Сабақ Тақырыбы: А. Сейдімбек «Әйел-Ананың»



Дата23.05.2017
өлшемі90,93 Kb.
#16569
түріСабақ
Панфилов атындағы жалпы орта мектебі

Ашық сабақ
Тақырыбы: А.Сейдімбек

«Әйел-Ананың» ақыл-парасаттылығы

Пәні:әдебиет

Сыныбы:5

Өткізген: Қиюазова Мейрамгүл Жұмағазықызы


13.12.2016 жыл

Бекітемін:

Күні:13.12.2016

Сыныбы:5


Пәні:әдебиет

Сабақтың тақырыбы: А.Сейдімбек «Әйел-Ананың»ақыл-парасаттылығы

Сабақтың мақсаты:

1. Жазушы өміріне шолу жасау,әңгімедегі кейіпкерлер мен Ана бейнесіне талдау жасау,іс-әрекеттеріне баға беру арқылы оқырманның жан дүниесін бойындағы көркем шығарманың күш-қуатын таныту.

2 Ертегі бойынша алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.Тілдік қорларын байыта отырып, ой қорытуға,пікір айта білуге,оны қорғай білуге баулу.

3) Оқушыларды адамгершілікке, ананы  сыйлауға, құрметтеуге ,рухани адамгершілікке тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, топтастыру, сахналау, шығармашылық жұмыс



Көрнекілігі: А.Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығы бойынша слайд, өлең жолдары, суреттер, мәтін, плакат, гүл шоқтары,тест,видео,стикерлер,түрлі түсті қағаздар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру үшін "Сәлем - сөздің анасы" айдары

Психологиялық дайындық:

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Біз көңілді баламыз,

Сәлемдесіп аламыз.

Мақсатымыз-білім алу,

Міндетіміз еңбектену.

Еңбектену арқылы

«Бестікке» қол жеткізу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Сабағымыз топтық жұмыс түрінде өтеді. Топ басшыларын тағайындаңдар. Топ басшылары бағалау парағына топтың тізімін жазып, бағалап отырады.

-Оқушылар бізге үйге қандай тапсырма беріліп еді?

А.Сейдімбектің «Әйел-Ана» ертегісі бойынша еркін тақырыпта жазған ертегілерін мәуелі ағашқа ілу.

-Жарайсыңдар,оқушылар!-Ендеше назарымызды мына видеоға аударайық.

-Әдеби ертегі дегеніміз не?

-Ақселеу Сейдімбек туралы не білеміз?

Ол 1942 жылы 22 желтоқсанда Қарағанды облысы Жаңарқа ауданында дүниеге келген. 1963-1968 жылдары ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінде оқыған. 1968-1975 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, меншікті тілші, 1975-1976 жылдары «Орталық Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы, 1976-1983 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде Әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1983-1987 жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналының бас редакторы болып қызмет атқарды.

1987-1997 жылдары ҚР ҰҒА-ның М.О.Әуезов атындағы «Әдебиет және өнер» институтында лаборант, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1997 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры, 1998 жылы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясының президенті болып тағайындалды.

1999 жылы ҚР Президенттік Мәдени орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары, 2000 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде еңбек етті.Ақселеу Сейдімбек 8 монографияның, бірнеше ғылыми еңбек пен оқу құралдардың және 400-ден астам мақаланың авторы.

-Күншуақ елін тұтқынға алған жау оларға не істемек болды?

-Ер-азаматтарды құтқару үшін Әйел-Ана қандай тапқырлық жасады?

-Ертегіні сахналау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Мәтінмен жұмыс. «Ертегі желісі» айдары

1-топ «Ертегіге жоспар құрады

2-топ Ертегі желісі бойынша суреттерді орналастырады.

«Топтастыру»
Басын мәңгі қар шалған жігіттері ақкөңіл

таулары бар

үлкендері ақыл-парасатты қыздары адемі


Күншуақ елінің табиғаты

Күншуақ елінің қасиеті


өзен-көлі қара орманы

ақылды жаужүрек


Шүйгін даласы келбеті ешкімнің елі бай,бақытты

жерінен кем емес ешбір жерге қызықпапты.

-Ертегі кейіпкерлері кімдер? Семантикалық кесте толтыру

р/с

Кейіпкерлер сөзі

Әмірші

Әйел-Ана

Қариялар

Елші

1

Дүниеде өлімнен өткен өкініш жоқ.







+




2

-Әміршінің жарлығы екі болмақ емес!










+

3

Уа,бір туған бауырлар,сабыр етіңдер!




+







4

Күншуақ елінің әйелдеріне азаттық беремін.

+










5

Шартыңды өз аузыңнан естідік,оны біз қабыл аламыз.




+







6

-Ау,бұл қалай?

+










"Өз ойың..." айдары

«Ана» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?( оқушыларға күннің шапағы таратылады, оқушылар ана туралы ойларын жазып, тақтаға іледі) .

VІ. Шығармашылық жұмыс айдары

І топ Ана туралы мәтін жазады.

ІІ топ Ана туралы өлең құрастыру.

Сергіту сәті:

Алтын ұяң-Отан қымбат

Құт-берекең-атаң қымбат

Аймалайтын-анаң қымбат

Асқар тауың-әкең қымбат.

Жеке жұмыс.

Асланға: Ана туралы мақал-мәтел жазу.



Жұптық тапсырма:

1.Күншуақ елі және оның тұрғындары қалай суреттеледі?

-Жау елшісінің сөзін тауып оқы.

2.Әйел-Ананың осындай ерлік жасауына себеп болған не?

-Ақ шашты Ананың сөзін мәтіннен тауып оқы.

3.Ер-азаматтарды қорғаннан алып шығудың қандай жолын ұсынар едің?

Әйел-Анаға мінездеме жаз.

4.Әдеби ертегінің халық ертегілерінен айырмашылығы неде?

Әміршінің сөзін тауып оқы.

5.Жазушы суреттеп отырған оқиға қай заманға сай келеді?

Отан,туған жерана туралы мақал тауып айт.

Сабақты бекіту:Тест

1.Ертегідегі бақытты тұрмыс кешіп жатқан елдің атын көрсет.

А)Күншуақ В)Айшуақ С)Шуақ Д)Нәрқуат

2.Күншуақ елінің болуының себебеін көрсетіңіз.

А)Қыздарының сұлулығымен С)үлкенге-құрмет,кішіге ізетімен

В)малдарының көп болуымен Д)алтындарының молдығымен

3.Тұтқын жандарға айтылған хан бұйрығының мақсаты қандай екендігін көрсет.

А)Елді түгелдей жойып жіберу

В)аман қалған адамдарды кіріптарлыққа ұшырату.

С)қарт адамдарын ғана қалдыру.

Д)Жас адамдарын ғана қалдыру.

4. «Әйел-Ана» ертегісінің авторы кім?

А)халық В)Ә.Тәжібаев С)А.Сейдімбек Д)А.Байтұрсынұлы

5.Хан жарлығын естіген жұрттың қандай шешімге тоқтайтындығын көрсет.

А)Әйел мен балаларды тұтқыннан босату.

В)Қарт адамдарды өлімге қию

С)Санаулы жігіттерін құрбандыққа шалу

Д)жауға қыз беріп,аман қалу.

6.Ертегідегі кімнің сөзі екендігін табыңдар. Бердім уәдемді,көк Тәңірінің атын атап адал ант еттім!

А)Тұтқын шалдың В)Әйел- Ананың С)Батыр жігіттің Д)Әміршінің

7. Ертегідегі кімнің сөзі екендігін табыңдар. –Өзің емес пе,қолынан ұстар балаңды жетектеп,иығың көтерер жүгіңді арқалап шықсаң,азаттық беремін деп ант еткен!



А)Әміршінің В)Батыр жігіттің С)Әйел- Ананың Д)Тұтқын шалдың

8.Күншуақ елі кімнің арқасында аман қалды?

А)Ақ шашты қарияның С)Батыр жігіттің

В)Әйел-Ананың Д)Әміршінің

9.Әдеби ертегінің ерекшелігін тап.

А)ел аузындағы аңыз әңгімелер ертегіге негіз болады.

В)қиял-ғажайып оқиғалары молдығымен ерекшеленеді.

С)көркем тілмен жазылады.

Д) ауыз әдебиетінің үлгісі

10.Ауыз әдебиеті үлгісіне жатпайтын шығарманы табыңдар.

А) «Ер Төстік» В) «Жұпар қорығы» С) «Әйел-Ана» Д) «Аяз би»

Қорытынды.

«Ерлік аспаннан түспейді.Ол Отанды сүюден басталады.Ал Отанды сүю үй ішіңнен,отбасыңнан басталады.Халқын қадірлеген сын сағаттан сүрінбей өтеді.Елін сүйген ер атанады.Өйткені,ерлік білекте емес,елін сүйе білген адал жүректе»деп Б.Момышұлының қанатты сөзін естен шығармайық.



Әйел-Ана сияқты халықтың таудай үмітін арқалап,таудай іс атқарып жүрген ,ақыл-парасатты аналарымызды қадірлеп,құрметтей білейік деп сабағымыздықорытындылаймыз.

Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ-мен білемін

Сұқ саусақ-Мен үйрендім

Ортан терек-мен жасадым

Балан үйрек-мен риза болдым

Кішкене бөбек-Мен қате кетіппін.

«Үйге тапсырма беру. « Мінез - адам көрсеткіші» айдары бойынша үйге тапсырма ертегідегі кейіпкерлерге мінездеме беру

"Бағалау - шарықтау шыңы" айдары

20 ұпайдан жоғары -«5»

10 ұпайдан жоғары -«4»

5 ұпайдан жоғары- «3»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет