Сабақ сұрағы: Орта ғасырлар тарихы нені оқытады? 1-сабақ



бет1/7
Дата06.02.2022
өлшемі38,83 Kb.
#80574
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6а қаз тарих


Сабақтың тақырыбы: Кіріспе сабақ сұрағы: Орта ғасырлар тарихы нені оқытады?
1-сабақ



  1. Тапсырма. Орта ғасыр кезеңдерін талдау. Таратпа мәтін.



Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан
VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар болған. Алтай-Сібір, Моңғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты ерте феодалдық мемлекет құрды. Олардың жері шығыс Кореядан бастап, Орта Азияның жерінде қамтылған. Қазақстанның тарихында бұл мерзім «Түрік дәуірі» (VI-XIII ғ.ғ.) деген атпен белгілі. Қазақ жерінде көрсетілген мерзімде бірнеше феодалдық мемлекеттер өздерінің саяси-әкімшілік биліктерін жүргізді. Қазақстанда алғашқы қауымдық құрылыстан кейін V ғасырдан феодалдық қатынастар орнай бастады (немісше феод- «жер», аль- «иесі», яғни жердің иесі деген ұғымды береді.). Ортағасырлық тайпалардың арасында негізгі екі тап: феодалдық табы мен шаруалар табы қалыптасады. Феодалдар мал мен жердің негізгі иесі болады. Феодалдық қатынастардың орнауы Қазақстанның оңтүстігінде басқа өңірлерге қарағанда жедел жүрді. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының басты ерекшеліктерінің бірі осы феодалдық-патриархаттық қатынастардың орнауы болды.
Дамыған орта ғасырлар кезеңі тарихымыздағы ең маңызды кезең болды. Сол уақытта өмір сүрген Қарахан мемлекеті саяси және экономикалық жағынан жоғары дамыған еді. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қала мәдениеті мен суармалы егіншілік жоғары деңгейге жетті. Отырар, Сауран, Сайрам, Түркістан қалаларымен қатар жаңа қалалар мен қоныстар, кенттер пайда болды. Ұлы жібек жолы бойындағы қалалармен, сонымен қатар Қытай, Иран, Византия сияқты елдермен саяси, сауда-экономикалық байланыстар күшейді. Қыпшақ мемлекеті орыс княздіктерімен соғыса отырып, өз жерлерін Шығыс Еуропаға дейін кеңейтті. Бұл кезеңде білім, ғылымның дамуына үлес қосқан әлемге әйгілі ұлы ғұламалар дүниеге келді: Әбу Насыр Әл-Фараби, Қожа Ахмет Йасауи, Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұни, т.б. Бұл ойшылардың еңбектері әлемдік тарихи маңызға ие.
Үшінші кезең орта ғасырлар тарихында ерекше орын алады. Бұл уақытта әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыған жергілікті рулар мен тайпалар арасында түркі тілдері сақталып қалды. Осы кезеңде хандық билік бір қолдан екіншіге өтіп, билік күрес күшейді. 1466 жылы Жәнібек пен Керей сұлтандар Қазақ хандығының негізін қалады. XVI-XVII ғасырларда хандықтың этникалық негізі - қазақ халқының қалыптасуы аяқталды. Нәтижесінде тарихи сахнада біртұтас Қазақ хандығы пайда болды.

Орта ғасырлардың әр кезеңі бойынша өзгерістерді кестеге толтыру:





Ерте орта ғасыр

Дамыған орта ғасыр

Кейінгі орта ғасыр











Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет