Сабақ сапасы ұстаз білігінде



Дата26.08.2017
өлшемі96,59 Kb.
#28118
түріСабақ
Сабақ сапасы - ұстаз білігінде
Зылгарина Злиха Бегаевна

математика пәні мұғалімі

директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

9 орта мектебі Степногорск қаласы



Қазіргі заман талабына сай білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғарғы деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі. Осы орайда оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, білім сапасын артырумен қатар ақыл- ой шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру үшін жеке пәндерді түсіндіру оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін іздестіру қазіргі білім беру саласының алдыңғы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Сондықтан білім беру саласының алдына қойылған осы мақсаттарды іске асыруды бірінші кезекте мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын арттыруға келіп тірелетіні мәлім. Ал оқушылардың математикалық мәдениеттілігі тек берілген білімге ғана емес оның деңгейін анықтау критерийіне тексеру құралы емес, тәсіліне де тәуелді. Қазіргі уақытта еліміздің барлық ғылым мен білім саласында қайта құру яғни технологияландыру, жаңа үрдістерге көшу үдерісі жүріп жатыр. Оқушыларға сапалы білім беруде осындай қажеттілікті керек етуде. Мұғалімнің негізгі мақсаты - математикалық ойлауды қалыптастыру арқылы оқушының өздігінен оқытуға үйрету, ол үшін оқушылар білім негіздерін мұғалімнің басшылығымен іздестіре отырып, өздері жаңадан ашу керек. Оқу үдерісі осылай ұйымдастырылған жағдайда оқушылардың ойлау қабілеті кеңейіп, сабаққа ынтасы артады.

Көрнекті педагог В.А.Сухомлинскийдің "Егер мен тек сабақ беруші ғана болсам, педагогтік деңгейге көтеріле алмас едім, шәкірттерімнің жүрегі мен үшін қақпасын мәңгі ашпас тас қамалдай болып қала берер еді" деген сөзін өз бойымызға сіңіріп, бұл тұжырымға көп мән беруге болады. Мысалы, мектеп оқушыларының көпшілігі математика пәнін меңгеруде көптеген қиыншылықтарға ұшырайды. Қайсыбір оқушы болмасын, осы пән туралы сөз қозғасаң, оның дұрыс түсіне алмай жүргеніне, оған деген құштарлығының жоқтығына көз жеткізуге болады. Әрине, басқа пәндерге қарағанда бұл пәннің қиыншылығы да баршылық. Бірақ кез - келген пәнді жақсы меңгеру үшін оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын арттыру керек. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мұғалімнің шеберлігіне келіп тіреледі.

Жас ұрпаққа жан- жақты білім беру - әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай әдісті пайдалансақ та алға қойған мақсат біреу. Ол - оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру. Сыныптағы оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан математика сабағында әр сыныптағы оқушының жас ерекшеліктеріне қарай және білім деңгейіне сай сабақтың түрін тауып, сол тақырыптарды игеруді мақсат ету керек. Бұған оқушылардың қызығушылығын, сабақ сапасын арттырудың бір көзі - математикалық ойын элементтерін қолдау. Бұл айтып отырған мәселе оқушылардың ойлау қабілетін арттырады.

Математикалық ойындар - сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да, балаларды өзіне тартады, теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Мұның өзі мұғалім үшін өте қажет жағдай. Математикалық ойын элементтерін қолдану оқушылар арасында саналы жарыс туғызған жағдайда жүргізілуі тиіс.

Білім беру үдерісінде оқытудың инновациялық технологиялары жедел қарқынмен енгізіліп жатқан қазіргі дәуірде оқу материалын меңгеру үшін Блум ұсынған төмендегідей жүктемесін пайдалану үлкен нәтижелерге қол жеткізгендігін педагогикалық тәжірбиелер көрсетуде: танып -біліп - түсіну - анализ - синтез - қолдану - бағалау.

Білім болмаса, ойлау да болмайтындықтан, әрбір оқу пәнін меңгеру үдерісінде оқушы сол пәнге сәйкес ойлау тәсілдерін де меңгере бастайды. Танымдық - диалектикалық заңдылықтарына сүйене отырып, математикалық ұғымдарды меңгеруде, ұғымға сәйкес термин - сөздермен, символдармен, жүйелі түрде мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізу керектігін, оқушылардың математикалық ұғым мен білімдерді саналы және белсенді меңгерулерін басқару мүмкіндіктерін еске отырып, ұғымдарды қалыптастырудың төмендегі ғылыми - әдістемелік деңгейі көрсетілген.

1. Оқыту үдерісіне енгізілетін математикалақ ұғымдардың бейнелері болып табылатын жеткілікті объектілер оқушыларға көрсетіледі және олардың өмірдегі тәжірибесін есепке алып, жаңа ұғым туралы алғашқы елестетулер туғызады. Мәселен іргеліс екі көршіні бір - бірінен бір қабырға бөліп тұрады. Бұл мысал іргелес (сыбайлас) бұрыштар туралы ұғымның пайда блуына әкеледі.

2. Енгізілетін математикалық ұғымның сипаттық қасиеттерін ажырату. Бұл оқытылатын ұғымдағы заңды байланыстар мен қарым - қатынастарды анықтауға байланысты. Мұндай сипаттық қасиеттер ұғымды қалыптастыруға, оны дамытуға және қолдануға жеткілікті болу керек.

3. Математикалық ұғымның анықтамасын тұжырымдау. Мұнда жаңа ұғымның аты - жаңа термин айтылады. Ол термин оқушылар жадында сақталып қалуы үшін оқушылар көңілі жаңа терминнің мағынасына аударылады.

4. Оқушыларды жаңа еңгізілген термин және символдың тарихи - генетикалық құрылымымен таныстыру. Бұл оқу мазмұнын адамгершілікке, оқушылардың "Неге бұл ұғым осындай атпен аталады, неге басқаша аталмайды?" - деген сияқты сұрақтарына жауап берудің тәрбиелік және ғылыми мәні бар.

5. Оқытылған математикалық ұғымды жалпылау, оны оқу үдерісіндегі ұғымдарын оқып білуіне қиын болатындығы туралы оқушылар сенімін қалыптастыру.

6. Жаңа енгізілген ұғымның практикалық қолдануларын көрсету, яғни сол ұғымды практикада қолдану.

Пәннің негізін меңгеруде пән мұғалімдері өз пәнін терең білетін, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс - тәсілдерін пайдалана отырып, оқушының ойлау қабілетін арттыру, өз бетімен жұмыс істеуін шығармашылық қызметке баулуды әр түрлі деңгейде пайдалануға болады.



Оқушылардың математика пәнін игеруде қызығушылықтарын арттыру мақсатында "Жұлдызды шақ", "Бақытты кезең", "КТК", "Жарыс сабақ", "Сайыс сабақ" түрлерін жүргіземін.

Оқушыларға тиянақты білім беруде сабақты түрлендіріп өту әр мұғалімнің көп ізденуін талап етеді. Дәстүрлі емес сабақ түрлерін қызықты өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көрсетеді. Бүгінгі шәкірт- ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің "Егер балалар бірдеңе түсінбейтін болса, оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлауға тиіс", - деген қанатты өсиетімен аяқтаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет