліктердің билігінде болған Бедуин тайпасы Мұхаммед пайғамбарға өзерінің дінге кіретіні жайлы елшілер жіберді.

Хажыраның 10 жылы Мұхаммед өзінің отбасымен бірге меккеге ұлы хатшы сапарын жасады. Бұл хаж тарихта “аль – хаж альакбар” деген атпен енді. Осы хаждан соң 3 айдан кейін пайғамбар дүниеден өтті.


Әдебиеттер:


  1. М.А.Сарсенбаева “Мұсылманское право” А.1999г.

  2. В.Г.Графский “Всеобщая история право и государства” М. 2000г.

  3. Соңғы пайғамбар хазирет мұхаммедтің өмірбаяны қазақшаға аударған Сәуле Дағайқызы. Антера 1997ж.

Тақырып: 2


Ислам құқығы мен ислам діні

Жоспар:


  1. Мұхаммед пайғамбар, оның өмірі және оның қоғамдағы алар орны.

  2. Араб халифатының құрылуы мен ислам дінінің етек жауы.

  3. Алғашқы мұсылмандар, олардың меккеге қайта оралуы.

  4. Мұсылман жыл санауының бастауы.

  5. Мекке қаласының құқықтық статусы.

Күллі мадақ пен мақтау жеті қабат әлемді жоқтан жаратқан әуелі мен ақыры болмаған Ұлы Жаратушы Жаппар Ие Аллаһ Тағала тән. Оның адамзатты қараңғы қапастан құтқарып, мәңгілік бахыттылаққа жеткізу үшін, рахым етіп жіберген адамзаттың ардақ тұттар тұлғасы, мұсылмандардың көзінің нұры, жаратылыстың гүлзары, екі жаққаның асыл тәжі, ақырғы пайғамбары – Хазіретті Мұхаммедке сәлем жолдап салауат айтамыз.

Аллаһ Тағаланың шарапатымен еліміз Қазақстан тәуелсіздігін алып, Егеменді ел болғалы дінімізде бостандық көгінде самғай ұшып, нұр шуақты көктемде қайта оралды.

Мына дүниедегі ең үлкен оқиға - пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) дүниеге келуі оқиғасы екені даусыз.

Хазіреті Мұхамеммедке (с.а.у.) Аллаһ тарапынан елшілік міндеті жүктелгенде оны басқа пайғамбарлар сияқты белгілі бір топпен ғана шектемеген. Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) күллі жаратылыстың пайғамбары ретінде жіберілген. Сондықтан да Ол дүние есігін ашқанда әлемде қилы-қилы құбылыстардың болуы заңды. Санасының саңылауы барлар мұнан ғибрат алып, ойланса керек-ті

А) Сол түні ерекше бір жұлдыз туды

Яһудилер арасында ғалымдар көп болатын. Олар Алаһтың берген ілімімен қаруланып, небір нәрселерді алдын ала болжап қоятын. Жұлдыздарға қарап бал ашуда деп алдарына жан салмайтын. Соңғы пайғамбардың келетіні жөніндегі мағлұматтарды да көктен түскен кітаптарынан оқып білген-ді. Оның ерекше белгілері де соларға мәлім, тек бір ғана беймәлім дүние – ақырзаман пайғамбарының қашан туылатындығы.

Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) туылған сәттегі табиғат құбылыстарын, аспандағы ерекше жұлдыздың пайда болуын яьудилер көрмей қалған жоқ, әрине.

Мәшһүр шайыр Хассан ибн Сабит бұл жайтты былайша түсіндіреді:

«Мен 7-8 асар бала едім ол кезде. Бірде таң ертемен «Ей, яһудилер!» -деген дауыстан шошып ояндым. Айғайдың қатты шыққандығы соншалық, ел-жұрт төсектен тұрған бойы әлгі айқайшының маңына жиналып қалды.

«Бүгін түнде ахмедтің жұлдызы туды яғни ол өткен түнде өмірге келді» - деді ол көпшілікке барлай қараған күйі. Жиналғандар дабырласып кетті».

Ибн Саадтан жеткен мәлімет төмендегіше сыр шертеді.

«Меккеде бір яһуди тұратын. Аллаһтың соңғы елшісі туылған күннің ертеңіне құрайыштықтарды жинап «Бүгін руларыңда ұл бала дүниеге келді ме?» - деп сұрады. Құрайыштықтар бір-біріне қарасты, сонан соң:

«Білмейміз, естіген жоқпыз» -деді бәрі бірауыздан.

Олай болса барып сұрастырыңдар, бұл үмметтің пайғамбары бүгін түнде дүниеге келді. Арқасында ерекше белгісі бар», -деі яһуди. Құрайыштар сұрастыра келіп көрген-білгендерін әлгі яһудиге жеткізді.

«Өткен түнде Әбдімүтәліптің марқұм ұлы Абдуллаһтың жесірі Әмина босаныпты. Баланың арқасында белгісі бар екен».

Яһуди мұны ести сала жаңа туылған шарананы барып көрді. Көрді де есінен айырылған адамша отырған жерінде жар салды:

«Пайғамбарлық Исрайыл әулетінен кетті, Құрайыштарға жетті. Құрайыштың даңқы асып, Батыс пен Шығысты жайлайтыны рас болды».

Осы шақта көкжүзіндегі самсаған жұлдыздар ардақты Аллаһ елшісінің келгеніне масаттанып тұрды.

Әдебиеттер:


  1. М.А.Сарсенбаева “Мұсылманское право” А.1999г.

  2. В.Г.Графский “Всеобщая история право и государства” М. 2000г.

  3. Соңғы пайғамбар хазирет мұхаммедтің өмірбаяны қазақшаға аударған Сәуле Дағайқызы. Антера 1997ж.

  4. Грефскии “Всеобщая история права и государство” Москва 2000 г.

  5. М.А. Сарсенбаев “Мусульманское право и государства” Москва 2000

  6. “Краткии политическии словарь” Колич. Авторов Абаренков В.П. и.др Москва 1988

  7. “Междунородное право” Общая часть М.А. Сарсенбаев Алматы 1999 ж.

  8. “Ислам дінінің негіздері” Ауд С. Дағайқызы Анкара 1998

  9. Дамира Өмірзаққызы Адамзаттың асыл тәжі. Алматы 2003 ж.


Тақырып: 3


Мұсылман құқығы теория негіздері.

Жоспар:


  1. Мұсылман құқығы теориясының негізі, түсінігі.

  2. Кәлем және дәнке ілімдерінің түсінігі мен олардың бөлімдері.

  3. Мұсылман құқығының X-ғасырға дейінгі дамуының ерекшеліктері.

  4. Мұсылман құқығындағы модернизация және кодификациялық жұмыстар.

Мұсылмандық құқықтану ілімінің өзі бастауын жалғыз ғана құраннан алып, бүкіл қағида ережелерін, сондай-ақ оларға деген қосымшаларын тағы да сол құранға сүйеніп таратады.

Шариатты – жол бастау, даярлау, ол оның қағидаларын ахкам шешім, ереже, заң, бұйрық т.б. деп атайды. Шариат исламның негізгі заңдылықтарына сүйеніп, оны құлпырта түсетін заңдар жиынтығы. Шариат ілімі кәләм және фикт ілімдері болып 2-ге бөлінеді.

Кәләм-сенім хақындағы догмалық ілім. Ол дін негіздерін анықтап дәлелдеп көрсететін қағидалар мен ережелерден тұрады.

Кәләм ілім - Алла болмасын танып бөлуден басқа 4-бөлікке бөлінеді.


    1. Таухид-Алланың бірлігі.

    2. Адалат - Алланың (адалдығы) әділдігі;

    3. Набууат – пайғамбарлық.

    4. Шиад - өліп тірілу және шын өмір.

Шиитер бесінші етіп – имаят, яғни исламдардың мирасты болуын қосады.

Фикһ – түсінік, білім, ғылым, кейіннен құқықтану – мұсылмандардың азаматтық тұрмыс-тіршілігіне қатысты қағида – ережелері.

Таухид (Алланың бірлігі) – бұл исламның бірінші догмасы, яғни «Лә илаһи илла Алла» (Алладан өзге тәңір жоқ) деген сөз мұсылмандықтың бірден – бір белгісі т.б. Ислам діні бойынша бұл сөйлемді тілімен айтып, жүрегіне сіңірген кісі, Ислам дініне кірген болып саналады. Бұл сенімді: Иман, ал сенушіні: Мүмін деп атады. Негізінен мүмін мен мұсылман бір ұғымда айтылды.

Набууат (пайғамбарлық) – Ислам діні б/е

Адам Атадан Мұхаммед пайғамбарға дейінгі аралықта адамзат баласына 124000 пайғамбар жіберіліпті. Олардың ішінде ең соңғысы мұхаммет пайғамбар саналады. Х-ғасырға дейін шариаттың дамуы Құран мен Суннаны талқылауы арқылы ол талқылауды мұсылман заңгерлерін «муджтахид», «муфти» деп атады. Олардың көпшілігі құран мен 1000 деген хадистерді жатқа білген.

Муджтахид (-зерттеушісі, ғылым), - ол шариғаттың негізгі мәселелерінен өз бетінше шешім қабылдауға құқылы. Сонымен қатар Мұджтахид араб тілін, Құран мен оның түсіндірмелерін және кем дегенде 3000 хадисті түсіндірмелерімен мүдірмей жатқа айтуы тиіс.

Муфти (пәтуә - беруші) – шариғаттың негізгі шарттарына сүйене отырып, даулы пікірлерді шешіп пәтуәға келтіріп, шариғаттың өзегті ережелеріне түсінік беретін, шариғат белгілері

Муджтехидтер ислам дінінде қалыптасып қалған жағдайларда өз қалпында аятауға, және оған барынша құрметпен қарауға тырысты. Сонымен қатар жаңа қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында тәртіп ережелер мен нормаларды қалыптастырды.

Айта- кететін жәйт осы тұстарда шариат құрамына (ру-тайпалық) исламға қайшы емес ру – тайпалық салт – дәстүрлерде енді.
Х – ғасырда МҚ жүйелеудің кодификациялық жұмыстары жүргізілді. Кейбір болжамдар бойынша қарсы қылынған іс-әрекет. Бұл дәстүрлі шариаттың дамуын тоқтатты. Осыдан кейін МҚ-ға негізінде VІІ-Х ғ-ғы қалыптасқан нормалар мен қағидалар түсіндіріледі.
Шариаттың кейбір институттары 1869-1876 жылдары кодификацияланды . Маджалдар ұсынған Осман империясының азаматтық кодексі Туркияда – 1953 жылға дейін, Иорданияда – 1976 жылға дейін пайдаланып (қолданылып) келді.
Азаматтық, қылмыстық іс жүргізу кодексіне (192-араб мемлекеттерімен қабылданған) өзіне МҚ-да Европпа ҚҚ-әсерін тигізеді.

ХІ-ғасырдың орта тұсынан бастап МҚ-да екінші бір бағыт пайда болуы себепті, ол сунниттер және шмиттер болып екіге бөлінеді. Бұл екі бағыттардың өз мектептері бар: шмиттарде 20-дан астам, ал сунниттерде төртеу (маликиттер,хақифиттер, шаяиттер, және ханбалиттер); Қазіргі таңда МҚ-ға көптеген шмиттерде қолданылады, сондай-ақ 1-млярттан астам адам ислам дінін тұтынады. Көптеген елдер өз атауларында ресми түрде исла мемлекеті деген атау алған. Мысалы: Пакистан ,Иран ислам республикасы (ИР).

Бір қатар елдерде Конституциясында (Сирия-1973, Пакистан –1973, Ирак – 1979) шариатты заң шығармашылықтың қайнар көзі деп жарияланған.

- Ислам құқығы мұсылман заңгерлерінің пікірі бойынша өзінің қайнар көздері мен негізгі нормаларына сай құдай (шыл) деп атайды. Оның күші мемлекеттік билікте емес, (Алланың) қайнар көзі Алланың әмірінде. Аллаһ жаратқан нормалар адамдарға, оның пайғамбары арқылы жеткізіледі.

Бұл нормалар Құраннан көрініс тапты.

-Сонымен қатар барлық нормаларды да Аллаһ тарапынан деп айтуға болмайды, ол адамдар тарапынан да қабылдануы мүмкін.Мысалы: Мемлекеттің Парламентімен. Бірақ парламент барлық актілерді қабылдай алмайды. Ол тек қана Құран мен суннаға негізделеді. Құранның және суннаның негізгі нормаларын адамдар өзгерте алмайды. Сондай-ақ Құран кез келген Конституциядан жоғары сатыда тұрады. Құранда заңи мәні бар аяттар аз қамтылғанмен, оның мазмұны кең болып есептеледі. Мысалы Құранда кездесетін закат инстуты ауқатты адамдардың мүлігінен мұқтаж адамдарға алынатын мүлік салығы болып есептелмейді.

Егер мәселеге байланысты шешім шығаруда Құран мен Суннадан жауап таппаса, адамдардың өздері Құран мен Сунна аясында шешім шығаруға болады. Бұл Мұсылман құқығында жаңа бастаулардың пайда болуына себептер болды. Осындайлардың бірі муфти – пәтуәсі деп аталады.

Мұсылман құқығының нормалары қоғам өзгерісіне байланысты икемделе алады. ХІХ-ғасырда капиталисттік қатынастың енуіне байланысты мұсылман мемлекеттері жаңа азаматық, қылмыстық және әрекет дін басылар тарапынан сынға ұшырады.


Әдебиеттер.


  1. М.А.Сарсенбаева “Мұсылманское право” А.1999г.

  2. В.Г.Графский “Всеобщая история право и государства” М. 2000г.

  3. Соңғы пайғамбар хазирет мұхаммедтің өмірбаяны қазақшаға аударған Сәуле Дағайқызы. Антера 1997ж.

  4. Грефскии “Всеобщая история права и государство” Москва 2000 г.

  5. М.А. Сарсенбаев “Мусульманское право и государства” Москва 2000

  6. “Краткии политическии словарь” Колич. Авторов Абаренков В.П. и.др Москва 1988

  7. “Междунородное право” Общая часть М.А. Сарсенбаев Алматы 1999 ж.

8. “Ислам дінінің негіздері” Ауд С. Дағайқызы Анкара 1998

Тақырып:4

Мұсылман құқығының тарихы.



Жоспар:


  1. Мұсылман құқығының тарихы.

  2. Мұхамед пайғамбардан кейінгі, оның жолын жалғастырушы халифтер және ислам дінінің таралу аясы.

  3. Мұхаммед пайғамбар қайтыс болған соң, жоғары билік мәселелеріне байланысты туындаған проблемалар.

  4. Ислам дініндегі жаңа адамдардың пайда болу себептері.

  5. Ислам дініндегі “дхимма” терминінің түсінігі мен оның формалары.

-1-


Мұсылман құқығының қайнар көздері тікелей мұхаммет пайғамбармен тығыз байланысты, сондай – ақ ол исламды бүкіл аравияға таратып үлгерді. Мұхаммедтен кейін оның жұмысын халифтер (ізбасарлар жүргізді.) Олардың алғашқы төртеуі (Абу- Бакр, Омар, Осман және Али) Мұсылмандар арасында ерекше силы болды. Себебі олар Арабиядан тыс жерлерге таралуын қамтамасыз ете алды. Ол Солтүстік Африка, Сирия, Серак, Палестина, Иран, Орта Азия территорияларын қамтыды.

Х - ғ қалыптасқан дін ілімі жүйесі (Аль- Амари) және алахтың жаңа талқылаушыларын “Мұсылман заңдастыру құқығы” деп түсіндірілді. Филптың төмендегі “талқылаушылары” қалыптасты.

а) Сунниттерде: Шафиит, Ханафит, Ханбалит, Меликит;

ә) Шииттерде: Джафарит;

Фикһ (“терең түсінік, білім”) – мұсылманшылық тәртіп (юриспруденция), мұсылманшылық әлеуметтік құқық жөніндегі ілім.

Жалпы Филһ ілімі ислам пайда болғанда да, мұсылман мемлекеті – Халифат құрылған кезде де бірден пайда болған жоқ.

82 1-ші жартысынан бастап Халифттың әлеуметтік заң жүйесі шариғатқа негізделмей, ислам пайда болғанға дейін жүзеге асырылып келген дәстүрлі құқықтарға негізделді. Ислам діні таралған жерлердің бәрінде де бұрынғы тәртіпке көп өзгеріс енгізе қоймады. Тек жаңа дінің негізгі қағидаларына қарсы шықпау ғана шері болды.
Мұхаммед Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін “жоғарғы билік мәселесі” ең негізгі саяси және құқық қорғаушылық проблемаларға айнала бастады. Мұсылмандар арасында “кім халиф болу керек”деген мәселе бойынша көп бәсеке болды. Халиф Осман (үшінші рет б

ойынша), оны лайықсыз деп санаған көтерісшілер қолынан қаза тапты. Халиф Али көп мұсылмандар жағынан қолдау таппады. Халиф Али Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатимаға үйленіп, оған туыс болып келетін.

Халиф Османның туыстары Алиға қарсы шықты. Халиф Алиді қолдаушылар, оны Мұхаммед пайғамбардың туысы болғандықтан, ол ерекше билікте болуы қажет деп есептеді. Оседан келіп Али және Алишер ғана имамдар ( қоғам басшылары), сондай-ақ саяси жетекшілер ( мемлекет басшылары) болуы тиіс деген логикалық ой қалыптасады. Осы жерден бастап шиизм (“аш - има” сөзінен шыққан “жақтаушылар”) ағымы пайда болды.

Али Османның туысқандары – Омеиолар (шыққан руы) мен күрес процесінде жаңа бір бағыт “Харид – жиизм ” ағымы пайда болды. Олардың пікірі бойынша, егер мұсылман қауымы қолдасы (маядлдаса ) халифа етіп кез келген мұсылман сайлана алады. Омейялар шейттерге де, хариджииттерге де қарсы соғысты.

Келесі өте көп тарқалған ағымдардың бәрі суннизм. Бұл ағымды қолдаушылар пайғамбар Мұхамметтің өсиеттерін толық орындаушылар болып саналады. Сол себептенде олар шииттерден гөрі өздерін толық дұрыс жолдауымыз деп есептеді. Шиизмнен Сунизімнің айырмашылығы олар билік мәселесінде пайғамбардың туыстарының ерекше құқықтарын мойындамайды. Орта ғасырдағы басты мұсылман динястиялары- Аббаситтер , Сельджуптар, Айжюбиттар, Мемлюптер исламның сунне ағымын қолдаған.

Мұхаммед ислам қала-мемлекеті Мединяның жарғысын жасап шығарды. Жарғы бойынша еврейлер мұсылмандар сияқты өздерін ерікті түрде иеленіп, пайдалана алады. Мұсылмандар арасында соғыс болуы мүмкін емес.


Әдебиеттер:
1. “Мұсылманское право” М.А.Сарсенбаева А.1999г.

  1. “Всеобиь история и право” Орафелий М. 2000г

  2. “Краткии политическии словарь” Колич. Авторов Абаренков В.П. и.др Москва 1988

  3. “Междунородное право” Общая часть М.А. Сарсенбаев Алматы 1999 ж.

  4. “Ислам дінінің негіздері” Ауд С. Дағайқызы Анкара 1998


Тақырып: 5

Мұсылман құқығының жүйесі.

Жоспар:


  1. Шариат және оның элементтері

  2. Мұсылман құқығы жүйесінің бөлімдері.

  3. Мұсылман құқығы жүйелерінің қалыптасуы.

  4. “Сийар” терминінің қалыптасуы мен мағынасы

Жалпы алғанда Шариат ілімі кәләм мен фикһ ілімдері болып екіге бөлінеді.

Кәләм – сенім жайындағы догмалыз және үлгі боларлық ілім, ол дін негіздерін анықтап, дәлелдеп көрсететін қағидалар мен ережелерден тұрады.

Фикһ – (түсінік, білім, ғылым) – мұсылмандардың азаматтық тұрмыс тіршілігіне қатысты қағида ережелер

Фикһ іліміне мынадай 4-бөлік қосылады


  1. Ғабидат – сенім, дін жайлы практикалық түрдегі ілім. (Намаз, ораза, қажылық, сияқты т.б.)

  2. Ақудат – негізінен азаматтық істерге қатысты қағида ережелерді, міндеттемелермен оның шарттарын тағы басқаларды қамтиды. Бұл жерде екі жақтың өзара келісімі талап етіледі.

  3. Айқаат – негізінен азаматтық істерге қатысты қағида ережелердің ішіндегі істермен келісімдерді екі жақтың келісімінсіз бір ақ адам шешетіндей әрекеттерді қамтиды.

  4. Ахкам – азаматтық тұрмыс тіршілікті бүкіл мұсылман әлеміне қатысты әрі оны орындайды талап ететін қағида – ережелер. Олар: тағам мен ас, аң аулау, куәлік беру, қылмыс жайлы заңдар, жазалар, міндеттер, құн төлеу т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет