Нұр-Сұлтан қаласы, №62 МЛ
Информатика пәні мұғалімі Кенжина Салтанат Темирболатовна
Сабақ тақырыбы: 4-сынып
Бүгінгі үйренетініміз:
Презентацияға видео кірістіру;
Видео пішімі баптауларын орындау.
Презентацияға видео кірістіру
Презентацияға компьютерден не Интернеттен видео кірістіру үшін Кірістіру (Вставка) ⇒ Мультимедиа ⇒ Видео ⇒ Компьютердегі видео немесе Интернеттегі видео командасын таңдаймыз.
Ойнату (Воспроизведение) батырмасынан дыбыс деңгейін , көру параметрлерін реттей аламыз.
Презентацияға видеофайлдың бәрін кірістірмей-ақ , видеоның бір бөлігін ғана кірістіруге болады. Видеоны қысқарту үшін Ойнату (Воспроизведение) батырмасын өтеміз. Өңдеу (Редактирование ) тақтасында Видеомонтаж (Монтаж видео) таңдап, жүгіртпе жолдан қай жерден басталуы керек болса, сол қажетті бөлігінен бастап, аяғына дейін жылжытамыз.
Power Pоint программасында қолданылатын видеофайл пішімдері: SWF, ASF, AVI, MPG,MPEG, WMV.
Білгенге маржан! Youtube-тағы барлық видеоларды көру үшін 1000 жылдан астам уақыт қажет екен. Ондағы миллиардтан асқан видеоларды көріп біту мүмкін емес.
Міне, қызық!