Күні:
Сыныбы:
|
14.01.2015ж
8
|
Тақырыбы:
|
Қан топтары және қан құю
|
Мақсаты:
|
Оқушыларға адам қанының топтары, тромбоциттердің құрылысы және олардың қан ұюдағы рөлі туралы негізгі түсінік беру.
|
Міндеттері:
|
Қан топтары, тромбоциттердің құрылысы мен қызметтері туралы білім беру.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Оқушылар адам қанының топтары, қан құюдағы адам қанының үйлесімділігі, резус-фактор туралы білімді өз беттерімен меңгереді.
|
Әдіс-тәсілдері:
|
Диалогтық оқыту, топтық жұмыс, АКТ, СТО
|
Дерек көздері:
|
«Қан топтарының үйлесімділігі», «Қан топтарының генотиптері» кестелері, презентация, бейнекөрініс, бағалау парағы, смайликтер
|
Тапсырмалар:
|
«Ой шақыру», «Оқулықпен жұмыс», тест сұрақтары
|
Сабақтың
кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдас-
тыру кезеңі
(2 мин)
|
1. «Өз орныңды тап»
Оқушыларды қан топтары бойынша топтарға бөлу: I, II, III, IY топтары
2. Психологиялық ахуал орнату
|
Оқушылар қиылған қағаздарға І, ІІ, ІІІ, ІY қан топтары жазылған қағаздарды суыру арқылы топтарға бөлінеді
|
Үй тапсыр-
масын тексеру
(5 мин)
|
«Ой шақыру»
1. Организмнің ішкі ортасы неден түзілген?
Қан неден тұрады?
Қан қандай қызмет атқарады?
Қан плазмасының құрамын атаңдар.
Эритроциттер қандай қызмет атқарады?
Лейкоциттердің негізгі атқаратын қызметі қандай?
Фагоцитоз құбылысын кім ашты?
Тромбоциттердің қызметі қандай?
|
1.Адам организмінің ішкі ортасын ұлпа сұйықтығы, қан мен лимфа құрайды
2.Қан плазмадан және қан жасушаларынан тұрады
3.Қан тасымалдау, гуморальдық, жылу реттеу, қорғаныш қызметтерін атқарады
4.Құрамында 90-92% су, 7-8% нәруыздар, 2% глюкоза, майлар, минералды тұздар, т.б. болады.
5.Эритроциттер оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдайды.
6. Организмді ауру тудыратын бактериялардың, бөгде денелердің енуінен қорғау.
7. 1908 жылы И.И.Мечниковке осы жаңалығы үшін Нобель сыйлығы берілді.
8. Қанның ұюы және қан кетуді тоқтату процестеріне қатысу.
|
Білу
(3 мин)
|
«Ой қозғау»
Оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында «Қан топтары» бейнекөрінісі көрсетіледі.
Адам организміндегі қанның жалпы мөлшері қанша?
Қан топтары қаншаға бөлінетінін білесіңдер ме?
Қандай жағдайда адамға қан құяды?
Жаңа сабақ: Қан топтары және қан құю
|
Оқушылар «Қан топтары» бейне көрінісін тамашалап, сұрақтарға жауап береді.
Адам организмінде 5 л қан болады.
Адамда 4 қан тобы бар.
Адам көп мөлшерде қан жоғалтқанда қан құяды.
|
Түсіну
(6 мин)
|
«Шеңбер» стратегиясы бойынша мәтінмен жұмыс жасау
І-топ: Қан құю
ІІ-топ: Қан топтары
ІІІ-топ: Резус-фактор
ІY-топ: қан топтарын анықтау
|
«Шеңбер» стратегиясы бойынша оқулық мәтінімен танысып, өз топтарына кезекпен түсіндіреді.
|
Қолдану
(12 мин)
|
Оқулық мәтінін және қосымша интернет материалдарын пайдаланып, әр топ өз тапсырмаларын постерге түсіріп, оны қорғайды.
І-топ: Қан құю
ІІ-топ: Қан топтары
ІІІ-топ: Резус-фактор
ІY-топ: Қан топтарын анықтау
|
Оқушылар оқулық мәтінін және қосымша интернет материалдарын пайдаланып, әр топ өз тапсырмаларын постерге түсіріп, оны қорғайды.
І-топ: Қан құю
ІІ-топ: Қан топтары
ІІІ-топ: Резус-фактор
ІY-топ: Қан топтарын анықтау
|
Талдау
(7 мин)
|
«Ой толғау». Қан топтарына есептер шығару.
І-топ: Қан тобы І қыз, қан тобы ІІІ жігітке тұрмысқа шықты. Олардың балаларының қан тобы қандай болады?
ІІ-топ: Әкесінің қан тобы ІY, шешесі ІІ қан тобы бойынша гомозиготалы отбасындағы балалардың қан тобын анықтаңдар.
ІІІ-топ: ІІ қан тобы бойынша әйел де, еркек те гетерозиготалы болса, олардың балаларының қан тобы ІY, ІІІ, ІІ және І болуының ықтималдығы қандай?
ІY –топ: Қаны І топқа жататын жігіт, қаны ІІ топқа жататын қызға үйленеді. Қыздың әкесінің қан тобы І. Осы некеден туатын баланың қанының І топ болуының ықтималдығы қандай?
|
Оқушылар топта талқылай отырып есептерді шығарады.
|
Жинақтау
(5 мин)
|
«Ой түйін». Интербелсенді тақта арқылы ауызша тест сұрақтарына жауап беру.
1.Қан ұйымайтын ауру қалай аталады?
а) Пневмония ә) Гемофилия б) Холера
в) Дифтерия г) Скарлатина
2.Қан беретін адам:
а) Реципиент ә) Донор б) Фагоцитоз
в) Пиноцитоз г) Резус
3.Универсалды донор деп қандай қан топтарын атайды?
а) ІІ топ ә) І топ б) ІІІ топ
в) ІYтоп
4.Адам қанының төрт тобын ашқан және осы еңбегі үшін Нобель сыйлығын алған ғалым кім?
а) Э.Дженнер ә) К.Ландштейнер б) И.И.Сеченов в) И.И.Мечников
5.Өзіңнің қан тобыңды неге білу керек?
А) Фагоцитоз үшін ә) Пиноцитоз үшін б) Агглютинация болмау үшін
6.Адамда болатын қан топтарының саны:
а) Екі ә) Үш б)Төрт в) Бес г) Алты
7.Донордан қан алатын адам:
А) Донор ә) Фагоцитоз б) Реципиент в) Пиноцитоз г) Резус
8.Агглютинация деген не?
а) Тромбоциттердің бірігіп қалуы
ә) Лейкоциттердің бірігіп қалуы
б) Эритроциттердің бірігіп қалуы
в) Ерекше нәруыздық зат
|
Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.
1-ә
2-ә
3-ә
4-ә
5-б
6-б
7-б
8-б
|
Бағалау
(2 мин)
|
ОҮБ және ОБ
Смайликтермен бағалау
|
Оқушылар жинаған смайликтерінің санына, сабаққа қатысына қарай алған бағаларын күнделікке қойғызады.
|
Кері
Байланыс
(2 мин)
|
Не білемін?
Не білдім?
Не білгім келеді?
|
Кері байланыс парағын толтыру арқылы өздерінің бүгінгі сабақ бойынша түйгендерін және тапсырмаларды орындау кезіндегі қиындықтар мен оны қандай жолдармен еңсергендігімен бөліседі.
|
Үйге
тапсырма
(1 мин)
|
1. «Қан топтары және қан құю» тақырыбын оқу
2. Өз ата-аналарының қан топтарына байланысты мүмкін болатын жағдайдағы қан топтарына есептер шығару
|
Үй тапсырмаларын күнделіктеріне жазып алады
|