С.Р.Кусаинова
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Мичурин ЖОББМ психологы
Сабақ тақырыбы: Адамгершілік құндылықтар арқылы рухани жан дүниені байыту.
Мақсаты: Оқушылардың жан дүниесін арқылы адамгершілікке жетелеу. Жақсы қасиеттерді бала бойына дарыту.
Әдіс тәсілдері: Әңгімелесу, ойын, сұрақ-жауап, проективті тақта.
Көрнекілігі:Түрлі түстіс уреттер,нақыл сөздер, проективті тақта.
Сабақтың барысы:
-
1. Амандасу рәсімі.
-
2. «Менің жақсы қасиеттерім» тренинг (Оқушылардың интерактивті тақтамен жұмысы).
-
3. Сахналық қойылым «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек».
Әуелі бір суық мұз-ақыл, зерек,
Жылатқан тұла бойды ыстық жүрек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толып, боларсың елден бөлек.
Біреуінің күші жоқ біреуіңсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.
-
4. Сергіту сәті (Оқушылар қимыл қозғалыстар арқылы сергіту жаттығуын жасайды).
Мынау-менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау – оң қолым,
Мынау – сол қолым.
Барлық істі басқарған.
-
5. «Түрлі қасиет сататын базар» ойыны.
Тақтадағы жүректің оң жағына жақсы қасиет, сол жағына жағымсыз қасиеттерімізді жазамыз.
-
6. Шығармашылық жұмыс.
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін қағаз бетіне түсіреді. Жай музыка ойнайды.
-
7. «Менің құндылықтарым» жаттығуым.
Біз көптеген асыл қасиеттерді табиғат иелеріненде үлгі қыла аламыз. Мысалы: ара, құмырсқа, көбелек, құстар. Осылардың ішіндегі араға тоқталайықшы. Олар өте еңбекқор, ынтымақшыл, қайырымды. Ендеше, бізде өз ойымыздағы асыл қасиеттерімізді ара ұяшықтарына бекітіп жазайық.
-
8. Қорытынды. «Ризамын» әнін айту.
Данышпан философ Фалес айтқандай,
Дүниедегі ең үлкен нәрсе – Кеңістік.
Бәрінен жүйрік – ой,
Бәрінен дана – уақыт,
Бәрінен жеңілі - басқаға ақыл айту,
Бәрінен қиыны - өзіңді-өзің тану.
Иә, балалар мін түзелмей, іс түзелмейді дейтін болсақ, біз өз-өзіміздің жан дүниемізге үңіліп, біраз рухани азық, жүрекке демеу болар жақсылық нөмірімен сусындадық: Абай дананың салып кеткен сара жолынан танбай бес асыл қасиетті жанымызға жақын ұстай білейік.
-
9. Ой түйіндеу.
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Сабақта қандай жаттығулар, ойындар ұнады?
|