Технологиялық карта
Пән: Қазіргі қазақ әдебиеті
Сабақ тақырыбы: І.Есенберлин өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:І. Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат. Еңбектерімен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік:І. Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат беру, кеңінен таныстыру. ХУ-ХІХ ғасырлардағы қазақ халқының тарихи шежіресін түсіндіру.
2. Дамытушылық: Әдеби-теориялық білімдерін арттыру, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру. Ойлау, жүйелі салыстыру қабілеттерін жетілдіру.
3. Тәрбиелік:тарихи көркем шығармадағы ұлттық рухты негіздеп, ұлттық сананы қалыптастыру, адамгершілікке. адамдық сүйіспеншілік өсиеттерге баулу, азаматтық, гуманистік қасиеттерді дарыту, еліне,халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу
Сабақ типі: жаңа білімді игерту сабағы
Сабақ түрі: практикалық, әдеби-танымдық
Оқыту технологиясы: СТО, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдер (Топтық, шығармашылық ізденіс т.б.).
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, әңгімелеу, түсіндірмелі - хабарлау әдісі, жеке, топтық, жұптық ізденіс жұмыстары, жинақтау, салыстыру, ББҮ, мағынаны тану, қызығушылықты ояту, ой-толғаныс, шығарманы талдау, топтастыру, түсініктеме күнделігі, іздену, шығармашылық тапсырмалар, тест-интервью.
Сабақтың көрнекілігі: сызба кестелер, қазақ әдебиеті оқулығы, көркем әдебиеттер, І.Есенберлин шығармалары, слайд, кестелер
Сабақтың техникалық құралдары: интербелсенді тақта, жазушы өмірі жайлы слайд, видео-бейне
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Әдебиеттер тізімі:
С.Қирабаев «Әдебиет және дәуір талабы». Қазақ энциклопедиясы.
Тоқсамбаева А. Қазіргі қазақ әдебиеті (1960-2000ж). Дәрістер жинағы, Семей 2011.
Мұқаметжан Қаратаев, Ізденіс іздері. Әдеби-сын мақалалар. Жазушы,Алматы, 1984
Сабақтың модулі:
Ұйымдастыру кезеңі. Білім алушы назарын сабаққа аудару, оқу - құралдарын түгендеу.
Үй тапсырмасын сұрау
Ә.Кекілбаев шығармаларына талдау.
Сын-зерттеу еңбектеріне тезис құру.
Аудармаларынан үзінді оқу, сюжеттік-композициялық талдау.
Бір өлеңіне сатылай кешенді талдау.
Мақсат қою және оқу-әрекетіне қызығушылықты ояту /мотивация/
ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН ТУРАЛЫ 10 ДЕРЕК
1. Қазіргі қазақ қоғамы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясын негізге ала отырып, тәуелсіз ұлттық мемлекеттік ұғымын ұлықтауда. Осы жолдың кейбір бағыттары өткен ғасырдың ең қиын да, шырғалаңды кезеңдерінде дүниеге келген Ілияс Есенберлиннің еңбектерінен көрініс тапқан.
2. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы 30 жылдың ішінде 50 рет басылып, жалпы тиражы 3 млн данадан аса шығарылған және әлемнің 30 тіліне аударылған.
3. Ілияс Есенберлин 1937 жылы Қазақстан компартиясының Х съезіне студенттер атынан делегат болып қатысып, тұңғыш Қазақ КСР Конституциясының қабылдануына куәгер болған.
4. Ілияс Есенберлин Ұлы Отан соғысы қатысып, 46-шы танктер полкіне қарасты 84-ші мотоатқыштар дивизиясында саяси жетекші міндетін атқарған. Соғыстағы ерліктері үшін «Қызыл жұлдыз» ордені марапатына ұсынылған.
5. Ілияс Есенберлиннің жұбайы Диляра Жүсіпбекова 20-30 жылдары белгілі совет-партия қайраткері, жазушы, Сәкен Сейфуллиннің қызметтесі, Қазақстандағы бірінші Әділет халық комиссары, ең бірінші болып Николай Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романын қазақ тіліне аударған Хамза Жүсіпбековтың қызы.
6. Алтын Орданың қазаққа келуі – Алтын орда қазақ жерінде дүниеге келсе де, осынау далалық алып, қуатты мемлекеттің отаны болса да, орыс тарихшылары біздегі сол ірілікті мойындамаған. Осы тұрғыда Ілияс Есенберлин географиялық жағынан да, этникалық жағынан да, қазақ Алтын орданың тікелей мұрагері екенін дәлелдеп берді.
7. Ілияс Есенберлинмен тығыз араласқан жазушы Қабдеш Жұмаділов: мені алғашқы қызықтырғаны Ілияс Есенберлиннің өзі емес, «ешкімге ұқсамайтын, немістің бір емес Эссен және Берлин деген үлкен қаласының атын біріктіріп тұрған фамилиясы» - деген екен.
8. Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер»-мен қатар көптеген шығармаларында жиі кездесетін сөз «импрам». «Импрам» түрік сөзі болғанымен қазақша мағынаасы «қара халық» ұғымын білдіреді. Жазушы халыққа өте жақын болған: халық менің ең жоғарғы төрешім, ең үлкен сыншым және ең жақын қорғаным. Сондықтан да өзінің кейбір жолдастары, тіпті өзінен қызмет сатысында биік тұрған белгілі адамдардың халық ұнатпаған, қабыл алмаған істеріне қарсы тұрамын деуінің өзінен қара халықтың қамын жегенін көре аламыз.
9 . Ілияс Есенберлин «Мұхиттан өткен қайық» атты еңбегінінің қазақ тілінде басылып шығарылуы жолында 11 жыл бойы күрескен.
10. 2015 жылы Ілияс Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойы халықаралық ұйым шеңберінде өткізілетін шаралар тізіміне енгізіліп, кең көлемде аталып өтілді.
Ілияс Есенберлин туралы 10 дерек
1.Ілияс Есенберлиннің әке-шешесі тұрмыс тапшылығын көп көріп, өмірден ерте өтіп кеткен. Ол бала кезінен інісі Раунақпен бірге жетімдер үйінде тәрбиеленеді. Осы деректі естігенде әлемдік классик жазушы Э.Хемунгейдің «Жетімдерден ғана шын жазушы шығады» деген пікірі ойға орала береді.
2. Ол кеңес үкіметі тұсында ұлттың рухын көтеретін тарихи роман жазған алғашқы жазушылардың бірегейі болып саналды. Қазақ оқырмандары бұл жазушыға осы ерлігі үшін қарыздар.
3. Ілияс Есенберлиннің атақты «Көшпенділер» трилогиясы 30 жылдың ішінде 50 рет басылып, жалпы тиражы 3 миллион данадан асып кеткен. Бұл қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен көрсеткіштердің бірі болып саналады.
4. Ілияс Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойы, Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдық датасымен тұспа-тұс келді. 100 жылдық мерейтойы Юнеско көлемінде аталып өтті.
5. Жазушының 17 романы мен көптеген шығармалары әлемнің 30 тіліне аударылған. 6. Ілия Есенберлин «Көшпенділер» трилогиясын жазған кезде сол кездегі жас зерттеуші Мұхтар Мағауинді дерек жинауға жұмсаған. Ол туралы Мұхтар Мағауин өзінің «Мен» деген ғұмырбаяндық романында кеңінен әңгімелейді.
7. Жазушы романдарынан алған қаламақысының бір бөлігін өзінің соңынан еріп, қалам ұстаған шәкірттеріне бөліп берген. Ол туралы шәкірті Тұрсын Жұртбай айтып берді. 8. Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» жинағы ел арасында өзара сыйлыққа жиі тартылады.
9. Жазушының «Көшпенділер» шығармасын 1986 жылы орыс тіліне тәржімалаған қазақстандық жазушы Морис Симашко осы аудармасы үшін республиканың мемлекеттік сыйлығын иеленген.
10. Трилогияның тек орыс тіліндегі тәржімесі 12 мәрте қайта басылып, жалпы тиражы 1,5 миллионнан асып түседі.
Трилогия шыққанға дейін «Айқас» атты басқа бір романы үшін 1968 жылы ҚазССР мемлекеттік сыйлығын алып үлгерген Есенберлиннің «Көшпенділері» СССР мемлекеттік сыйлығына ұсынылып, негізгі үміткерлердің бірі саналды.
Автор қайтыс болған соң үш жыл өткенде, 1986 жылы бұл кітапты орыс тіліне аударған қазақстандық жазушы Морис Симашко осы тәржімесі үшін республиканың мемлекеттік сыйлығын иеленеді.
Трилогияның тек орыс тіліндегі тәржімесі 12 мәрте қайта басылып, жалпы тиражы 1,5 миллионнан асып түседі.
Жазушының шығармашылығын жоғары бағалайтын әдебиет өкілдерінің бірі ақын Несіпбек Айтұлы бұл романның өз кезеңі үшін маңыздылығы туралы: «Ілияс Есенберлин өз еңбектері арқылы сол кездері халықтың мұқалып қалған жігерін, тапталып қалған намысын оятты. Кенесары жеңілген күннің өзінде өз қаруымен қандай сілкініс тудырса, Ілияс Есенберлиннің «Қаһары» да ұлттық сананы соншалықты сілкіндірді» деді Азаттыққа.
«Хрущевтің жылымығы» мен «Брежневтің кеңдігі» кезеңінде басқа да совет-қазақ зерттеушілері мен жазушылары Қазақ хандығы дәуірі туралы жазбаларын жариялай бастады.
Білімді өзектілендіру және мәселелік жағдаяттар туғызу.
ББҮ әдісі бойынша алғашқы екі торкөзді толтырады.
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
Ой жинақтау: Нені білуіміз керек? (Балалардың алдына мақсат-міндеттер қою)
Жаңа білімді меңгерту, ашу /дәріс материалдары ұсынылады/
І.Есенберлин өмірі, шығармашылығы.
Жоспары:
І.Есенберлиннің алғашқы шығармалары, «Айша», «Сұлтан», «Большевик туралы поэма», «Біржан сал трагедиясы».
І.Есенберлин шығармаларындағы тарихи шындық. «Көшпенділер» трилогиялық шығармасын талдау.
І.Есенберлиннің драматургия саласындағы еңбегі «Таудағы тартыс»
Хронология
№
|
Жылдар
|
Оқиға
|
|
1915 жылы, 10 қаңтарда
|
Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған.
|
|
1940 жылы
|
Қазақ Тау-кен институтын бітіріп, Жезқазған рудниктерінде инженер болады. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
|
|
1942-1947 жылдар аралығында
|
Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы
|
|
1951 жылдары
|
Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры
|
|
1953-1954 жылдары
|
ҚР Геология министрлігінде аға инспектор
|
|
1954-1955 жылдары
|
Берсүгір шахта басқармасының (Ақтөбе облысы) бастығы
|
|
1955-1957 жылдары
|
Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы
|
|
1958-1967 жылдары
|
"Қазақфильм" киностудиясының аға редакторы, сценарий редколлегиясының мүшесі
|
|
1967-71 жылдары
|
“Жазушы” баспасының директоры
|
|
1971-1975 жылдары
|
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы болып қызмет атқарады.
|
|
1983 жылы
|
Алматыда 68 жасында қайтыс болды.
|
Атбасар қаласындағы мектепке, Алматыдағы бір көшеге І. Есенберлин есімі берілген.
І.Есенберлиннің қалам тартқан жанрлары: поэзия, проза,драматургия,кинодраматургия.Шығармаларының жарық көруі
№
|
Жылы
|
Шығармалары
|
Қосымша мәліметтер
|
|
1940 жыл
|
Алғашқы өлеңдері жарық көрді. Алғашқы он бес жыл ішінде поэма” сынды шығармалары жарық көрді.
|
|
|
1945 жылы
|
“Айша”, “Сұлтан” поэмалары жарық көрді.
|
К.Д.Ушинскийдің "Әңгімелері мен ертегілерін" (1945) қазақ тіліне аударды
|
|
1949 жылы
|
“Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағы жарық көрді.
|
|
|
1956 жылы
|
орыс тілінде жазылған «Песня о человеке» романы
|
Қытай тіліне аударылды: «Песня о человеке» романы1958 жылы
М.Жулявскийдің Вьетнам өміріне арналған "Қызыл дария" (1956) романын қазақ тіліне аударды.
|
|
1957
|
Жалынды революционер, большевик Ә. Майкөтовке арналған "Большевик туралы поэмасы" .орыс тілінде жазылған "Адам туралы ән" (1957) атты повесті жарық көрді.
|
|
|
1959 жылы
|
«Біржан сал трагедиясы» дастанын жазды. “Адам туралы жыр” повесі жарық көрді.
|
|
|
1960 жылы
|
«Өзен жағасында» повесі жарық көрді.
|
|
|
1961
|
М.Ерзинкянмен бірігіп жазған "Құйма" киносценарийі
|
"Құйма" киносценарийі бойынша түсірілген фильм бүкіл кеңес және венгр, поляк, болгар экрандарында көрсетілді.
|
|
1962
|
"Таудағы тартыс" пьесасы
|
пьесасы Алматыдағы Балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды.
|
|
1965 жылы
|
“Толқиды Есіл” повесі жарық көрді.
|
|
|
1966 жылы
|
“Айқас” романы жарық көрді.
|
1. 1966 жылы. “Айқас” романы үшін І.Есенберлинге Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері деген атақ берілді.
2. 1968 жылы«Айқас» романына Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
3. Орыс тіліне аударылды:"Схватка" ("Айқас", 1957)
|
|
1967 жылы
|
«Қатерлі өткел» прозасы
|
Орыс тіліне аударылды:1970 жылы аударылды. "Опасная переправа" ("Қатерлі өткел", )
|
|
1968 жылы
|
“Ғашықтар” романы
|
Орыс және өзбек тіліне аударылды:"Влюбленные" ("Ғашықтар", 1970)
|
|
1969 жылы
|
«Қаһар»
|
Орыс тіліне аударылды:"Хан Кене" ("Қаһар", 1971)
|
|
1971 жылы
|
«Алмас қылыш»
|
Орыс тіліне аударылды:"Заговоренный меч" ("Алмас қылыш", 1973)
|
|
1972 жылы
|
“Алтын құс” романы
|
|
|
1973 жылы
|
«Жанталас» романы
|
Орыс тіліне аударылды:"Отчаяние" ("Жанталас", 1974)
|
|
1974 жылы
|
“Көлеңкеңмен қорғай жүр” тың туралы романы
|
Орыс тіліне аударылды:"Прикрой своим щитом" ("Көлеңкеңмен қорғай жүр", 1976)
|
|
1976
|
"Көшпенділер" трилогиясы
|
|
|
1978 жылы
|
“Маңғыстау майданы”, “Аманат” романдары жарық көрді
|
Орыс тіліне аударылды:"Мангистауский фронт" ("Маңғыстау майданы", 1981)
|
|
1982-1983
|
Алтын Орда трилогиясы
|
Орыс тіліне аударылды:"Золотая Орда" ("Алтын Орда", 1985) Мәскеулік және республикалық баспалардан жарық көрді.
|
Жекелеген шығармалар украин, латыш, литва, өзбек, алтай, башқұрт, қарақалпақ, венгр, поляк, ағылшын, француз, қытай, неміс, араб, испан тілінде жарияланды. Олардың ішінде "Көшпенділер" трилогиясы, "Адам туралы ән", "Қатерлі өткел", "Ғашықтар", "Айқас" романдары бар.
|
|
1983
|
"Махаббат мейрамы", "Алыстағы аралдар"
|
|
|
1984
|
Аққу құстың қуанышы" романы
|
|
|
1984-1990
|
шығармаларының онтомдық жинағы жарияланды
|
|
I.Есенберлин қырыққа жуық ән мәтінін жазды.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Білімді бірінші бекіту кезеңі
Интервью-тест:
№
|
Жылдар
|
Оқиға
|
|
1915 жылы, 10 қаңтарда
|
|
|
1940 жылы
|
|
|
1942-1947 жылдар аралығында
|
|
|
1951 жылдары
|
|
|
1953-1954 жылдары
|
|
|
1954-1955 жылдары
|
|
|
1955-1957 жылдары
|
|
|
1958-1967 жылдары
|
|
|
1967-71 жылдары
|
|
|
1971-1975 жылдары
|
|
|
1983 жылы
|
|
Өз бетімен жұмыс /оқу материалдарымен жұмыс/
Зерттеушілер пікірлерін қарастыру. Лекцияны деректермен толықтыру.
Жаңа білімді жалпы білімдер жүйесіне қосу және қайталау, бекіту
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. І.Есенберлиннің шығармашылық жолы қалай басталды?
2. Жазушының қандай кітаптары бар?
3. «Көшпенділер» трилогиясының идеялық мазмұны, үш кітапта суреттелген кесек кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен көздеген мақсаттары
4. Қай шығармасы үшін жазушы Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты алды?
Білім, іскерлік және дағдыны бағалау
Өзін-өзі бағалау парағы
Аты-жөні
|
Үй тапсырма
|
Сұрақ-жауап
|
Шығ.талдау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Үйге тапсырма, студенттің өздік жұмысына нұсқау.
Лекцияны мазмұндау. «Көшпенділер» трилогиясын оқу.
Оқу іс-әрекет рефлексиясы
«ББҮ»кестесін толтыру: Білемін Білдім Білгім келеді.
ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН
Хронология
№
|
Жылдар
|
Оқиға
|
|
1915 жылы, 10 қаңтарда
|
Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған.
|
|
1940 жылы
|
Қазақ Тау-кен институтын бітіріп, Жезқазған рудниктерінде инженер болады. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
|
|
1942-1947 жылдар аралығында
|
Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы
|
|
1951 жылдары
|
Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры
|
|
1953-1954 жылдары
|
ҚР Геология министрлігінде аға инспектор
|
|
1954-1955 жылдары
|
Берсүгір шахта басқармасының (Ақтөбе облысы) бастығы
|
|
1955-1957 жылдары
|
Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы
|
|
1958-1967 жылдары
|
"Қазақфильм" киностудиясының аға редакторы, сценарий редколлегиясының мүшесі
|
|
1967-71 жылдары
|
“Жазушы” баспасының директоры
|
|
1971-1975 жылдары
|
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы болып қызмет атқарады.
|
|
1983 жылы
|
Алматыда 68 жасында қайтыс болды.
|
І.Есенберлиннің қалам тартқан жанрлары: поэзия, проза,драматургия,кинодраматургия.Шығармаларының жарық көруі
№
|
Жылы
|
Шығармалары
|
Қосымша мәліметтер
|
|
1940 жыл
|
Алғашқы өлеңдері жарық көрді. Алғашқы он бес жыл ішінде поэма” сынды шығармалары жарық көрді.
|
|
|
1945 жылы
|
“Айша”, “Сұлтан” поэмалары жарық көрді.
|
К.Д.Ушинскийдің "Әңгімелері мен ертегілерін" (1945) қазақ тіліне аударды
|
|
1949 жылы
|
“Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағы жарық көрді.
|
|
|
1956 жылы
|
орыс тілінде жазылған «Песня о человеке» романы
|
Қытай тіліне аударылды: «Песня о человеке» романы1958 жылы
М.Жулявскийдің Вьетнам өміріне арналған "Қызыл дария" (1956) романын қазақ тіліне аударды.
|
|
1957
|
Жалынды революционер, большевик Ә. Майкөтовке арналған "Большевик туралы поэмасы" .орыс тілінде жазылған "Адам туралы ән" (1957) атты повесті жарық көрді.
|
|
|
1959 жылы
|
«Біржан сал трагедиясы» дастанын жазды. “Адам туралы жыр” повесі жарық көрді.
|
|
|
1960 жылы
|
«Өзен жағасында» повесі жарық көрді.
|
|
|
1961
|
М.Ерзинкянмен бірігіп жазған "Құйма" киносценарийі
|
"Құйма" киносценарийі бойынша түсірілген фильм бүкіл кеңес және венгр, поляк, болгар экрандарында көрсетілді.
|
|
1962
|
"Таудағы тартыс" пьесасы
|
пьесасы Алматыдағы Балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды.
|
|
1965 жылы
|
“Толқиды Есіл” повесі жарық көрді.
|
|
|
1966 жылы
|
“Айқас” романы жарық көрді.
|
1. 1966 жылы. “Айқас” романы үшін І.Есенберлинге Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері деген атақ берілді.
2. 1968 жылы«Айқас» романына Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
3. Орыс тіліне аударылды:"Схватка" ("Айқас", 1957)
|
|
1967 жылы
|
«Қатерлі өткел» прозасы
|
Орыс тіліне аударылды:1970 жылы аударылды. "Опасная переправа" ("Қатерлі өткел", )
|
|
1968 жылы
|
“Ғашықтар” романы
|
Орыс және өзбек тіліне аударылды:"Влюбленные" ("Ғашықтар", 1970)
|
|
1969 жылы
|
«Қаһар»
|
Орыс тіліне аударылды:"Хан Кене" ("Қаһар", 1971)
|
|
1971 жылы
|
«Алмас қылыш»
|
Орыс тіліне аударылды:"Заговоренный меч" ("Алмас қылыш", 1973)
|
|
1972 жылы
|
“Алтын құс” романы
|
|
|
1973 жылы
|
«Жанталас» романы
|
Орыс тіліне аударылды:"Отчаяние" ("Жанталас", 1974)
|
|
1974 жылы
|
“Көлеңкеңмен қорғай жүр” тың туралы романы
|
Орыс тіліне аударылды:"Прикрой своим щитом" ("Көлеңкеңмен қорғай жүр", 1976)
|
|
1976
|
"Көшпенділер" трилогиясы
|
|
|
1978 жылы
|
“Маңғыстау майданы”, “Аманат” романдары жарық көрді
|
Орыс тіліне аударылды:"Мангистауский фронт" ("Маңғыстау майданы", 1981)
|
|
1982-1983
|
Алтын Орда трилогиясы
|
Орыс тіліне аударылды:"Золотая Орда" ("Алтын Орда", 1985) Мәскеулік және республикалық баспалардан жарық көрді.
|
Жекелеген шығармалар украин, латыш, литва, өзбек, алтай, башқұрт, қарақалпақ, венгр, поляк, ағылшын, француз, қытай, неміс, араб, испан тілінде жарияланды. Олардың ішінде "Көшпенділер" трилогиясы, "Адам туралы ән", "Қатерлі өткел", "Ғашықтар", "Айқас" романдары бар.
|
|
1983
|
"Махаббат мейрамы", "Алыстағы аралдар"
|
|
|
1984
|
Аққу құстың қуанышы" романы
|
|
|
1984-1990
|
шығармаларының онтомдық жинағы жарияланды
|
|
I.Есенберлин қырыққа жуық ән мәтінін жазды.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Роман атауы
|
Оқиғалар
|
Идеясы
|
Кейіпкерлер
|
|
«Көшпенділер» трилогиясы үш романнан тұрады
|
|
) “Алмас қылыш” романы
ХУ – ХІ ғасырлар
|
XV ғ. оқиғаларынан аса көп мағлұматтар бере алады және ол оқиғалардың жылнамалық реті сақталған. Сол себепті де оны роман-хроника деп атауға болады. Роман-хроника болғандықтан, онда көптеген тарихи оқиғалардың тізбегі басым келуі — жанрлық заңдылық.ХУ –ХУІ ғасырларда Қазақ хандығының құрылуы Әбілқайыр, Жәнібек, Керей хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеясының басым суреттелуі. Дешті Қыпшақтың (бұрынғы қазақ елінің бір атауы) қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының қазақ хандығы қол астына топтасуы, бір жағы — Әбілхайыр, екінші жағы — Жәнібек, Керейлердің тақ пен тәж үшін таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар, алдау мен зорлықтар тізбегі баяндалған. Кітаптың бірінші бөлімі — Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімі қазақ хандығының ішкі, сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып ширауы, бұл жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген.
|
қазақ руларының бірлесу, бір хандықта ынтымақ құру мәселелері.
|
Әбілқайыр хан
Жәнібек, Мұхаммед Шайбани, Бұрыңдықтардың, тағы басқа тарихта болған қайраткерлердің бейнелері жасалған.
Асан Қайғының Бердібек ,
Қобыланды, Қазтуған, Саян, Орақ, Қотан ақындардың
|
Әбілхайыр, бір жағынан, айлакер, ақылды айбарлы ел басшысы болса, екінші жағынан, өз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын мейірімсіз, қандықол.
|
“Жанталас” романындаХІІ – ХУІІІ ғасырлар
|
ХУІІ –ХУІІІ ғасырларды Қазақстанның шетел басқыншыларымен күрес және Әбілқайыр ханның Қазақстанның Батыс бөлігімен Ресей патшалығы қол астына кіруі. Қалмақ хандығының қазақ еліне опасыздық шапқыншылығы,Алакөл маңайында, Ордабасы өңірінде болған қырғын ұрыстар, Ресей патшалығының қол астына кірген Әбілқайырдың түпкі армандарының жеке басындағы түңіліс суреттері
|
|
Жәнібек хан, Керей хан
|
|
“Қаһар” романындаХІХ ғасыр
|
ХУІІІ ғасырда Абылай хан бастаған қазақ халқының қалмақ басқыншыларын біржолата талқан етуі. Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру әрекеттері. Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлік , даналық істері.
XIX ғ. 30-40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы қозғалыстың жай-күйін әңгімелейді
|
Романда Кенесары бейнесі тарихи толық мазмұнда көркем сомдалған. Автор оның жеке басындағы ерлік пен парасаттың үйлесімін шебер аңғартады.
"Қаһар" романы — қазақ халқының азаттық жолындағы күрес шежіресіне қосылған, оның Кенесары қозғалысы сияқты аса ірі кезеңінің ішкі сырларын көркем түсінуге көмектесетін елеулі тарихи шығарма.
|
Асан қайғы, Қазтуған,Абылай хан,Бұқар жырау, Кенесары хан, Ағыбай батыр
|
Кенесары Қасымов,
Ташкенттің құшбегі Бегдербек, Есенкелді, Саржан,
Қасым төре
Кенесары бастаған қозғалыстың белгілі батырлары — Ағыбайдың, Иманның, Төлебайдың, Басықараның, Жанайдардың, Бұхарбайдың эпизодтары
Қараөткелдің ағасұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендиннің
|
"Айқас" романы
|
Кеңес өкіметі жылдарында туып қалыптасқан қазақ интеллигенциясының өмірін, олардың қазақ даласында социалистік өнеркәсіп орнату жолындағы қажырлы еңбегін, ескіліктің адам санасындағы қалдығына қарсы күресті баяндайтын "Айқас" романына 1968 жылы Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |