Сабақ тақырыбы: Электролиттер мен бейэлектролиттер. №1 көрсетілім



бет1/2
Дата03.09.2023
өлшемі44,94 Kb.
#180121
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
1- сабақ электролит, бейэлектролит




Мектеп:

41 мектеп- лицейі

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Бергалиева Гульмайра Калимуллиновна

Күні:

1 қыркүйек 2023 жыл

Сынып: 9 «А»

Қатысушылар 24

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы:

Электролиттер мен бейэлектролиттер.
1 көрсетілім «Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясы»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

9.4.1.1 -электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білу және мысалдар келтіру
9.4.1.2 -заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Электролиттер мен бейэлектролиттерді ажыратады.
Электрөткізетін заттардағы химиялық байланыс түрін анықтайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт



Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


5 минут
Білу

Психологиялық ахуал туғызу. Парталас оқушы бір-біріне жағымды тілек айтып үйдің төбесін жасайды.
Ұйымдастыру
- Сыныптың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау;
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу
- Топқа бөлу: Оқушыларды бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арқылы 4 топқа бөлу. Әр оқушыға қима қағаздар таратылады. Әр қағазда H2SO4, CaO, HCI, AICI3, NaOH, KOH, CaSO4, H3PO4, NaNO3, Zn(OH)2, Ba(OH)2, H2CO3,H2S, Sr(OH)2, LiOH, AI2O3, Na2O, P2O5, HNO3,HBr, N2O5, BaO, NaCI, K2SO4, AgCI заттардың формулалары бейнеленген. Сол формулалар арқылы 4 топқа бөлінеді.
І топ “Оксидтер”
ІІ топ “Қышқылдар”
ІІІ топ “Негіздер”
ІV топ “Тұздар”
Өз топтарының анықтамаларын айтып, еске түсіреді.Топ ережесін айтады.Топ басшысы сайланады.Әр топтың топ басшысына критериалды бағалау парағы үлестіріледі. Әр топтың қолындағы формулалары қандай байланыспен байланысқан,үй тапсырмасына көшеді.

Былтырғы жылғы алған білімдерін тексеру барысында химиялық байланыстардың түрлерін нақтылау үшін ашық


сұрақтар қойылып, тапсырмалар орындалып, тексеріледі.
1. Химиялық байланыстың қандай түрлерін білесіздер?
Механизмдері қандай?
2. Иондық, коваленттік полюссіз және полюсті байланыс арқылы түзілетін қосылыстың формулаларын ажыратыңдар: N2, H2O, PH3, F2, KCI, I2, AIF3, SiO2, CaO, NaNO3.
3. Берілген иондық қосылыстардың ион зарядын көрсетіңдер: NaCI, Na2SO4, NaOH, Ba(OH)2, CuSO4, AI2(SO4)3.
4. Қандай қосылыстар иондық байланыс түзеді? Олардың жалпы физикалық қасиеттері қандай?

Пән аралық сипаттағы төмендегідей жетектеуші сұрақтарға жауап алынады:



  1. Электр тогының табиғаты жөнінде не білесіңдер?

  2. Металдардың электрөткізгіштігінің себебі неде?

  3. Өткізгіштер дегеніміз не?




Оқушылар бір- біріне қарап жағымды тілек айтып, бір үйдің астында белгісін жасайды.
Мұғаліммен амандасады.

Оқушылар таратылған қима қағаздары арқылы топқа отырады. Заттардың формуласын атайды. Топтың аттарын классификация бойынша атайды, анықтамасын айтады.


Оқушылар заттардың формулалары арқылы 4 топқа бөлінеді.


Топ ережесін құрады. Топ басшысын сайлайды. Әр топтың топ басшысына критериалды бағалау парағы үлестіріледі. Топ басшысы критерийлерді ескеріп, жауап берген топ мүшелерін бағалап отырады.


Оқушылар былтырғы білімдері бойынша жауап береді. Флипчартта жазылған тапсырмалар орындалады.


Оқушылар тапсырмаларды тақтада орындайды.


Оқушылар әсіресе, заттардың физикалық қасиеттері: қаттылық, баяу балқығыштық қасиеттерін айтады.Оқушылар физика курсынан білетін мәліметтерді қайталаған соң, дәптерлеріне мынадай қорытынды жазады: Электр тогы дегеніміз – зарядталған бөлшектердің (электрон мен иондардың) бағытталған қозғалысы.



ҚБ
Мадақтау, қолдау

Әр топтың топ басшысына критериалды бағалау парағы үлестіріледі. Топ басшысы критерийлерді ескеріп, жауап берген топ мүшелерін бағалап отырады.



Қима қағаздағы химиялық формулалар.

Сабақтың ортасы
30 минут

Түсіну

Қолдану

Талдау


Жинақтау

Бағалау


Оқушылар күннің жады мен сабақтың тақырыбын жазып болған соң, сабақтың мақсатын шығару қажеттігі айтылады.
Өткен тақырыппен байланыстыра отырып, тәжірибе нәтижесінде электролиттер және бейэлектролиттер, электролиттік диссоциация ұғымын ашу мақсатында 4 топқа тапсырма беріліп, әр топ постер құрап, қорғайды.
Тапсырма № 1.
І топ: Электролиттер дегеніміз не? Электролиттер құрғақ күйінде не себепті электр тогын өткізбейді?
ІІ топ: Бейэлектролиттер дегеніміз қандай заттар, не себепті электр тогын өткізбейді?
ІІІ топ: Электролиттер мен бейэлектролиттер молекуласының айырмашылығы неде? Ұқсастықтары бар ма?
ІV топ: Электролиттік диссоциациялану деген не?

Оқушыларға интербелсенді тақтадан мынадай тапсырмалар беріледі.


Тапсырма № 2.
І топ: Формулалары берілген заттардың қайсысы электр тогын өткізеді, қайсысы өткізбейді:
AICI3, C6H12O6, CH4, NaNO3
ІІ топ: CaCO3,HCI, CaO, KOH
II топ: O2, LiNO3, Na2SO4, CH3COOH
ІV топ : MnO2, NaOH, H2SO4, бензин




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет