Сабақ тақырыбы : Әдеби тілдің нормалары мен қалыптасу жолдары Жоспары



бет1/3
Дата04.12.2023
өлшемі23,91 Kb.
#194999
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
5100637316648 К2Б 04.05.2020
Мәдениеттану 6п.с, «Болмыс мәселесі. Онтология және метафизика» «Болмыстың субстанциялық концепцияларын бағалау және онтологияның базалық категорияларын талдау»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ


Пән: Тіл біліміне кіріспе
Топ: К2Б Күні: 04.05. 2020 жыл Уақыты: 10.10-11.40
Пән оқытушысы: Қажыбаева Жадыра Кенжеханқызы
Сабақ тақырыбы: Әдеби тілдің нормалары мен қалыптасу жолдары
Жоспары:

  1. Әдеби тілдің нормалары мен қалыптасу жолдары. ХV-ХVІІ ғасырлардағы әдеби тілдегі көне сөздер.

  2. Әдеби тілдің қалыптасу кезеңдері туралы ғылыми көзқарастар. С.Аманжоловтың, Р.Сыздықтың пікірі.

  3. ХV-ХVІІ ғасырлардағы әдеби тілдегі көне сөздер.

1 Бірқатар ғалымдар әдеби тіл дегеніміз  жалпыхалықтық тілдің өңделіп, қырланған түрі деп таныса, енді бірсыпырасы жалпы хатқа түскен дүниелердің тілі деп табады. Жазусыз әдеби тілдің болуы мүмкін емес деп санайды. «Әдеби тіл дегеніміз – жалпыхалықтық хатқа түскен, белгілі бір дәрежеде өңделген ерекше түрі» Әдеби тілдің тарихы-жазба ескерткіштердің тарихы. Әдетте, жазусыз әдеби тіл болуы мүмкін емес. Жазу- әдеби тілдің ең маңызды қайткенде де болуға тиісті белгісі. Тіл білімі тарапынан айтқанда «әдеби тіл» деп тек көркем әдебиет емес, ғылыми зерттеулердің, саяси трактаттардың, газет журналдардың тілін де, қысқасы жазба тілді атаймыз. XIX ғасырдың II жартысынан басталатын қазақтың төл жазба әдеби тіліне дейін ауызша тараған әдеби тіл өмір сүрген.
Әдеби тілдің белгілері: басты белгісі-оның өңделген, сұрыпталған, нормаланған тіл болуы. Қызметі жағынан сол халықтың өмірінде ұйымдастырушы, қоғам мүшелерінің басын қосушы сипаты, яғни жалпыға ортақтық қасиеті болуы тиіс. Әдеби тілді тану үшін оған оның қарама-қарсысына қойылатын басты құбылыс — ауызекі сөйлеу тілі.
Р.Сыздықова қазақ әдеби тілін қазақ халқының ұлт болып қалыптаса бастағанға дейінгі түрі және ұлттық түрі деп бөліп қараймыз дейді. Бұл екі кезеңнің аралық тұсы – өткен ғасырдың екінші жартысы, яғни қазақтың ұлттық әдеби тілі XIX ғасырдың II жартысынан бастап қалыптасты деген тұжырымға келеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет