Сабақ Тақырыбы: Гимнастика. Саптық жаттығулар



Дата10.06.2017
өлшемі130,12 Kb.
#19077
түріСабақ
№45 «Ақ-Орда» мектеп-гимназиясы

АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Гимнастика.

Саптық жаттығулар


Сыныбы: 5«а» сынып (қыздар).
Пән мұғалімі: Жұманқұлов Алмат Асылбекұлы.

Күні: 21.12.2015 жыл.

2015-2016 оқу жылы



Cабақ жоспары № 44
23. 12. 2015 – 5 «а» сыныбы (қыздар).

Сабақтың тақырыбы: Гимнастика . Саптық жаттығулар.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қатарда және лекте орындалатын саптық жаттығуларды үйрену

Дамытушылық: Ептілік, төзімділік , қимыл-қозғалыс

дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Жігерлікке, ұстамдылыққа , ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: ысқырық , секундомер, көрнекіліктер.

Өтілетін жері: Спортзал

Өткізуші мұғалім: Жұманқұлов Алмат Асылбекұлы.


Сабақ бөлімі

Сабақтың мазмұны


Уақыт

Әдістемелік нұсқаулар

Дайындық бөлім

15 мин


Сапқа тұру , мәлімдеме қабылдау, амандасу

Сабақтың тақырыбымен таныстыру

Бір орындағы саптық бұрылыстар

Бір орында адымдау



Жүру түрлері:

Кәдімгі жүріс (походная ходьба)

Аяқтың ұшымен жүру

Өкшемен жүру

Аяқтың ішкі қырымен жүру

Аяқтың сыртқы қырымен жүру

Спорттық жүріс

Жүгіру түрлері:

Кәдімгі , бірқалыпты жүгіріс

Тіркеме адыммен оң , сол жақпен

Аяқты айқастырып оң, сол жақпен

Теріс қарап жүгіру

Оң және сол иыққа вертикаль осьтің бойымен

айналып жүгіру

Тізені жоғары көтеріп жүгіру

Балтырды артқа сермеп жүгіру

Түзу аяқты алға және артқа сермеп жүгіру

Барлық жылдамдықпен жүгіру

Баяу жылдамдықпен жүгіру



Демді қалпына келтіру

Жалпы дамыту жаттығулары:

1) Б.Қ. – негізгі тұрыс

С-қ. 1 – екі қолды жоғары көтеріп , оң аяқты артқа беріп ұшына қойып керілу

С-қ. 2 – бастапқы қалып

С-қ. 3 - екі қолды жоғары көтеріп , сол аяқты артқа беріп ұшына қойып керілу

С-қ. 4 – бастапқы қалып

2) Б.Қ. – аяқ иық көлемінде, қол белде

С-қ. 1 – 4 – басты оңға қарай айналдыру

С-қ. 5 – 8 – басты солға қарай айналдыру

3) Б.Қ. – аяқ иық көлемінде, қол бүгілген кеуде тұста

С-қ. 1 – 2 – бүгілген қолдарды артқа сермеу

С-қ. 3 – 4 – қолды жазып денені оңға бұрып артқа сермеу

С-қ. 5 – 6 – бүгілген қолдарды артқа сермеу

С-қ. 7 – 8 – қолды жазып денені солға бұрып артқа сермеу

4) Б.Қ. – аяқ иық көлемінде, қол белде

С-қ. 1 – 4 – денені оңға қарай айналдыру

С-қ. 5 – 8 – денені солға қарай айналдыру

Б.Қ. – аяқ иық көлемінде, қол белде

С-қ. 1 – 4 – белді оңға қарай айналдыру

С-қ. 5 – 8 – белді солға қарай айналдыру



5) Б.Қ. – аяқ иық көлемінде

С-қ. 1- қолдарымызды жоғары көтеріп керілу

С-қ. 2- алға иіліп қолды аяқтың ұшына тигізу

С-қ. 3- отыру

С-қ. 4 – Б.Қ.

6) Б.Қ. – негізгі тұрыс

С-қ. 1- жүрелей отыру

С-қ. 2- қолды тіреп етпеттей жату

С-қ. 3- жүрелей отыру

С-қ. 4 – Б.Қ.

7) Б.Қ. – аяқты алшақ қойып, алға еңкею

С-қ. 1-4- Денені оңға , солға бұрып қолды аяқтың ұшына тигізу («Диірмен» жаттығуы)



8) Б.Қ. – негізгі тұрыс, қолды алға созып ұстау

С-қ. 1- оң аяқты түзу алға сермеу

С-қ. 2- Б.Қ.

С-қ. 3- сол аяқты түзу алға сермеу

С-қ. 4 – Б.Қ.

9) Б.Қ. – аяқты алшақ қоямыз

С-қ. 1- оң аяққа отырып сол аяқты түзу созу

С-қ. 2- Б.Қ.

С-қ. 3- сол аяққа отырып оң аяқты түзу созу

С-қ. 4 – Б.Қ.

10) Б.Қ. – негізгі тұрыс , қолды алға созамыз

С-қ. 1 – 4 – оң аяқтың тобық буындарын және білезік буындарды ішке , сыртқа айналдыру

С-қ. 5 – 8 – сол аяқтың тобық буындарын және білезік буындарды ішке , сыртқа айналдыру

11) Б.Қ. – негізгі тұрыс

С-қ. 1- жоғары секіріп екі аяқты иық көлеміне екі жанға ашып түсеміз

С-қ. 2- Б.Қ.

С-қ. 3- жоғары секіріп оң аяқты алға сол аяқты артқа қойып түсу

С-қ. 4 – Б.Қ.

12) Бір орында адымдау


2 мин

2 мин


4 мин

1 мин


6 мин

6-8 рет


4-6 рет

6-8 рет

6-8 рет
4-6 рет

4-6 рет


6-8 рет

6-8 рет


4-6 рет

6-8 рет
6-8 рет



Интервалдың сақталуына, спорт киімдерінің талапқа сәйкестігіне мән беру

Санақпен орындау

Дистанция сақтау

Адым қашықтығы 60-70 см.

Қолды жоғары көтеру

Қол белде, денені түзу ұстау

Қолды алға созамыз

Қолды жанға созамыз

Аяқ бір сызықтың бойына өкшеден табанға қойылады

Дистанция сақтау

Қолды алға, артқа айналдыру

Қолды жанға созамыз

Артқа сол иықтан қараймыз

Түзу сызықтың бойымен тепе-теңдік сақтауға тырысу қажет

Тізені 90 градусқа көтеру қажет

Өкшені жамбасқа тигізу

Қол белде , тізені бүкпейміз

Ысқырықпен жылдамдықты ауыстырамыз

Терең тыныс алып , шығару

Үлкен амплитудада орындау


Жоғарыға қолдың ұшына қараймыз
Көздерімізді жұмып орындауға да болады

Қолдарды мүмкіндігінше үлкен амплитудада артқа сермеу қажет

Денені оңға , солға 90 градусқа бұрамыз , алақан алға қарайды

Мүмкіндігінше үлкен амплитудада орындау


Мүмкіндігінше үлкен амплитудада орындау, денені түзу ұстау
Жоғары қараймыз

Тізені бүкпейміз

Қолды алға созамыз

Қолды алға тірейміз

Қолды бүкпей денені түзу ұстау

Қолдарды жанға созып ұстау

Қолдарды бір сызықтың бойында ұстау қажет

Алақан төмен қарайды

Оң аяқты сол қолға , сол аяқты оң қолдың алақанына тигізу

Дене салмағын бір аяққа салып екінші аяқтың сіңірлерін , тізе буынды қыздыру


Алақан бүгілген (жұдырықта)

Денені түзу ұстау


Қолдарды жанынан жоғары және бір қолды алға екінші қолды артқа созамыз

Санақпен барлығы бірдей



Негізгі бөлім 27 мин.

Бір қатарлық сапқа тұру

Саптық жаттығулар жайлы теориялық мәлімет



Бір орындағы бұрылыстар



Бір қатардан екі және үш қатар құрау

Бір қатардан үш лек құрау



Бір лектік қозғалыста қарама-қарсы бағытта , зигзагпен, жыланша жүру.



Қозғалыс кезінде бір лектен екі , төрт лек құрау және төрт лектен екі , бір лек құрау



Қозғалыс кезінде бір лектен үш лек құрау



Бір орында адымдап тұрып алға адымдауды лекте және қатарда жасау



1 мин


4 мин
3 мин
4 мин

5 мин


5 мин

5 мин


Интервал сақтап , түзу тұру

Мұқият тыңдауын қадағалау

Қатарда тұрған кездегі бір-бірінен ара-қашықтықты интервал , лектегі ара-қашықтықты дистанция деп атаймыз.

Екі санаққа орындаймыз

Үш санақпен орындалады.

Бірінші номерлер екіншінің артына , үшінші номерлер алдына орналасады.


Біріншілер орнында бұрылса 2-ші және 3-шілер тепе-теңдікті сақтай отырып сол иықты алға беріп қысқа қадамдармен 3 лектік сап құрайды.
Дистанция сақтап саптан шықпауға тырысамыз.
Бір лектік сап залдың жоғарғы немесе төменгі ортасына барған кезде «Залдың ортасымен бір немесе екі немесе төрт лекпен!» деген пәрмендер бойынша орындалады.

Екі лектің бастаушылары залдың ортасында бір мезетте кездесуге тырысу қажет.

Қозғалыста алдын ала 3-ке саналып мұғалімнің «3 лекпен солға бұрыл!» пәрмені бойынша залдың жоғарғы немесе ортаңғы ортасынан алғашқы 3 оқушы солға бұрылып тепе-теңдік сақтап жүрісін жалғастырады да қалған әр үштіктің соңғылары «бұрыл!» пәрменін беріп отырады.


Қорытынды бөлім 3 мин

Сапқа тұру , назар аудару жаттығуы, сабақты қорытындылау, бағалау , үйге тапсырма беру,

қоштасу, 1 лектік саппен алаңнан шығып киініп-шешіну бөлмесіне кіру.


3 мин



Жаттығу жасаған кезде жіберген негізгі кемшіліктерге тоқталу, жақсы орындаған оқушыларды атап өту.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет