№26 жалпы орта білім беретін мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты»
7-сынып
Мұғалімі:Иманғалиева А.С.
2010-2011 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты»
Сабақтың мақсаты:
І Білімділік: Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадратының формуласын қорытып шығару , білік дағдыларын қалыптастыру, есептерді шешу кезінде тиімді пайдалана білуге үйрету.
ІІ. Дамытушылық: Өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
ІІІ. Тәрбиелік: Оқушыларға экологиялық тәрбие бере отырып,оларды шыдамдылыққа, дәлдікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақта қолданған әдістер: топтық, проблемалық ситуацияны шешу.
Сабақтың типі: Интегралдық
Пәнаралық байланыс: экология, информатика.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, белсенді тақта, активоид,компьютер.
Сабақтың жоспары:
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ Жаңа сабақ. 1. Ой қозғау сұрақтары
2. Проблеммалық ситуация
3. Формуланы пайдалану
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
1.Тест жұмысы
2. Математикалық лото ойыны
3. Үлестірме карточкалар «Бос орынды толтыр».
V. Қорытындылау: ( Рефлексия)
VІ. Үйге тапсырма
VІІ. Бағалау.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
1. Қызығушылықты ояту мақсатында логикалық есептерді интерактивті тақта арқылы көрсетіп жауап берулерін сүраймын. Сұрақтар
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Қайталау сұрақтары, үй тапсырмасын дәптерлерінен тексеріледі.
ІІІ Жаңа сабақ. 1. Ой қозғау сұрақтары Слайд
2. Проблеммалық ситуация арқылы жаңа тақырыпты ашу мақсатында үш топқа да төмендегідей тапсырмалар беремін. Әр қатарды бір топ деп тақтаға берілген тапсырманы орындауын сұраймын.
І топ: (m+n)(m+n) ІІ топ (х-y)(х-y) ІІІ топ (c+d)(c+d)
Нәтижесін талдап, қорытынды жасаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |