Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
І.Ұйымдастыру.
Топтастыру стратегиясы
(4 мин)
|
-
Сыныпты 3 топқа бөлу. суретті карточкалар арқылы топқа бөлу.
-
Топ ережесімен таныстыру
|
-
Өздері таңдап алған карточкалардың суреттері бойынша топқа бөлінеді.
-
Өздері топ басшысын сайлайды.
-
Барлық топ бірлікте топ ережесімен танысады
|
ІІ. Миға шабуыл.
(5 мин)
|
Суреттері бар карточкалардың артында берілген сұрақтар бойынша жауап алады.
|
Карточканың артындағы сұрақтар бойынша жауап береді
|
ІІІ. «Қызығушылықты ояту»
(5 мин)
|
Ұлы Жібек жолы туралы, Әл-Фараби туралы бейнебаяндар көрсету арқылы сыни тұрғыдан ойлануға бағытталған сұрақтар қояды.
|
Бейнежазба арқылы оқушылар өз ойларын айтады.
|
ІV. Мәтінмен жұмыс
3 мин
7 мин
4 мин
V. Дискуссиялық карта (6 мин)
|
Топтық тапсырма:
Әр топқа Әл-Фараби туралы мәтін тарату
Бейнежазба, мәтін арқылы
постер жасату
постер қорғату
Жаңа тақырып бойынша қамтылған дискуссиялық картаны оқушыларға таратады.
|
Оқушылар мәтінмен өз бетімен танысады.
Барлық топ Әл-Фараби туралы белгіленген уақыт ішінде флипчартқа жазып шығады және қорғайды.
Оқушылар дискуссиялық картаға жауаптарын жазып, топтар бір-бірін тексереді.
|
Үй тапсырмасын беру (1 мин)
|
|
Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
|
Бағалау (3 мин)
|
Оқушыларды формативті және жиынтық бағалау. Топтағы белсенді оқушыларға жетон беріледі. Алған жетон түсіне қарай баға қойылады. Қызыл түс-«3», сары түс-«4», жасыл түс-«5»
|
Топтағы тексерген картасына баға қою арқылы, оқушылар бір-бірін бағалайды.
|
Рефлексия (2 мин )
|
Сабақтан алған әсерлерін, көңіл- күйін білдіру үшін стикерлер тарату
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге бейнелейді.
|