Мотивациялық-қозғаушылық
|
Сәлемдесу.
Сәлеметсіңдер ме, балалар?
- Көңіл-күйлерің қалай?
-Балалар, бүгін біздің оқу іс-әрекетімізге көптеген қонақтар келіпті.
-Қане бәріміз қонақтармен амандасайық
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме!
-Жарайсыңдар, балалар!
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
|
Балалар қонақтармен амандасады.
-Қазір көктем мезгілі.
-Көктемде қар ериді, құстар ұшып келеді, күн жылынады, шөп өседі,
-Көктем мезгілінде үш ай бар.
|
Ұйымдастыру-іздену
|
-Балалар, бүгін біз сендермен көктемгі орманға серуенге шығамыз. Орманға жету үшін әуенмен ұшып барамыз.
1,2,3
Құстар болып ұшамыз
Орманға барып қонамыз.
-Міне біз көктемгі орманға келдік.
Тыныс алу жаттығуы.
-Нелердің дыбыстар естіледі?
-Балалар, көктемгі орман табиғаты қандай тамаша, ауасы қандай керемет. Орманның иісін иіскеп көрейікші. (мұрнымызбен дем аламыз, ауыздан демді шығарамыз) Қандай ғажайып иіс! Біздің табиғат қысқы ұйқыдан оянды.
-Балалар орманда нелер мекендейді?
-Балалар, мына жерлерде іздер жатыр. Қай аңның іздері екенің көрейікші.
- Жарайсыңдыр балалар!Балалар бөренелерге отырып дем алайық, тілімізге жаттығу жасап алайық. (Артикуляциялық жаттығу)
«Аңдардың дыбысы»
-Балалар, жабайы аңдар біздің орманға келгенімізді естіп, сендермен өз тілдерінде амандасуға келіпті.
Қай аңның дыбысы екенін кім табады?
Мақсаты: Баланың сөздік-логикалық ойлауын, фонематико-фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Шарты: Бала экраннан жануарлардың дыбысын естіп, қай жануардың дыбысы екенін естіп атауын атайды.
- Осы жануарларды бір сөзбен қалай айтады?
-Неліктен оларды жабайы аңдар дейміз?
-Жабайы аңдар елсіз далада болады. Өз азығын өзі тауап жейді. Ол күннің суығында да, ыстығында да далада жүріп өмір сүреді. Жабайы аңдар жыртқыш және пайдалы болып бөлінеді.
Қоян келеді.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Сәлеметсіз бе, қоянжан!
-Орманға келе жатқандарыңды естіп сендерге келдім. Сеңдер қандай ақылды, әдемі балаларсыңдар! Қалай, сендерге орман ұнады ма?
Қоян: Балалар, сендер орманда жүру ережелерін білесіңдер ме?
-Осы ережелерді біліп жүріңдер
-Рахмет, қоянжан! Енді біз орманда жүру ережесін біліп, орман тұрғындарына, табиғатына қамқор боламыз. Солайма, балалар!
-Балалар, орманда мекендейтін жабайы аңдар туралы көбірек білу үшін мен сендерге тапсырма алып келдім. Менің тапсырмамды орындауға сендер дайынсыңдар ма?
-Балалар, қоянның тапсырмасын орындаймыз ба?
-Ал ендеше мен кетейін. Мені көжектерім күтіп қалған шығар.
Сау болыңдар!
1-тап. Жұмбақ шешу.
-Жұмбақтың шешімін дұрыс тапсаңдар экранға шығып отырады.
-Аю қайда турады?
-Түлкі қайда тұрады?
-Қасқыр қайда тұрады?
-Тиін қайда тұрады?
-Қоян қайда тұрады?
-Қоянға сәбізден салат жасап берейік.
Ұсақ моторикасына арналған жаттығу.
«Салат»
Сәбізді алып тазалаймыз,
Үкішпен үгіп майдалаймыз.
Қанттан сеуіп дәмдейміз
Қаймақ құйым сәндейміз.
Міне, дайын нәр тағам.
Дәруменге бай тағам
Сергіту сәті.
Ойын: «Өзгеріс ойыны»
Шарты: 1,2,3 дегенде бір айналып аңдарға ұқсаймыз.
Аю маң-маң басады,
Түлкі бұлаң қағады.
Қасқыр ылаң салады,
Қоян үркіп қашады.
Күн сәулесі төгілді,
Орман іші көңілді.
2-тап. «Балаларын тап»
-Балалар, орманда қатты жел тұрып,аңдар өздерінің балаларын жоғалтып алыпты. Сендерден балаларын тауып беруді сұрайды. Көмектесеміз бе?
Қасқырдың баласы-бөлтірік
Аюдың баласы-қонжық
Түлкінің баласы-мыршай
Қоянның баласы-көжек
Тиіннің баласы-тиін баласы
-Жарайсыңдар, балалар!
3-тап. «Аңды тап»
4 тап. «Сөзжұмбақ» Сұрақтарға жауап
1. Ең айлакер аң?
2. Ең қорқақ аң?
3. Балды жақсы көретін?
4 .Қораға шабатын аң?
5. Жаңғақ жейтін аң?
|
Құстар ән салып жатыр
Балалар дем алу жаттығуын жасайды
Жабайы аңдар мекендейді
Тілге жаттығу жасайды
Сәлеметсіз бе, қоян!
Ұнады.
-Орманда шуламау керек.
- Айқайлап өлең айтпау керек, себебі құстар, аңдар шошып кетеді.
- Бұтақтарды сындырмау керек.
- Орманға қоқыс тастауға болмайды.
Балалар келіседі.
Сау болыңыз!
Аю апанда тұрды. Аю бал жейді, жеміс-жидек жейді.
Түлкі інде тұрады. Құстарды, құстардың жұмыртқасын жейді.
Қасқыр апанда тұрады. Құстарды, үй жануарларын жейді.
Тиін ағаш қуысына ін салып тұрады. Жаңғақ жейді.
Қоян қуыста тұрады. Құрғақ шөптер мен ағаш қабықтарын жейді.
Қол моторикасына арналған жаттығуды жасайды.
Жабайы аңдардың қимылын көрсетіп жүреді.
Балалар қиылған суреттен аңдарды құрастырады
Түлкі
Қоян
Аю
Қасқыр
Тиін.
|
Рефлексивті - түзетушілік
|
Қорытындылау.
-Жарайсыңдар, балалар! Сендер тапсырмаларды жақсы орындап, жабайы аңдар туралы көп нәрсе білетін болдыңдар. Жабайы аңдардың сендерге арналған сыйлықтары бар. Олар қысқы ұйқыдан оянған аңның үйінде.
-Балалар, біз бүгін көктемгі орманда серуендеп, таза ауасымен дем алдық. Ал бізге балабақшаға қайтатын уақыт болды.
1 2 3
Құстар болып ұшамыз
Балабақшаға барып қонамыз.
(Балабақшаға келеді)
Сұрақ-жауап.
- Балалар, біз қайда бардық?
- Көктемгі орманда не көрдік?
- Орманда нелер мекендейді екен?
«Орман» суретін аяқтайды.
|
Балалар аюдын апанынан сыйлықтарын алады.
Көктемгі орманға саяхатқа шықтық.
Өсіп тұрған, ағаштар мен гүлдерді көрдік.
Таза ауамен дем алдық.
|