Сабақ Тақырыбы: Қ аза қ станны



Дата23.08.2017
өлшемі56,2 Kb.
#25611
түріСабақ
Ақтөбе қалалық №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі


Ашық сабақ

Тақырыбы: Қазақстанның көлік кешені. Қазақстанның көліктік транзиттік әлеуеті.



География пәні мұғалімі:

Жолмағанбетов М

Ақтөбе 2015
Күні: 6.02.15

Сынып: 9 А

Тақырыбы: Қазақстанның көлік кешені.Қазақстанның көліктік – транзиттік әлеуеті.

Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстанның көлік және коммуникация кешендері туралы толық ақпарат алуға, еліміздегі маңызды көлік тораптары мен олардың экономикадағы атқаратын рөлін білуге. Қазақстандағы әлеуметтік инфрақұрылым қызметінің даму деңгейін анықтау. Еліміздегі «Нұрлы жол» жолдауында айтылған көліктік –логистика кешендеріне және болашақта салынатын жолдардың стратегиялық маңыздылығын анықтау. Болашақта алған білімдерін өмірлерінде қолдана алуға бейімдеу.

Дамытушылық. Кескін картаға Қазақстанның маңызды көлік жолдарын түсіру арқылы Қазақстанның инфрақұрылым кешені туралы білімдерін бектіп, картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын арттыру.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, қоршаған ортаны қорғау қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке баулу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді, топтық.

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық, СТО технологиясының «Жигсо» әдісі.

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның экономикалық картасы, интерактивті тақта, көлік суреттері салынған карточкалар, кескін карта салынған плакат.

Пән аралық байланыс: Тарих, саясаттану, әлеуметтану, әдебиет, экономика.

Сабақтың құрылымы:

І – ұйымдастыру кезеңі

ІІ жаңа тақырыпқа көшу кезеңі

ІІІ – жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі

ІV– жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

V– сабақты қорытындылау кезеңі

VІ – бағалау кезеңі

VІІ – үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І
3 мин

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Оқушылар автомобиль, пойыз, кеме, ұшақ бейнеленген карточкаларды тарату арқылы 4 топқа бөлініп топ басшысын өздері сайлайды.

ІІ

2 мин

1.Қызығушылығын ояту.

Оқушыларды топқа бөлгеннен кейін «Нұрлы жол» жолдауындағы елбасымыздың жолға байланысты айтылған видеосынан фрагментін көрсету. (2 минут)



  • Оқушылардан видео роликте не көрсетілгендігі туралы қысқаша жалпылама сұрақ қойылады.


Оқушылар жол туралы, оның мемлекеттің дамуындағы маңызы туралы баяндалған- деп жауап беріп ,сабақтың тақырыбы мен мақсатын өздері анықтайды.

ІІІ


10 мин
10 мин

2.Мағынаны тану.

Жаңа сабақ «Жигсо» әдісі бойынша өтіледі.



  1. Әр «жанұя» (әр топ) өз топтары ішінде 1 , 2 ,3,4 деп санайды да «жанұядан» бөлінген топтарға кітаптан тапсырмалар беріледі


  1. Топтар өздеріне берілген тақырыптарды меңгергеннен кейін қайтадан бастапқы өз жанұяларына (топтарына) оралады.




Топтар мұғалімнің айтуы мен өз іштерінде 1,2,3,4 деп санайды да әр топтағы 1 реттілігіндегі оқушылар 1 - топқа, 2 реттілігіндегі оқушылар 2 –ші топқа , 3реттілігі 3-ші , 4 реттілігі -4 -топқа бөлініп топтары мен орындарын ауыстырады.



1-топқа Теміржол көлігі

2-топқа Автомобиль көлігі

3-топқа Су мен әуе көлігі

4-топқа Құбыр желісі мен телекоммуникация кешенін мәтіннен өзіне берілген тақырыпшаларын оқып , мұқият түсініп өз жанұя мүшелеріне қайткенде де ұғынықты жеткізудің жолдарын қарастырады.

Оқушылар қайтадан бастапқы бөлінген топтарына оралып әрқайсысы өздерінің түсініп үйренген тапсырмаларын бір-біріне үйретеді.


12 мин

  1. Әр топқа Қазақстанның кескін картасы салынған плакат беріліп топтарға тапсырмалар беріледі.



Әр топтың топ басшысы мұғалімнің алдыңдағы әр түрлі көліктердің суреттері жасырылған қағазды алады. Топ басшысының таңдаған көлік түрі сол топтың қорғап түсіндіретін тапсырмасы болып саналады.

1-топқа Автомобиль көлігі

2-топқа Теміржол көлігі

3-топқа Құбыр желісі мен телекоммуникация кешенін

4-топқа Су мен әуе көлігі

Оқушылар берілген тапсырмаларын алдарындағы карта салынған

плакатқа әр көліктің маңызды жолдары мен бағыттарын салып, кқлік түрінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталып кетеді. Жобасын тақта алдында қорғап басқа топтар тарапынан сұрақтар қойылып, барлық топтар осылай жобаларын қорғап шығады. Әр топтың тапсырмасы соныңда мұғалім бекітіп отырады.


V

3 мин

Тақырыпты бекіту

Оқушыларға интерактивті тақтадан Қазақстанның көлік –логистикасы туралы бейнеролик көрсетіледі



2 мин

Сабақты оқушылармен біріге отырып қорытындылайды.

Жақсы жол ұзақ та болса жақын,
Жаман жол жақын да болса алыс
– деп мұғалім сабағын қорытындылайды.

Көлік-инфрақұрылымының салалары ең ірі әрі еңбекті көп қаражатты қажет ететін кешен болып табылады. Елдің әлеуметтік жағдайы мен даму болашағы онымен тығыз байланысты. Оқушылар қазіргі кездегі көлік кешеніңдегі проблемаларды ортаға салып оны шешу жолдарын бірлесе отырып қарастырады.


VІІ

1 мин


Мұғалімнің нұсқауымен әр топтың басшысына бағалау парағы беріледі

Топты топ басшылары бағалайды.



Әр топ басшысы оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне байланысты топтарындағы балалардың бағасын өз шешімімен бағалау парағына бағалайды.Оқушылар алған бағаларын тыңдап, мұғалімге күнделіктеріне қойдырады.

VІІ

1 мин

Үйге: тақырыпты қайталау,кескін картаға көлік кешенің түсіру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет