Сабақ Тақырыбы: Біздің жерлестер Ұлы Отан соғысы жылдарында



Дата03.05.2017
өлшемі66,59 Kb.
#15403
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ақшиман жалпы орта білім беретін мектеп



Ашық сабақ


Тақырыбы: Біздің жерлестер – Ұлы Отан соғысы жылдарында
Өткізген уақыты: 06.05.2014

Сынып: 5-6

Мұғалім: Каймолдина А. К.

2013-2014 оқу жылы


Біздің жерлестер – Ұлы Отан соғысы жылдарында
Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу және Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, оқушыларды Отанды қорғауға, ерлік істеріне тағзым етуге, батыл да батыр, ержүрек болуға үйрету. Елін, жерін жаудан корғай білуге, батырлардың үлгісі ретінде тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ұлы Жеңістің қандай қиыншылықпен келгенін дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю. Туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Тәрбиелік: Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухына бас ию. Үлгі – өнеге түту. ҰОС қатысқан жерлестеріміздің өшпес ерліктерін дәріптеу, олардың ісіне үлгі ете отырып жас ұрпақты отансүйгіштікке шақыру.

Көрнекілігі: плакат, журнал, соғыс тақырыбындағы суреттер, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс

Сабақтың әдісі: диолог

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Кіріспе. Мұғалім сөзі.

ІІІ. Негізгі бөлім.

ІҮ. Қорытынды.
І. Ұйымдастыру.


  1. Сынып бөлмесін ретке келтіру.

  2. Оқушыларды реттеу.

  3. Тақырыппен таныстыру.


ІІ. Кіріспе. Мұғалім сөзі.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз ашық сыныптан тыс сабағымызда ҰОС туралы және ҰОС барысына үлес қосқан жерлестеріміз туралы сөз қозғаймыз.

Адамзат тарихында теңдесі жоқ, ең қаһарлы, ең қайғылы, қанды қырғын болған екінші дүниежүзілік соғыс бүкіл әлемге қисапсыз қайғы қасірет алып келгені барлығымызға мәлім. Азат елдің азаматтары осы қайғылы оқиғаны құрметтеп бір минут үнсіздікпен еске алайық.

Жер бетіндегі бейбіт өмі мен тыныш тіршіліктің тағдыры қыл үстінде тұрды.



Ел басына күн туған қатерлі шақта кеуделерін от пен оққа тосқан миллиондаған ержүрек жерлестеріміз ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қаһармандықпен қарсы алды. Туған жерін қандарымен суарған қаншама жас боздақтарымыз азаттық жолында құрбан болды. Осы боздақтардың өмірінің бір көрінісі болатын бейнекөрініске көңіл аударсақ.

ІІІ. Негізгі бөлім.

Асхат: ҰОС халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 қаралы күн мен түн, болашақ жарқын өмір үшін жан аямас соғыс болды. Осы соғыста жауды талғандап, риясыз жеңіске жету жолында қазақ халқының қосқан үлесі зор. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап, Берлинге дейін барған. Ұлы Жеңіске елеулі үлес қосқан батырларының қатарында қиелі Ақшиман өлкесінің азаматтары да болған. Бүгін біз, жас ұрпақ сол ерлерімізді, батыр аталарымызды еске аламыз.
Манап: Досанов Тайжан 1914 жылы дүниеге келген. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, Воронеж облысында болған шайқасқа қатысты. Екі рет жараланып, госпитальға түскен. Одан шыққасын Орлов облысында, Белоруссия, Польшадағы шайқастарға қатысты. 1945 жылы Германияға дейін жетіп, қараша айында туған жерге оралған.

Одан соң колхоз басқаруда бесене жұмысқа араласты. Бірнеше жыл бойы партия қызметкері болды. Зейнеткерлікке шығар алдында шаруашылық меңгерушісі болды.



«Варшава үшін», «Берлинді алғаны үшін» және «Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.
Айдана: Ашжанов Жақыпбек 1915 жылы Абыралы уезі, Айғырлы болысында туған. 1931ж. аштықта әкесі Қалиасқармен (Ашжан) Новосібір қаласына барып, аман қалған.

1941 жылы жедел түрде қайтадан әскерге шақырылып, Совет әскерлерінің дайындалмаған легімен соғысқа аттанды. 1943 жылдан бастап Екінші Украина фронтында шайқасады. 1945 жылы соғыс аяқталысымен Владивостокке келеді.

1947 жылы Новосібір қаласына барып тұрақтайды. 1956 жылы әкесінің өсиетімен елге оралып, Ақшиман совхозының «Көк үйірім» деген жеріне көшіп келеді. Ол меңгеруші, бригадир және т.б. көптеген жұмыстарды істейді. 1958 жылдан бастап Май совхозы, Алғашыр учаскесінде қой шаруашылығында жұмыс атқарған. 1961 жылы Ақшиман совхозына ауыстылылып, 1982 жылға дейін еңбек етті.

«Еңбек», «Қызыл Ту» ордендерімен, 3 мәрте ВДНХ-ның үш күміс медалімен марапатталған. Он бала өсірген.
Ермек: Егеубаев Шайғаббас Егеубайұлы 1941 жылы қазанның 18-де Отанның қорғау үшін әскерге шақырылған. Алтай артиллериялық училищесін бітірді. Ал соғысқа 1942 жылдын маусымынан бастап қатысқан. Әуелі взвод, кейін батарея командирі болған. 1947 жылы соғыстан оралды. Ерліктері үшін «Қызыл Ту», «І дәрежелі Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен екі рет және «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.

1947 жылы соғыстан оралған соң еңбекке араласты. Соғыстан кейінгі ауыр кезеңдерде ел басқару, сонымен қатар жастарды тәрбиелеу жұмыстарын жауапкершілікпен және абыроймен атқарды. Капитан шеңі бар Шайғаббас Егеубайұлы төрт жылдай әскери қызметте болды. Кейінде ағарту жұмысына, құрметті демалысқа шыққанша мұғалім болып қызмет еткен.


Асхат: Азнабаев Қаби 1916 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын Ақжар колхозында бастаған. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына Бесқарағай ауданынан аттанған. Соғыстан 1945 жылы оралды.Қаби атамыздың ерлігі жоғары бағаланып, ол «Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін» және тағы басқа медальдармен марапатталған. 1945-1946 жылдары Ақжар ауылында жылқышы болған. Содан кейін Ақшиман ауылында 1960 жылға дейін жылқы және қой бағып, «Атақты шопан» атанды.
Манап: Нурхайров Сүлеймен 1923 жылы Павлодар облысы, Май ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. 1943 жылы Брянскийде бірінші кеңестік «Артиллериялық Армияда» болды. 1947 жылы соғыстан елге оралды. Май ауданының Чапаев совхозында электрик болып жұмыс істеген. 1978-1980 жылдары механизатор болып жұмыс істеген.

Люда: Тыл ардагерлері

Айтен келіні Күлтай Сыздыққызы

1927 жылы қараша айында Павлодар облысы, Бесқарағай ауданы, Бегенді ауылында дүниеге келді. Үлкен ағасы Сыздықов Хамза 1912 жылы І Дүниежүзілік соғысқа «минаметно-действуящая Красная Армия» қатарына алынып, маусым айында соғысқа аттанды.

Екінші ағасы Сыздықов Қаббас 1941 жылы қазан айында Ұлы Отан соғысы әскер қатарына алынып, Масква шайқасына қатысты.

Сол кезде Күлтай апамыз жастайынан, 13 жасында, қалды. Бірақ қиыншылыққа қарамай Ұлы Отан соғысы кезінде өз туған ауылында тыл жұмыстарына қатысты. Содан кейін Нурхайров Сүлейменмен отбасы құрады. Күлтай апамыз 1965-1969 жылдары Ақшиман совхозында үш жыл рабкоопта жұмыс істеді. Үстімізгі жылдың сәуір айынын басында ауылымыз үшін қайғылы жағдай орын алды, бүкіл ауылымыз анасы саналған Күлтай апамыз дүние салды.
Айдана: Уызбаева Сақыш Жәкөқызы 1906 жылы қазіргі Май ауданы, «8-март» ауылында дүниеге келген. Жолдасы Баймұқанмен тұрмыс құрған. Кейіннен жолдасы Ұлы Отан соғысына аттанады. 1945 жылы ерінен қара қағаз келіп, ол екі баламен жесір қалған. Екі ұлы Алтай мен Қантай үшін күн-түн демей, жұмыс істеген. 1954 жылы тың игеруде, ауыл әйелдері ішінен бірінші болып трактор жүргізген. 1959 жылы Ақшиман совхозына көшіп келіп, осында бірнеше жыл механик болып жүріп, құрметті демалысқа шыққан.

Хор: «Жеңіс күні»

ІҮ. Қорытынды.

Мұғалім сөзі: «Күркіреп күндей өтті ғой соғыс», - десек те, отты күндер елесі біздің жадымызда, естелігімізде, тағдырымызды. 9 мамыр 1945 жыл – бұл адамзат тарихында мәңгілік есте қалатын қайғы күні, қуаныш күні.

Біздің тарихымыздың соңғы жылдардағы бағалары мен деректері қалай өзгерсе де, 9 мамыр – Жеңіс күні – өзгермей қала береді!



Ермек: Біз, Ақшиман ауылының жастары, Ұлы Отан соғысына қатысқан ақшимандық жерлестерімізден өшпес ерліктерін дәріптеуді туған халқына, ақырғы деміне қалғанға дейін қалтқысыз еңбек етуді үйренеміз.

Барлығы бірге:

Қарттарын қадір тұтқан елдің ұрпағы ретінде, ұлағатты болып ер жетіп, ертеңгі күннің сенімді иесі болуға ант етемін!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет