Сабақ тақырыбы: Абай өлеңдеріне иллюстрация жасау. > Мектеп: №7жббми күні: 08. 12. 2016



бет1/2
Дата01.04.2017
өлшемі201,51 Kb.
#12841
түріСабақ
  1   2
Сабақ жоспары


Сабақ тақырыбы: Абай өлеңдеріне иллюстрация жасау. <<Желсіз түнде жарық ай>>

Мектеп: №7ЖББМИ

Күні: 08.12.2016

Мұғалімнің аты, тегі: Шокеева Салтанат Амангельдиновна

Сынып :

Қатысқандар саны: 16

қатыспағандар:

Оқыту мақсаты

Абай шығармаларымен таныстыра отырып, өлеңдерінің мазмұнына терең мән бере білуге үйрету, мазмұнына сәйкес сурет сала білуге үйрету.

Оқыту мақсаттары/

Күтілетін нәтиже

Абайдың табиғат жайлы шығармалары туралы түсінік беру.Графикалық жұмыстың ерекшеліктеріне көңіл бөлу. <<Желсіз түнде жарық ай>> өлеңінің мазмұнын түсіне отырып, көз алдына елестету арқылы, иллюстрацияны графика түрінде бейнелеуді үйрету.Әдебиетке деген түсінігін қалыптастыру, өзара бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Ақын шығармаларын сүйіп оқуға қызығушылығы артады. Сурет салу шығармашылығы қалыптасады. Ақынның шығармалары арқылы оқушылардың бойындағы адамгершілік, адалдық, нәзік лирикалық қабілеті, туған жеріне деген сүйіспеншілігі артады.



Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер мен тіркестер: Иллюстрация, кітап графикасы,

Желсіз түн – түнгі аспан – ай сәулесі – мұнартқан тау – ауыл маңы – терең сай – тасыған өзен – қалың ағаш – жапырақ сыбдыры – құлпырған жер

Талқылауға арналған тармақтар: М.Палаткиннин шығармасын талдау. Әннің мазмұнын қағаз бетіне дұрыс түсіру.


Алдыңғы оқыту

«Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау»

жоспар

Жоспарланған уақыт

( минутпен)



Жоспарланған әрекет

бағалау

Ресурстар

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті







Кіріспе 2 мин

Міндеті:оқушыларды ұйымдастыру, жұмыс істеуге жағдай туғызу


Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

Топқа бөлу.



Оқушылар амандасады. Оқушылар қарындаштын түстері арқылы 4 топқа бөлінеді


Мұғалім сабаққа дайындықтарына баға береді (оқу құралдары, оқулық, дәптер)


Қарындаштың түстері арқылы

Үй жұмысын тексеру

5 мин

«Галерея аралау» әдісі арқылы үй жұмысын тексеру.

«Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау»

Тақтаға суреттерді ілу.


Тақтаға ілінген суреттерден әр оқушы ұнаған суретке оқушылар стик жапсыру арқылы баға береді.

Оқушылардың жұмысы қолдарындағы критерилері арқылы стикті жапсыру арқылы бағаланады.

Стикерлер, галерея тақтасы

Слайдтағы бағалау өлшемдері



Қызығушылықты ояту

Өткенді қайталау

5 мин

«Қос шеңбер» әдісі бойынша өткенді қайталау.

Графика дегеніміз не?

Иллюстрация деген не?

Графиканың түрлерін ата?

Кітап графикасф деген не?


Оқушылар екі шеңбер құрып тұрады. Мұнда ішкі және сыртқы шеңберде тұрған балалар сұрақтарға жауап бере отырып, бір – бірімен пікірлесіп, өткен тақырыпты қайталап шығады

Мұғалімнің бақылауы

Слайд тағы сұрақтар

Таныстырылым 10 мин

Міндеті: сабақты қабылдауға дайындау, жаңа сабаққа енгізу



Ой қозғау. Абайдың <<Желсіз түнде жарық ай>> әні тыңдатылады.

<<Желсіз түнде жарық-ай>>,

Сәулесі суда дірілдеп

Ауылдың жаны терең сай

Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы

Сыбдырласып өзді-өзі.

Көрінбей жердің топырағы

Құлпырған жасыл жер жүзі.

Тау жаңғырып ән қосып,

Үрген итпен айтаққа

Келмеппедің жол тосып,

Жолығуға аумаққа.

Жаңа тақырыпқа оқушылардың зейінін аударуға арналған сұрақтар:

-Балалар, бұл кімнің әні?

-Әннің аты қандай?

-Абай Құнанбаев кім?

- Абайдың табиғат көрінісін суреттейтін тағы қандай өлеңдерін білесіздер?

- Өлеңнің <<Желсіз түнде жарық ай>> аталуының себебі неде?






Оқушыларға әнді үнтаспа арқылы тыңдап, бірге орындайды.

Оқушылар кластер құру арқылы топта жұмыс жасап, сұрақтарға жауап береді.








<<Желсіз түнде жарық ай>> әні

Презентация

Слайд көрсету. үнтаспа

Плакат, маркер




Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет