ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІГІ
«СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы УНИВЕРСИТЕТ» КеАҚ
Тәжірбиелік сабақ
Тақырыбы: Ежелгі дәуір әдебиетінің кейінгі кезеңдері Орындаған: Копелбаева Д.К. Тобы: ДКЯЛ-201В Тексерген : Мукашев Еркебулан Советович
ЖОСПАРЫ
Ежелгі дәуір әдебиетінің кейінгі кезеңдері
1.Ислам дәуіріндегі әдебиет (X-XII ғ.)
2.Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (XIII-XIV ғ.)
— Х-ХІІ ғасырларда Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірлерінде Қарахан мемлекетінің құрылуы. Орталығы: Баласағұн мен Қашқар қалалары.
— Ғылым, әдебиеттің дамуы. Қала мәдениеті.
Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (Х-ХІІ ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті» деген термин-ұғымды алғаш рет өз зерттеу еңбектерінде кеңінен қолданған ғалымдар Ф.Копрулузаде, Н.Банарлы және Г.Грюнебаум болды. Ал А.Байтұрсынов бүкіл түркі халықтарының Х-ХІІ ғасырлардағы тарихына қатысты болып келетін «ислам дәуірі әдебиеті» деп аталатын аса кең мағынадағы ұғым-түсінікті бертін келе қалыптасқан қазақ әдебиетін дәуірлеуге бөлу процесінде зор білгірлікпен нақтылай түскен сияқты. Ол қазақ әдебиеті тарихына талдау жасай келіп, оны төмендегідей дәуірлеуге бөліп қарастырады. «Бұрын қазақтарда жоқ сөздердің түрлері шыға бастайды. Дін күшімен емес, тіл күшімен өзін тыңдайтын сөздер шыға бастайды. Бастапқы жазба әдебиетінің бас мақсаты – тілді ұстарту, әдебиетті күшейту, көркейту болды. Сөйтіп жазба әдебиетінің өзі екі дәуірге бөлінеді. 1. Діндар дәуір, 2. Ділмар дәуір. Діндар –діншіл деген мағынада, ділмар – тілше деген мағынадағы сөздер».
Қазіргі Орта Азия мен Қазақстан жерін бір кезде мекен еткен түркі халықтарының тарихында Х-ХІІ ғасырлар қоғамдық дамудың жаңа басқышы болды. Бұл кезде түркі қауымын айдай әлемге танытқан Әбу Насыр әл-Фараби, Әба Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн, Ахмет Йүгінеки, Қожа Ахмет Йассауи т.б. тарих сахнасына шықты. Басқаша айтсақ, Х-ХІІ ғасырлар «түркі халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихында Қайта өрлеу – ренессанс дәуірі болды». Сондай-ақ енді ғылым, мәдениет, әдебиет саласындағы шығармалар бұрынғыдай араб тілінде емес, жергілікті халықтардың өз тілінде, яки түркі тілінде жазыла бастады. Араб тілі мемлекеттік тіл болудан қалды. Мұның өзі кездейсоқ құбылыс емес еді.бұл өзгерістердің бірнеше ғасыр бойы дайындалып келе жатқан тарихи алғышарттары бар болатын.
Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) Отырар қаласында дүниеге келді. Ол- ғалым, ақын, әдебиетші, «Шығыстың Аристотелі». 150 ге тарта ғылыми еңбек жазды. Музыка, математика,логика, философия, астраномия, әдебиеттану ғылымдарымен шұғылданған. 16 жасында оқу іздеп бағдатқа барады. Араб, парсы, грек тілдерін үйренеді. Күндіз бағбан болып, түнде ғылыммен айналысқан Бұхара, Шаш, Бағдатта білім алды. Өмірінің соңы Дамаскіде өтті. Шығыс ғалымдары оны Аристотелден кейінгі екінші ғұлама деп атаған.
Әбу Райхан әл-Бируни (973-1050) Ол – астраном, математик, географ, тарихшы, акын. 22 жаста ғалым атанған. Парсы, араб,грек, үнді тілдерін меңгерген. 150 еңбек жазған. Еңбектері: «Ежелгі халықтардың хронологиясы», «Астраномияның кілті» т.б. Жердің Күнді айналатынын тұңғыш рет айтты. Планеталардың қозғалу заңдылықтарын анықтады. Жер глобусының пішінін жасап, 600 ден астам қаланың координаталарын анықтады.
Махмұд Қашқари (1029-39 ж.ж). аралығында туған. Өлген жылы белгісіз. (XI ғ.) Ыстықкөл маңындағы Барысхан қаласында дүниеге келді. Қашқарда өмір сүрген.
Ол — түркі тілдерінің тұңғыш сөздігін құрастырушы, ғалым. Баласағұнда өмір сүрген. Қарахан ақсүйектері ортасынан шыққан. Ол Қашқар, Бұхара, Бағдатта білім алған. Түркі елдерін аралап, заң, арифметика, Құран, хадис бойынша білім алды. Араб, парсы тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін меңгерді. М.Қашқари — тұңғыш түркі филологы. «Диуани лүғат ат-түрк» сөздігі (Түркі тілдерінің сөздігі) еңбегін 1072-1078 ж.ж.Бағдатта жазып бітірген, бірақ қазір түпнұсқасы жоғалған. 1266 ж. жасалған көшірмесі 1915 ж. Ыстамбұл базарында ескі заттарды сатушының арбасынан табылған. Қазір Ыстамбұлдағы Фатих кітапханасында сақтаулы тұр. Бұл кітаптың қазак әдебиетіне, тіліне, тарихына, этнографиясына қатысты екендігі дәлелденген.. 6800 түрік сөзіне араб тілінде түсінік берген 3 томнан 8 кітаптан тұратын еңбекте 6800 түркі сөзі ғылыми жүйеге түсірілген. Кітапта тек түркі сөздерін теріп жазып, өзге тілден енген сөздерді қолданбаған. Ғалымның бұл кітабы ерте орта ғасырлық түркі халқының энциклопедиясы сияқты.
Зерттелуі: Стамбұлдан басылып шығуы (1915-1917). Неміс, түрік, өзбек, ұйғыр, қазіргі қазақ тіліндегі аудармалары. «Сөздікте» ауыз әдебиеті үлгілері қамтылған: Жырлар, мақал-мәтелдер, оның бүгінгі қолданыстағы казақ мақалдарымен бірдейлігі. «Қонақ келсе, құт келер», «Екі бура үйкенісер, ортасында сона жаншылар», «Құрғак касық ауызға, құр сөз кұлаққа жақпас», «Көсеуі үзын болса, қолы күймес» т.б. көптеген мақалдардың бүгінге дейін айтылатындығы.
«Жаз бен қыстың айтысы» өлеңі. Қазақ даласының мекен-жайлары туралы деректер. Окс (өгіз), Еділ өзендері, Баласағұн, Испиджаб, Тараз, Сығанақ, Қарнақ т.б. жер-су атаулары. Түріктер туралы. Жиі кездесетін есімдер: Құстегін, Алыптегін, Қүлтегін, Атыш, Сәбит т.б. түркілердің жыл қайыруы, тағамдары.
Алып-Ер Тұңға — түркі көсемі туралы жоқтау жыры. М.Қашқаридің әлемге Фирдоуси «Шаһнамасы» арқылы мәшһүр болған Афрасияптың (Махмүт Қашқариде: Алып-Ер Тұңға) тарихи тұлға екенін анықтап бергендігі. Тұрған жері, жақындары туралы деректер: кызы — Қаз, ұлы — Барсхан. Алып-Ер Тұңғаның өлімнан қашуы туралы аңыз. Оның Қорқыт аңыздарымен ұқсастығы.
Қашқаридегі насихат — дидактикалық өлеңдер. Сопылык поэзияға тән көзқарастары: уакыттың тез өтпелілігі, канағатшылдыққа шақыруы, жақсы қасиеттерге ұмтылу. Табиғат суреттері, ғашықтық жырлары.
Ғалымның дөңгелек картасы ең ежелгі түркі картасы ретінде белгілі. Мұнда ол түркі халықтарының таралық аймағын көрсетеді.
1997-1988 ж.ж. «Диуани лұғат ат-түрік» қазақ тілінде жарық көрді. Аударып, баспаға әзірлеген – А.Егеубаев. Ж.Баласағұн, «Құдатғу біліг», А.Йасауи, «Диуани хикмет», А.Йүгінеки, «Ақиқат сыйы», әл-Фараби, «Риторика» т.б., әл-Бируни, «Хикметтер», С.Бақырғани, «Бақырғани кітабы» (Тәжірибелік сабақта шығарма талданады).
Алтын Орда дәуірінің әдебиеті - 13 ғасырдың 2-ші жартысынан 15 ғасырдың соңына дейін өмір сүрген Алтын Орда мемлекетінің әдебиеті.
Алтын Орда 13-14 ғасырларды күшті мемлекет болып тұрды. Бұл тұста оның мемлекеттік беделі көтеріліп, көрші елдермен қарым-қатысы нығайды, шаруашылығы, мәдениеті өркен жайды. Осы кезде Алтын Орда қол астындағы жерлерде, әсіресе Батый сарайы, Берке сарайы, Керчь, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ сияқты кенттерде қолөнер, ғылым, әдебиет, көркемөнер өсті. Ол бір жағынан түрік текті ру-тайпалар мен халықтардың мәдениетіннен: әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, әл-Бируни, ас-Сығанақи, би Исқақ, Фирдауси, Низами, Ахмед Яссауи, Сулейман Бақырғани тәрізді ғалымдар мен ақындардың мұраларын пайдалану, ілгері дамыту, екінші жағынан көрші елдер мәдениетінен үйрену арқылы өсіп, өркендеді. Алтын Орда халқының басым көпшіліг түрік текті ру-тайпалар, халықтар, солардың ішінде қыпшақтар, оғыздар болды. Сондықтан Алтын Орда дәуірінің әдебиеті түркі тайпалары мен халықтарының бәріне бірдей түсінікті, солардың әдеби тілі - шағатай тілінде, әсіресе оның қыпшақ-оғыз яки солтүстік диалектісінде жасалды. Алтын Орда дәуірінде өмір сүрген ақын-жазушылардың, жасалған жазба нұсқалардың, әдеби шығармалардың көбі ұмытылып, жоғалып кеткен.
Аттары (кейде тек лақап есімдері) бірді-екілі шығармалары сақталған ақын-жазушылар:
Рабғұзи
Әли
Сайф Сарайи
Хорезми
Сайдахмет
Хусам Қатиб
Құтб
Дүрбек
Сақақи т.б.
Рабғұзи (13-14 ғ.) - Насреддинұлы Бұрһанеддин есімді ақын-жазушының лақап аты. Рабат шаһарының оғызы деген сөзінен қысқартылып құрастырылған. Тарихта ол көбінесе осы лақап атымен аталады. Рабғұзиден қалған әдеби мұра - "Қиссасу-л-анбия( атты үлкен жинақ. Онда 79 қисса-хикая, ертек-аңыз, әңгіме, өлең, тарих, шежіре, мақала бар. Оларда жер, көк, адамзат, хайуанат, адам-ата жайлы, әулие-әнбиелер, пайғамбарлар, сахабалар туралы баяндалады. Ізгілік, адамгершілік, зұлымдық, қайырымдылық, махаббат, ғадауат, қастық, достық т.б. сөз етіледі.
Әли (13-14 ғ.) - Хорезмнен шыққан ақын. "Қисса Жүсіп деген дастан жазған, онда Фирдауси жырлаған Жүсіп пен Зылиха жайындағы аңыз баяндалады. Өзі мен шығармалары жөнінде осыдан баысқа мәлімет жоқ.
Сайф Сарайи (13-14 ғ.) "Гүлстан" атты шығармасымен әйгілі болған. Ол Шираздық Саһдид ақынның "Бустан" атты шығармасы негізінде жазған. Соның кей жерін қысқартып, кей жерін ұзартып, өзінше жырлаған.
Хорезми (14 ғ.) - үлкен ақын. "Мұхаббатнама" атты поэма жазған. Поэмасында "Сырдария жағасында жасадым. Мұхаббатнама сөзін сонда бірінші айттым" дейді. Сыр бойындағы Жезді қаласында тұрған сияқты.Шын аты-жөні, басқа шығармалары сақталмаған. "Мұхаббатнама" мақсатына жете алмаған жігіттің ғашығына айтқан арнау сөзі түрінде жазылған. Он бөлімнен немесе үлкенді-кішілі он өлеңнен тұрады. Өлең тармақтары көбінесе он бір буынды болып, маснауи, қасида, ғазал түрінде қиыстырылған. Сюжеті қисынды, қызықты, тілі көркем поэма. "Мұхаббатнама" - Алтын Орда дәуірінің әдебиетінің ең көрнекті нұсқасы.
Хұсам Қатиб (14 ғ.) - "Жұм-жұма" атты поэманың авторы. Бұл поэма Низами поэмаларына еліктеу түрінде жазылған.
Құтб (14 ғ.) "Хисрау Шырын", "Фархад- Шырын" дастандарын жазған. Бұларды автор өзінен бұрынғы ақындар баяндаған тақырыпты өзінше жырлайды. Бұл екі дастанды аттас Низами шығармаларының түрікше нұсқасы десе де болады.
Сайдахмед (14-15 ғ.) "Таһшшуқнама", "Саонама" дастандарын жазған ақын.
Дүрбек (14-15 ғ.) мұсылман елдерінің бұрын-соңды өткен ақындары жырлаған "Жүсіп-Зылиқа" аңызын түркі тіліне дастан еткен. "Осы тамаша аңызды өз тілімізде дастан етіп жазуды мақұл көремін"- де"ді ақын. Оны 1409 ж. аяқтағанын аңғартады.Дүрбек жайында басқа мәлімет жоқ.
Сақақи (15 ғ.) Сырдария мен амудария аралығынан мекендеген ру-тайпаларынан шыққан. Алтын Орда дәуірінің үлкен ақындарының бірі. Өлеңдердің көбіне дүние жайында лирикалық болып келеді.
Сонымен Алтын Орда дәуірінде оның қол астына қараған ру-тайпалар мен халықтардың үлкенді-кішілі бірсыпыра ақын-жазушылары, тума әдебиеті болды. Онда ацдарма шығармалар да едәуір орын алады.
Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар
1.Келімбетов Н. Қазақ әдебиеті ежелгі дәуірі. Оқулық. –А.1986.
2.Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Хрестоматия. / Құрастырған А.Қыраубаева/. –А.1991.
3.Келімбетов Н. Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық-хрестоматия. –А.,1996.
4.Қоныратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. –А.,1991
5.Қоныратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. –А.,1987
Достарыңызбен бөлісу: |