Сабақ Тақырыбы: Бір орыннан ұзындыққа секіру әдісі



Дата17.02.2017
өлшемі98,14 Kb.
#9507
түріСабақ
Қармақшы аграрлы – техникалық колледжі


Ашық сабақ

Тақырыбы: Бір орыннан ұзындыққа секіру әдісі.

Өткізетін: Г.Шерипова

2015 – 2016 оқу жылы

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары:

_________ Г.Аралбаева


Күні

22.10.2015ж

Тобы

№190

Сабақ жоспары №22

Бір орыннан ұзындыққа секіру әдісі.

Сабақ/ оқу мақсаттары: 
Білімділігі: Студенттерге бір орыннан  ұзындыққа  секіру әдісін үйрету,

бақылау. Жүгіріп келіп аяқты  бүгу  тәсілімен  секіру  әдісін 

жетілдіру.

Дамытушылық:  Икемділікті  дамыту

Тәрбиелік :  Еңбексүйгіштікке,  өз бетінше  тапсырманы  орындауға

тәрбиелеу



Әдісі: Түсіндіру. сұрақ жауап,бейнебаян

Түрі: Аралас сабақ

Типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабаққа қажетті:

Оқулықтар/әдебиеттер: Дене шынықтыру пәнінің оқыту әдістемесі

Құрал-жабдықтар: секундомер,  ысқырғыш,  өлшегіш



Бөлімі

Сабақтың барысы

Әдістемелік нұсқау


1.Сапқа тұру. Рапорт беру.

Журналға белгі соғу. Назарларын сабаққа аудару.





Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру

(үй тапсырмасын сұрау)


Екпін алып ұзындыққа секіру

Сұрақтар.

Секіру жаттығулары кезінде қандай дене мүшелерінің қызметі күшейеді?

Секіру жаттығуларын өткізу барысында сақталатын қауіпсіздік ережелер қандай?

Секірудің неше түрі бар?






Дайындық бөлім

2.Саптағы жаттығулар.

«Оңға» «солға» «Артқа» бұрылу командаларын орындау.

3.Жүру. а) қолды жоғары созып,аяқтың ұшымен жүру.

б) Қолды белге қойып өкшемен жүру.

4. Жүгіру түрлері:

а) Жай жүгіру;

б) Сол қапталмен жүгіру;

в) Оң қапталмен жүгіру;

г) Арқамен жүгіру

д) Қатты жүгіру

Шеңбер жасап тұрып жан – жақты денені дамытатын жаттығулар жасау.

Б.Қ. – қолымыз белімізде.

1-2 басты оңға қарай айналдырамыз.

3-4 басты солға қарай айналдырамыз.

Б.Қ. – қол иықта .

1-2 қолды алға айналдырамыз.

3-4 артқа айналдырамыз

Б.Қ. негізгі тұрыс.

1-2 оң қолды жоғары көтеріп артқа сермейміз.

3-4 сол қолды жоғары көтеріп артқа сермейміз.

Б.Қ.негізгі тұрыс.

Қолды белге қоямыз,

1 – 2 белді оңға айналдырамыз

3 – 4 белді солға айналдырамыз

Б.Қ. негізгі тұрыс.

1- қолды белге қоямыз

2- отырып қолды созамыз

3- тұрамыз.

Б.Қ. – екі қолды белге қоямыз.

5 рет оң аяқпен, 5 рет сол аяқпен секіреміз.

Жаттығу аяқталды

Сапқа тұру



Жүгіру кезінде арнайы жаттығуларды толығымен орындау


Жаттығулардың өз ретімен жасау, кемшіліктерді ескерту, мұғалімді мұқият тыңдау

Оқушылардың жүріс тұрысына назар аудару,кемшіліктерін айту



Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру

  1. Бір орыннан ұзындыққа секіру әдісі.

  2. Секіру әдісінің шығу тарихы

  3. Секіру барысындағы қауіпсіздік ережелері

  4. Бір орыннан секіру әдістері және қателіктер. (бейнебаян) арқылы көрсету

Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген.Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған. Жеңіл атлетика — бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары — тегіс жерде жүгіру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру болып табылады.

Секірудің көптеген түрлері бар. Солардың ішіндегі ең қарапайымы-бір орында ұзындыққа секіру. Секірудің бұл түрі кезінде дененің оң жақ және сол жақ жартылары тепе-тең қозғалыстар жасайды. Аяқ алдын ала бүгіледі, осы кезде бұлшық еттер жиырылып осы төменгі жақтың барлық бөліктері жазылады.

Секіру жаттығуларын өткізу барысында сақталатын қауіпсіздік ережелері: спорттық аяқ киіммен секіру,секіріп жерге түсу барысында гимнастикалық төсеніштерге, спорт алаңында құм төселген жерге түсу.Ұзындыққа,биіктікке секіру барысында бірінен соң бірі секіруге рұқсат етілмейді.


Оқушылардың жүріс тұрысына назар аудару,кемшіліктерін айту







Өтілген сабақты

(материалды) бекіту

Бір – бірлеп оқушыларды секірту


Жаттығу барысында оқушыларды қадағалау,кемшіліктерін айту.

Үйге тапсырма

Сапқа тұру

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма беру

Бір орыннан ұзындыққа секіру әдісі.

Секіру әдістерін үйреніп келу

Спорт залдан саппен шығу




Оқушылардың залдан дұрыс шығуын қадағалау




Дене тәрбиесі пән оқытушысы: Г.Шерипова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет