Сабақ Тақырыбы: «Генетикалық ақпарат»



бет1/3
Дата22.08.2017
өлшемі410,55 Kb.
#24138
түріСабақ
  1   2   3
Астана қаласы білім басқармасы

«№84 мектеп – лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Келісемін» «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі Мектеп – лицей директоры

_________Нургалиева З.Р. ___________Жусупова З.Г.

«___»___________2016 ж. «_____» __________2016



АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: «Генетикалық ақпарат»

Сыныбы 9 «А»

Пәні: Биология

Пән мұғалімі: Сулейменова З.Б.


Астана, 2016 жыл.

Ашық сабақ

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні: 11.10.2016 ж.

Уақыты: сағ. 0940

Өтілетін орны: 101 кабинет

Пәні: биология

Пән мұғалімі: Сулейменова З.Б.

Сыныбы 9 «А»

Сабақтың тақырыбы:«Генетикалық ақпарат»

Сабақтың мақсаты:


  • Генетикалық ақпараттың құрылымын сипаттау;

  • Генетикалық код, триплет, кодан, антикодан ұғымдарын түсініп, талқылау;

  • Тұқымқуалаушылық ақпаратты таратудағы хромосомалардың, ДНҚ мен РНҚ-ның атқаратын рөлдерін анықтау.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар:



  • Генетикалық ақпараттың құрылымын сипаттайды;

  • Генетикалық код, триплет, кодан, антикодан ұғымдарын түсініп, талқылайды;

  • Тұқымқуалаушылық ақпаратты таратудағы хромосомалардың, ДНҚ мен РНҚ-ның атқаратын рөлдерін анықтайды.

  • топта жұмыс жасап,өзара қарым-қатынас

құзіреті дамиды;

  • бірлесе отырып оқу арқылы жаңа білім меңгеріледі.

Әдіс - тәсілдер:Сұрақ- жауап, ой қозғау, «Ақылды доп» ойыны, «Кім

жылдам» әдісі, «Биологиялық диктант» әдісі,

топтастыру, жеке және топтық жұмыстар, тірек- сызба,

қалыптастырушы бағалау, кері байланыс және

Блум бойынша (білу, түсіну, талдау, жинақтау, қортындылау, бағалау)

Ресурстар: стикерлер,маркерлер, плакаттар,оқу әдістемелік құралдар.

Бағалау:Қалыптастырушы бағалау; бармақпен көрсету,стикерлер

беру,табыс критерийлері,бағалау шарты, парағы



Сабақтың барысы:



уақыт

Бөлім

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

8 мин

Кіріспе

1.Ұйымдастыру

2.Үй жұмысын пысықтау

3.Үй жұмысын қорытындылау



Мұғалім амандасады,оқушыларды түгелдеп, ортаға шеңбер жасатады.

«Ақылды доп» ойынын ойнатады. Содан соң түрлі – түсті парақшалар таратып, сол бойыншатоптастырады.

Биологиялық диктантты тақтадан көрсету арқылы үй жұмысын қорытындылайды.


Оқушылар амандасады,ортаға шеңбер құрып, ойынды ойнайды. Оқушылардопты лақтыру арқылы бір – біріне сұрақтар қойып, жауап беріпүй жұмысын пысықтайды.

Биологиялық диктантқа жауап береді.




10 мин

Таныстырылым

1.Ой қозғау

2.Мәтінмен, жеке дәптермен жұмыс

Блум б/ша

білу, түсіну кезеңі.


Мұғалім тақтадан бірнеше сөздер мен суреттер көрсетіп «Ой қозғау» жүргізеді. Сұрақ беру арқылы оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды,

Күтілетін нәтиже тақтадан көрсетіледі. Топқа мәтінді бөліп береді.Мәтінді оқып шығып, дәптерге тірек - сызба ретінде түсірулерін тапсырады.




1. Мәтінді оқып шығып, дәптерге тірек - сызба ретінде түсіреді.
2.Оқушылар берілген тапсырмалармен жұмыс жасап,топта талқылайды

17мин
8 мин
8 мин

1 мин



Негізгі

Бөлім


Блум б/ша

талдау кезеңі

Жинақтау кезі


1.Мұғалім жаңа тақырып бойынша мәтіннен түсінгендерін «Кім жылдам» әдісі бойынша талқылатады.

(Бұл әдіс барлығыда мәтінмен толық танысып шығу үшін жасалады)



2.Топтық жұмыс ұсынады.

І – топқа «Домино» әдісімен маңызды сөйлемдерді құрастыру.

ІІ- топқа «ДНҚ- ның аРНҚ- ға көшірілуін жазу»

ІІІ – топқа «Орнына қою» берілген триплет, кодан, антикодандарды ретімен орналастыру

Постерді инсерт бойынша жасап, негізгі мәселенің сипатын ашу тапсырылады.

Постер жасау



3.Сергіту сәті«Аустралиялық жауын» ойыны. Бұл ойын топ оқушыларын ынтымақтастыққа, сыйластыққа, бірін-бірі тыңдай,түсіне білуіне көмектеседі. Ойынның шарты:

  • Қолды бір-біріне үйкелеу,

  • Қолды шерту,

  • Жұдырықты алақанға ұру,

  • Алақанды аяққа ұру,

Аяқпен бір орында тұрып жерге ұру

1. Жауап беретін топтағылар кітапты жауып қойып, дәптердегі жазған анықтамалары бойынша жауап береді. Сұрақты басқа топтағылар кітаптан қарап қояды.
2.Тапсырылған тапсырма бойынша топтық жұмыс жасайды.

3.сергіту сәті

Оқушылар ойынды ойнап, орындарына отырады.

.


10

мин


Қорытынды

Қорытындылау кезі

Бағалау



Бағалау кезі

1.Мұғалім сабақты «Жоба қорғату» арқылы қорытындылайды

2. Әр топтың жұмысын басбармақпен бағалау

3. Үйге тапсырма: §12 тақырыпты мазмұндап, тірек – сызба ретінде дәптерге түсінік жазу.

Ерекше тапсырма. «Генетикалық ақпаратқа» байланысты хабарлама немесе презентация жасап келу

4. Жинақты баға қою.

5. Кері байланыс


1.Жоба қорғау

оқушылар өзара талқылау барысында тақырыпқа толықтырулар жасайды

2.Бірін- бірі бағалайды.

3.Үй жұмысын жазып алады

4.Мұғалімге жинақты бағаларын қойғызады

5.Кері байланыс жасайды

«Жеміс себетін» толтыру



Сабақтың өткізілу барысы бойынша өзіндік талдау

Сабақтың тақырыбы: «Генетикалық ақпарат»

Сабақта қойған мақсатым: Генетикалық ақпараттың құрылымын сипаттау;

Генетикалық код, триплет, кодан, антикодан ұғымдарын түсініп, талқылау;

Тұқымқуалаушылық ақпаратты таратудағы хромосомалардың, ДНҚ мен РНҚ-ның атқаратын рөлдерін анықтау – болды.

Ашық сабаққа 9 «А» сыныбын алған себебім: бұл сыныпқа осы оқу жылының басынан сабақ беріп келемін. Балалардың сабаққа қызығушылығы басым. Биология пәнінен оқу сапасы да жоғары десем болады.

Сабақта қолданған әдіс – тәсілдерім: сұрақ- жауап, ой қозғау, «Ақылды доп» ойыны, «Кім жылдам» әдісі, «Биологиялық диктант» әдісі,топтастыру, жеке және топтық жұмыстар, тірек - сызба, қалыптастырушы бағалау, кері байланыс және

Блум бойынша (білу, түсіну, талдау, жинақтау, қортындылау, бағалау) болды. Сабақтың өткізілуіне тоқталсам:



Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды түгелдеп, оларды ортаға шеңбер құруға шақырдым. Шеңбер құрып «Ақылды доп» ойынын ойнайтынымызды айттым. Ойынның шарты допты мен сұрақ қойып бір оқушыға лақтырамын, ол оқушы сұраққа жауап беріп, қайтадан өзі сұрақ қойып келесі басқа оқушыға допты лақтырады. Осылай үй жұмысына талдау жасалды.Үй жұмысын қорытындылау мақсатында «Биологиялық диктант» алдым. Тақтадан диктантты көрсетіп, балалардан жауаптарын алып, соңында дұрыс жауабын көрсеттім. Содан соң ой қозғау жүргіздім. Тақтадан бірнеше сөздер мен суреттер көрсеттім. Осы сөздердің қайсысы сендерге таныс, қай суретті білеміз? – деген сұрақтарға оқушылар өз ойларымен жауап берді.



Каталог: uploads -> doc -> 1366
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1366 -> Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні: Искакова Г. Б 9 «А» сыныбы. Оқушының саны 8
1366 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға диалект сөздер туралы түсінік бере отырып, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту
1366 -> Тақырыбы: Егеменді елім – Қазақстан! Мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет