СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ОҢ БЕЛЕСТЕРІ
Айдарова Галима Якубовна
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Ж.Сулейменов ат. №24 ЖОМ-ң бастауыш пәнінің мұғалімі
Мен сындарлы оқыту теориясының Бағдарламасын игеру мақсатында біліктілігімді арттырып, курстың бірінші «Бетпе-бет» кезеңінен алған білімімді, үйренген әдіс-тәсілімді басты назарға ала отырып, сабақ өтуді жоспарладым. Бұрынғы сабақ барысында оқушылар тек тапсырманы орындаушы, мұғалім түсіндіруші болып келді. Ал қазір керісінше оқушы ізденіп жаңа сабақты өзі меңгеріп алып шығады. Мұғалім сыныпта бағыт-бағдар беруші болып есептелінеді. Мектепке барып сабақ өткен кезімде мен өзімде және де оқушыларымда да өзгерісті сезіндім. Алдын өтіп жүрген сабақтарыммен қазір жеті модульмен өткен сабақтарымды салыстырғанда байқағаным оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып отырды. Жеті модульді қабылдау және меңгеру жаңалықты түсінуге яғни, өз мүмкіндіктерін іске асыру, кәсіптік мұратқа жету жолында ілгерлеумен өзімнің педагогикалық бағыт-бағдарының қалыптасуына жәрдемін тигізеді. Әріптестеріме және оқушыларыма жеті модульде сабақ өту, өте тиімді екенін жеткізіп отырдым. Бұл модульді сабақта қолданғанда бала біріншіден, АКТ-ны меңгере отырып, оны тиімді пайдаланады, керекті материалды іріктеп ала алады. Жаңа тәсілдер бойынша диалогтық әңгіме түрлерін, топпен жұмыс істеуді; пікір алмаса отырып, бірін-бірі тыңдауды, ой бөлісуді, ойларын ашық жеткізе алуды, тақырып бойынша постер жасап, оны қорғауды меңгере бастады. Оқушылар топтық жұмыс үстінде бір-бірімен қарым-қатынас жасау арқылы ұйымшылдықты көрсетті. Топта мотивациясы төмендеу оқушылар топтық тапсырмалар барысында өз ойларын, идеяларын қосып отырғаны байқалып тұрды. Кейбір оқушыларымның көрінбеген қырлары ашылды. Сабақ өту барысында байқағаным мұғалім мен оқушылар арасындағы диалогтық оқыту арқылы зерттеушілік әңгіме жүргізген кезде оқушының сабаққа қызығушылығы артып, білім алуға үлкен үлесін қосады деп айтуға болады. Топтық жұмыста көшбасшы оқушылар анықталып отырды. Сабақ барысында тақырыптарға сәйкестендіріп жұмбақтар мен ребустар беріп, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға жетелеп отырдым. «Венн диаграммасын»,«Сөздер банкісін» қолданып оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретіп отырдым. Сабақтар кезінде оқушылардың іс-әрекет арқылы олардың жас ерекшеліктер байқалып тұрды.Сабақтар барысында мен түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып отырдым. Бірінші сабағымды «Ыстық орындық», «Постер қорғау» болса, 2-ші сабағымда «Серіппелі сауал», «Елші» әдісі, «Лездеме» тәсілдерін қолданып өттім. 3,4-ші сабақтарымда «Ақпараттағы ахуал», «Ыстық орындық», «Серіппелі сауал», «Постер» жасау, «Джиксо» әдіс-тәсілдерін сабағыма кіріктірдім. Сабақтар барысында М. пен А. деген оқушыларым «Ұшқыш болғым келеді», «Жақсылардың жақсысы» деген өлеңдер шығарып, оны сынып алдында оқып берді. М. деген оқушым өзінің шешендік қабілетін постер қорғаған кезінде танытты. АКТ-ның дамуы бүгінгі таңда кіші жастағы балалардың жартысынан көбі өмірде пайдаланып отырады. Интерактивті тақтада берілген «Жақсылардың жақсысы» туралы көрсетілім таныстырылды. «Жұмбақты» интербелсенді тақтаға жазып шешу арқылы «Мамандық таңдау» өлеңінің тақырыбын шығарып алдық. Келесі тапсырма оқулықпен жұмыс берілді. Осы жерде қолдарын көтеріп Бақыт. А, О. Ж. деген оқушылар өздерінің дарындылығымен байқалды. Бүгінгі өтетін «Мамандық таңдау» туралы өлеңін өз бетінше меңгеріп, мәнерлеп жатқа айтып берді. Баланың жан-жақты және тұрақты қызығушылығы , оның тек дарындылығы ғана емес , тәрбиелілігінің белгісі. Аса дарынды балалардағы осы қасиеттің негізі, олардың кең мүмкіндігі мен жан-жақтылығы болып табылады. Қызығушылық аясының кеңдігі –түрлі тәжірибе негізі болады. Басқа оқушылар екеуінің айтқандарына еліктеп, оқулықты тізбектеп оқыды. Оқушылардың орындап отырған тапсырма барысында ынталандыру жұлдызшалары беріліп отырды. Топтағы көшбасшыларына критериалды парақшаларына бағалады. Мамандық таңдау туралы өлеңді мәнерлеп оқу арқылы, берілген түрткі сұрақтарға жауап беріп отырды. Өлеңді терең түсініп, саралап, зерттеп өздеріне оқытып болғаннан кейін диалогты негізінде оқытуда оқушыларға сұрақ-жауап жүргізілді. Сұрақтарға сыни тұрғыда ойлап көз алдарына елестету қажетті білім алу дәрежесіне жету жолын үйренді. Оқушылар өлеңдегі көркем сөздерді анықтап отырды. «Жақсылардың жақсысы» ертегісінде әкесінің қызына деген сүйіспеншілігін , келешекке деген үмітін күнге, ашық аспанға, жайқалған гүлге, жеміс ағашына теңегендерін айтты. Тапсырма барысында әр топта көшбасшылар анықталып отырды.Топ басшылары топта өздерінің сабақты меңгеріп отырғандарын байқатты. Келесі тапсырма ой толғаныс арқылы оқушылар сыни ойланып «Кім жүйрік?» туралы ойларын постерге түсіру болды. Оқушылар өздерінің жас ерекшеліктеріне сәйкес әр топ өздеріне берілген топтық тапсырманы дұрыс орындап тақырыптың мазмұнын аша алды. Сабақ барысында біліміне ғана емес топтық жүйедегі әр баланың қатысуын ынталандырып отырсақ оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы күннен-күнге артып келеді деп санаймын. Сыныбымдағы жас ерекшелігі балалық, жеткіншек шақ. Балалардың жасына қарап сыни ойлатуға үлкен көңіл бөліп отыру қажет деп санаймын. Дұрыс тұлға болып қалыптасқан бала алдағы өмірде де қадағалап отырса нағыз идеал болып жетілуіне сенуге болады. Балалық шақта меңгерген білімін саралай отырып жас жеткіншек шақта қолданысқа енгізетін болсақ олардың достық қарым-қатынастарын нығайтатын болсақ, ол бала жеткіншек шақта терең ойлы, білімді ұрпақ ретінде қалыптасады. Сонымен әр топтағы оқушылар берілген тапсырманы орындап пікір алмасып, өз ойларын білдірді. Жалпы әрбір тізбектелген сабақтар топтамасында өтілген сабақ барысында оқыту үшін бағалауды (Ф.Б.) қолданып отырдым. Айта кететін болсам бірінші сабағымда топтық жұмысты бармақ арқылы бағалап отырды және кері байланыс арқылы Не үйрендім?, Не үйренгім келеді?- деп стикер парақшаларына не түсінгендерін, не білгілері келетінін жазып ілді. 2-ші сабағымда топбасшыға бағалау парақшасы берілді, эссе жазды, топты жұлдызшалармен бағалап отырдым. Ф.Б. болды. 3,4-сабақтар барысында топтық жұмысты бағдаршам арқылы, топбасшыларға бағалау парақшалары берілді, INSERT- бойынша кері байланыс жасалынды. Әр сабағымда оқушыларды мақтап, мадақтап, қызығушылықтарын арттырып отырдым. Жалпы сабақтарда қолданған формативті бағалау оқушыларды оқуға ынталандыру үшін жүргізіледі. Әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сапалы білім алудың басты шарты мұғалімнің кәсіби шеберлігі, оқыту әдістері мен жаңа заман талабына сай жаңашыл педагогикалық технологияларды сабақта жүйелі түрде қолдану. Сапалы білім беру жетістіктеріне жетудің негізгі жолы оқыту мазмұны мен жүйесін өзгерту болып табылады. Ол оқытудың, ойлаудың жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру мен әрбір жеке тұлғаның қай жаста болмасын алдына қойған кез келген міндетті шешуде қолдана алуына баса назар аударады. Мектептегі оқыту қызметі оқушыны нақты өмірге дайындау. Олар сонда ғана, өздерінен күтілген талантты және алдарында қандай іс күтіп тұрғанын, өздерінің келешекте не істей алатынын, қандай іспен шұғылдана алатынын, не істеуге болатынын түсіне білулері қажет. Жаңа білім сапасының жетістігі оқушының жемісті іс-әрекеті болып табылады. Алдағы уақытта да диалогтық оқытуды қолға алатын болсақ, оқушының жан-жақты ойлауы, ізденуі артып, өз білетінін еске түсіріп, қағаз бетіне ойын жазады, оны көршісімен бөлісіп, тобында талқылап, сөз байлығы артып, сыни көзқарасы қалыптасады. Осылайша ойлау шыңына қадам тастала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім, жайлы ақпарат жинап, оны алдыңғы білімімен салыстырып отырады. Оқушылар өзінің тақырыпты қаншалықты дәрежеде меңгергенін пайымдап, өздерін-өздері бағалап отырады. Топбасшылар да өздерінің жауапкершіліктерін дұрыс орындап отырады.
Білім саласында аталған Бағдарлама тәсілінің жеті модулін жақсы меңгеретін болсақ, алдаға уақытта барлық жетістекке жетеміз. Ұстаздық жолына қадам тастаған әрбір мұғалім өзінің бұл арнаға түскенін оқушының білімін анықтауы, әр уақытта оқушымен тығыз байланыста болып, бақылап отыруы қажет. Әр мұғалім күнделікті ақпараттарды жібермей жаңалық енгізіп отыруы керек. Мектепте ізденісті, өзінің кәсіби педагогикалық жетістігіне тойып, қанағаттанумен шектелмеген мұғалімдер тобы көбейе берсе, педагогикалық ұжымның психологиялық көңіл-күйі ажарлана түседі, ал мұндай көңілді қуантар жағдай балалар ұжымына да сәулесін түсіреді. Қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынов өз заманында «Елді түзетуді – бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген сөздері ғасырлар бойы өз құндылығын жоғалтқан емес. Бұл еліміздің әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатымыздағы іс-әрекетінде де маңызды орын алып отыр. Қазіргі білім берудегі мақсат балаға пәндік білім, білікті дағдыларды белгілі бір жиынтығын меңгертуге ғана бағытталып отырған жоқ, олардың келешекте дені сау, бәсекеге қабілетті, қоғамда белсенді өмір сүре алатын, жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлініп отыр. Жаңа білім беру жүйесінің басты мәселесі білім беру мазмұнын негізгі идеясымен айқындап алу. Білім сапасын жақсартып, ұлттық білім беру жүйесін бәсекеге қабілетті ету. Ал білім сапасын жақсарту немесе жаңарту дегеніміз: үнемі алға ұмтылу, іздену болып табылады. Жаңашыл, кәсіпқой ұстаз теориялық және технологиялық білімін тәжірибе жүзінде қолданып, оны іске асыра алатын, жауапкершілігі жоғары, ізденімпаз, шығармашыл жеке дара тұлға болуы тиіс. Ең жақсы мұғалім аз оқытатын, барлық білімді жібермей, білімді толықтыру әдісін өздігінен білім алуға үйрететін мұғалім. Алдағы уақытта мен өз іс-тәжірибемде әрбір сабағымда жеті модульдерді кіріктіре отырып, сабағымды түрлендіріп өтемін деп айтамын. Осындай айтылған жаңа тәсілдерді қолдануды меңгерсек, биік белестерге жете береміз деп сенемін. Білім саласындағы жеті модульдің орны ерекше және бізге берер құндылығы өте жоғары деп ойлаймын.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық 3 (негізгі) деңгей 4-басылым Назарбаев зияткерлік мектебі 2015 ж.
2. www.45 minut.kz
Достарыңызбен бөлісу: |