Сабақ Сәйкестендіріңіз. Соедините жұмысқа



Дата06.06.2024
өлшемі187 Kb.
#203216
түріСабақ
Байланысты:
5ff3599ac3a62b9e499bbad2ce51af7f original.191488


XII
бөлім

Іс қағаздар
Өтініш



1-САБАҚ

1. Сәйкестендіріңіз.
Соедините.



жұмысқа

беру

жұмысқа қабылдау

жұмыстан

жағдайы

жұмыстан шығу

рұқсат

қабылдау

рұқсат ету

рұқсат

демалыс

отбасы жағдайы

отбасы

шығару

кезекті демалыс

кезекті

сұраймын

айлық жалақы

айлық

демалысы

еңбек демалысы

еңбек

аралығы

15-18 наурыз аралығы

15-18 наурыз

демалыс

өз еркіммен

өз

жалақы

босатуыңызды сұраймын

босатуыңызды

ету

бөлім бастығы

бөлім

маман

бас маман

бас

бастығы

рұқсат беру

кезектен тыс

еркіммен

кезектен тыс демалыс



2. Өзгертіңіз.
Измените.



Кім?

Кімнен?

Кімге?

Кімнің?

Кімді?

мен

менен

маған

менің

мені

сен

сенен

саған

сенің

сені

сіз

сізден

сізге

сіздің

сізді

ол

одан

оған

оның

оны



3. Тиісті сөзді жазыңыз.
Дополните.



1. Асқар кеше менен хаттың көшірмесін алды.

2. Ол кеше бөлім бастығына жұмыстан шығару туралы өтініш жазды.

3. Осы айда менің кезекті демалысым бар.

4. Ол сізден рұқсат сұрады ма?

5. Маған құжаттардың көшірмесін бере аласың ба?

6. Отбасы жағдайыма байланысты кезектен тыс демалыс алдым.

6. Олар Асқарды жұмысқа алыпты.

7. Асан басқа қалаға көшіп кетті.

8. Менің өмірбаянымды тексеріп бере аласыз ба?

9. Мен ертең бастықтан сұранамын.

10. Оның айлық жалақысы 70 мың теңге.



Есте сақтаңыз!
Запомните!





4. Белгілеңіз.
Отметьте.


Өтініш қай кезде жазылады?



мәселені шешу


іссапарға шығу




рұқсат сұрау


саяхатқа шығу




жұмысқа орналасу


оқуға қабылдану


жұмыстан шығу


айлық беру




еңбек демалысына шығу










Өтініш неге байланысты жазылады?



денсаулыққа


рұқсат сұрау


отбасы жағдайына


еңбек демалысын алуға


басқа қалаға көшуге




бала күтіміне


жұмысқа орналасу


оқуға




5. Белгілеңіз.
Отметьте


Өтінішке қажет ақпарат



лауазым


мекенжай




мерзім


байланыс телефоны




қол


отбасы туралы мәлімет




себеп


мекеме, бөлім атауы


аты-жөні


туған жылы, айы, күні




мәселе


білімі туралы ақпарат






6. Есте сақтаңыз.
Запомните.



демалыс беруіңізді сұраймын

рұқсат етуіңізді сұраймын

ОҚЫЛЫМ


7. Оқыңыз.
Прочитайте.
№ 1

Ұлттық кітапхана директоры
А.С. Саматов мырзаға
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
4-курс студенті
А.Т. Жүнісовтен
Өтініш
Дипломдық жұмыс жазуыма байланысты 2016 жылғы қыркүйектен бастап Диссертациялық зал қорын пайдалануға рұқсат етуіңізді сұраймын.
2016 жылғы «25» тамыз қолы: А.Т. Жүнісов

№2

«Қазбілім» компаниясының төрағасы
А.С. Мұратов мырзаға
Әдістеме бөлімінің бас маманы
А.Т. Сапаровтан
Өтініш
Сізден отбасы жағдайыма байланысты 2016 жылғы 14-20 қыркүйек аралығында кезектен тыс еңбек демалысын беруіңізді сұраймын.
2015 жылғы «10» қыркүйек қолы: А.Т. Сапаров



№3

«Қазбілім» компаниясының төрағасы
А.С. Мұратов мырзаға
Есеп бөлімінің бас есепшісі
М.Т. Жүнісовадан
Өтініш
Сізден денсаулығыма байланысты 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Бас есепші қызметінен босатуыңызды сұраймын.
2020 жылғы «15» маусым қолы: М.Т. Жүнісова



№4


«Қазбілім» компаниясының қаржы директоры
А.С. Айдаров мырзаға
Қаржы бөлімінің менеджері
О.Т. Сабыровтан
Өтініш
Мені басқа жұмысқа ауысуыма байланысты өз еркіммен 2021 жылғы 20 қазаннан бастап жұмыстан босатуыңызды сұраймын.
2021 жылғы «10» қыркүйек қолы: О.Т. Сабыров



8. Кестені толтырыңыз.
Заполните таблицу.
1 Өтініш



Қандай себеп?

Дипломдық жұмыс жазуыма байланысты 

Қашан?

2015 жылдғы қыркүйектен бастап

Қандай өтініш жасады?

Диссертациялық зал қорын пайдалануға рұқсат етуіңізді сұраймын.



№ 2 Өтініш

Қандай себеп?

Отбасы жағдайыма байланысты

Қашан?

2016 жылғы 14-20 қыркүйек аралығында

Қандай өтініш жасады?

Кезектен тыс еңбек демалысын беруіңізді сұраймын.

№ 3 Өтініш



Қандай себеп?

Денсаулығыма байланысты

Қашан?

2020 жылғы 20 маусымнан бастап

Қандай өтініш жасады?

Бас есепші қызметінен босатуыңызды сұраймын.

4 Өтініш



Қандай себеп?

Басқа жұмысқа ауысуыма байланысты

Қашан?

2021 жылғы 20 қазаннан бастап

Қандай өтініш жасады?

Жұмыстан босатуыңызды сұраймын.

Есте сақтаңыз!



қ>ғ= бастық- бастығы



к>г= көлік- көлігі



п>б= кітап-кітабы








9. Тиісті жалғауды жалғаңыз.
Добавьте нужные окончания.



бастығы

компаниясы




меңгерушісі

бөлімі

маманы

департаменті

жетекшісі

басқармасы

президенті

әкімдігі

-сы
-сі

директоры

министрлігі

орынбасары





фирма

фирмасының

-ы+ның
-і+нің

департамент

департаментінің

бөлім

бөлімінің

басқарма

басқармасының

әкімдік

әкімдігінің

-сы+ның
-сі+нің

министрлік

министрлігінің




бастығына

президентіне

-на
-не

меңгерушісіне

директорына

маманына

орынбасарына

жетекшісіне

менеджеріне



10. Толықтырыңыз. Дұрыс формада жазыңыз.
Дополните. Поставьте в нужной форме.



– Ол кім болып жұмыс істейді?
– Ол Қаржы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді.

бөлім
бас маман

– Тапсырыс берушіге жауапты кім жазады?
– Кадр бөлімінің менеджері жазу керек.

бөлім
менеджер

– Жұмысқа өтініштерді кім қабылдайды?
– Кадр бөлімінің бастығы қабылдау керек.

бөлім
бастық

– Ол кісінің лауазымы қандай?
– «Қазбілім» компаниясының Қаржы директоры

компания
директор

– Бұл құжатқа кім қол қояды?
– Есеп бөлімінің меңгерушісі қояды, сол кісіге бер.

бөлім
меңгеруші

– Жиналысқа кімдер қатысады?
– Бөлім мамандары мен бөлім бастығы келу керек.

мамандар
бастық



Есте сақтаңыз!
Запомните!

А.Т. Мамыров мырзаға

А.Т. Жүнісова ханымға



11. Кестені толтырыңыз.
Заполните таблицу.
Меңгерушісіне, маманнан, бастық, А.Т. Сабыровтан, ханымға, мырзаға, директор, инженерден, хатшы.



Кім?

Кімге?

Кімнен?

бастық



меңгерушісіне

маманнан

директор

ханымға

А.Т. Сабыровтан

хатшы

мырзаға

инженерден



АРТЫҚ БОЛМАС БІЛГЕНІҢ!


12. Оқыңыз.
Прочитайте.



Өтініш
1. Адамның өзге адамға білдіретін қалауы, көмек сұрауы;
2. Мемлекеттік органның, ұйымның, лауазымды тұлғаның немесе азаматтың бір мәселені шешуді өкілетті органнан не тұлғадан ресми түрде сұрауы немесе ол жөнінде ұсынысы туралы ресми құжат.
Мазмұны бойынша әр түрлі, бірақ мақсаты бір. Жұмысқа алу, жұмыстан босату, кезекті еңбек демалысы, оқуға байланысты демалыс, жалақы сақталмайтын демалыс, бала күтіміне байланысты демалыс, жеке отбасылық жағдайларға байланысты өтініш жазуға болады. Өтініш қолмен жазылады.



13. Жауап беріңіз.
Ответьте.

1. Өтініш қандай құжат? Ресми құжат.


2. Ол кімге жазылады? Өкілетті органға, тұлғаға жазылады.
3. Өтініш қандай жағдайда жазылады? Жұмысқа алу, жұмыстан босату, кезекті еңбек демалысы, жеке отбасылық және т.б. жағдайларда


Есте сақтаңыз
Запомните!


Өтініш мәтіні



Қандай себеп?

денсаулығыма байланысты, отбасы жағайыма байланысты, басқа жұмысқа ауысуыма байланысты т.б.

Қашан?

2015 жылғы 10 наурыздан бастап, 2015 жылғы 10-15 наурыз аралығына, 10 наурыздан 20 наурызға дейін

Қандай өтініш жасалады?

кезектен тыс демалыс беруіңізді, жұмыстан босатуыңызды, рұқсат етуіңізді, көмек беруіңізді, ауыстыруыңызды сұраймын.



Тыңдалым



14. Тыңдаңыз. Тиісті сөзді жазыңыз.

44 аудиомәтін

Прослушайте. Дополните.




1 өтініш
«Жетісу» компаниясының директоры
А.Н. Айдаров мырзаға
Экспорт бөлімінің менеджері
А.С. Оспановтан
Өтініш
Астана қаласына көшуіме байланысты 2015 жылдың 30 қыркүйегінен бастап Астана қаласындағы филиалға ауыстыруыңызды сұраймын.
2015 жылғы «20» қыркүйек қолы: А.С. Оспанов

2 өтініш

«Жетісу» компаниясының директоры


А.Н. Айдаров мырзаға
Экспорт бөлімінің маманы
А.С. Нұрымовтан
Өтініш
Маған денсаулығыма байланысты 2015 жылдың 10-15 қазан айы аралығында кезектен тыс еңбек демалысын беруіңізді сұраймын
2015 жылғы «09» қазан қолы: А.С. Нұрымов

3 өтініш
«Жетісу» компаниясының директоры
А.Н. Айдаров мырзаға
Есеп бөлімінің есепшісі
А.С. Ысқақовтан
Өтініш
Отбасы жағдайыма байланысты 2015 жылдың қараша айындағы кезекті демалысымды желтоқсан айына ауыстыруға рұқсат етуіңізді сұраймын.

2015 жылғы «30» қазан қолы: А.С. Ысқақов




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет