Басталуы
0 - 1 минут
Ой қозғау
1 - 5 мин
Білімді жаңғырту
5 – 7минут
7 – 17 минут
17 – 22 минут
22 –27 минут
27 – 32 минут
30 – 34 минут
Білімді бекіту
34 – 36 минут
37 – 38 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа психологиялық дайындау.
Өткен тақырыптарға шолу:
1.Периодтық жүйеде металдар қай жерде орналасқан?
2. Қай металдар ерте заманнан белгілі?
3. Металдар сумен қалай әрекеттеседі?
4. Сұйытылған қышқылдармен металдардың әрекеттесуі?
5. Тұз ерітінділерімен металдардың әрекеттесуі?
Сабақтың тақырыбымен мақсаттарымен танысу. Жетістік критерийлерін талқылау.
Топтық жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлінеді.
1.Проблемалық жұмбақ: «Бір күні Рим императорына белгісіз біреу келіп күміс сияқты жылтыр, өте жеңіл ыдысты сыйға тартады. Император жаңағы ыдысты мастерге құрамы неден жасалғанын тексеруге жібереді. Оның құрамы «кәдімгі саздан» алынған металл деп мастер өз шешімін айтқаннан кейін, патша өзінің алтын күмістерінің құны төмендеп кетуі мүмкін деп мастердің басын алдырып, оның шеберханасын өртеп жібереді.
Ыдыс қандай металдан жасалған?
Оның қандай қасиеттері болуы мүмкін?
Топтар өз шешімдерімен бөліседі.
2. Мақал – сөздің мәйегі (мақалдардың бір бөлігі берілген, аяқтау керек.)
3. «Жеті жұрттың тілін біл». Металдарға жұмбақ жасырылады, тапқан химиялық элементтің атын қазақша, орысша, латынша атау керек.
Металдар таңбаларын пайдаланып сыныпты топтарға бөлу.
Берілген тірек сөздерді пайдаланып, 2 сөйлем құрастырыңыздар:
кепілі, өте, қойнауы, техниканың, одан, бай, Отанымыздың, дамуының, металдар, мен, әрі, қазіргідей, жетуінің, дәрежеге, ғылым, жер, металдарға, бірден - бір.
(Отанымыздың жер қойнауы металдарға өте бай. «Металдар – ғылым мен техниканың қазіргідей дәрежеге жетуінің және одан әрі дамуының бірден – бір кепілі»)
Тауып жазған сөздерді талқылап ортаға өз ойларын салады.
Мұғалімнің кері байланысы, сұрақ қояды
Сабақ мақсаттарына оралу. Сабақты қорытындылау Үйге тапсырма: «Металдар бейбіт заманға керек» тақырыбына эссе жазу.
|
Слайд-шоу
Проблемалық жұмбақ жазылған карточкалар
Слайдта
Слайдта
http://youtu.be/ejUmwEC1ZSk
Fe, Mg, Au таңбалары жазылған карточкалар
Стикерлер
|