Ордабасы аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесі
«Шұбар» жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ тақырыбы:
«Линза. Линзада кескін алу. Жұқа линзаның формуласы.»
8б сынып
Физика пәні мұғалімі: Рысбай Күлдәр
Шұбар елді мекені
2013 жыл
Ашық сабақ жоспары
I .Сабақтың тақырыбы:Линза. Линзада кескін алу.Жұқа линза формуласы.
II .Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Линза түрлерлерімен таныстыру, линзада кескін алуды және кескінге сипаттама беруге үйрету. Жұқа линза формуласын пайдаланып есептер шығаруға дағдыландыру.
2.Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін дамыту,пәнге қызығушылығын , белсенділіктерін арттыру, алған білімдерін практикада ұштастыра білуге үйрету,ақпараттық танымдық қабілетін арттыру.
3.Тәрбиелік: коммуникативтік қабілетін қалыптастыруға, өз бетінше білім алуға, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу. Жеке тұлға ретінде қалыптасуға тәрбиелеу.
III.Сабақтың көрнекілігі: Линзалар, интер белсенді тақта , проекциялық
құрал,оптикалық жүйе, үлестірме парақтар.
IV.Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі:Түсіндірмелі сұрақ-жауап,ой-толғаныс, демонстрациялық.
Пән аралық байланысы: Математика,Геометрия, Астраномия.
V.Сабактың жоспары;
1.Үйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын сүрау.
Тест сұрақтары.
3.Жаңа сабақ.
4. Сергіту сәті «Жақсы сөз, жан семіртер»
5.Жаңа сабақты бекіту.
Есеп шыгару.
6.Үйге тапсырма беру.
7.Оқушыларды бағалау.
Сабақтың жүру барысы:
a)Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, қажетті құрал- жабдықтарды алдыру.
Психологиялық дайындық:
Сөзіңізді тыңдаймыз,
Ойға тоқып, сақтаймыз.
Білім нәрін жинаймыз,
Деп сабақты бастаймыз. – дегендей жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.
б)Үй тапсырмасын сұрау.
Тесттік сұрақтар: 1.Жарық денелерге не береді?
а.Қуат b. Жылдамдық с.Күш . d. Энергия
2.Жасанды жарық көзін ата:
1.Найзағай. 2.От
3.Шам 4.Күн
а.1.2 b.1.3 с.2.3 d.2.4
3.Вакуумдағы жарық жылдамдығы қандай?
а.300 000 км/сағ b.300 000 км/мин c.300 000км/c d.300 000 м/с
4. Жарық сәулесі тегіс айналық бетке түсіп одан шағылады. Түсу бұрышы 30* болса, шағылу бұрышы қаншаға тең?
a. 30* b.150* c.120* d.60*
5.Көлеңкенің пайда болуы қандай занңың дұрыстығының дәлелдемесі болады?
a. Жарықтың сыну заңы және жарықтың шағылу заңы.
b. Жарықтың шағылу заңы
c. Жарықтың түзу сызықпен шағылу заңы. таралу заңы.
d. Үш заңның да.
6. Вертикаль жазық айнадан 1м қашықтықта адам тұр. Адам мен оның кескінінің арақашықтығы қандай?
a. 0,5 м b. 4 м c. 2 м d. 3 м
7. Қандай кескін жорамал деп аталады?
a. Сәулелердің қиылысуынан
b. Дене тұрған жақта пайда болатын кескін жалғастыруынан пайда пайда болатын кескін c. Дененің қарама- қарсы пайда болатын кескін жағында болатын кескін
d. Сәулелерді кері бағытта
Дұрыс жауаптар
Сұрақ
Жауап
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
a
|
|
|
|
|
|
|
|
b
|
|
|
|
|
|
|
|
c
|
|
|
|
|
|
|
|
d
|
|
|
|
|
|
|
|
в)Жаңа сабақ:
Жаңа сабақты меңгертуге дайындық ретінде өткенді пысықтау:
Жарықтың қандай қасиеттері бар?
Жарықтың сынуы дегеніміз не?
Кескіннің қандай түрлері бар?
Қандай оптикалық аспаптарды білесіңдер?
Оптикалық аспаптар:фотоаппарат,лупа,көзілдірік,микроскоп,дүрбі, телескоп, т.б.
Олардың негізгі бөліктері линза болып табылады. Линзалар деп екі сфералық немесе
бір сфералық және бір жазық бетпен шектелген молдір шыны денелерді айтады.
Линзаларды демонстрациялау.
Сұрақ: Линзаларды сәулені сындыруына қарай қандай түрлерге бөлуге болады екен?
Жауабы: Линзаның екі түрі бар: жинағыш және шашыратқыш. Линзалар түрлері : қос дөңес, қос ойыс, жазық дөңес,жазық ойыс т.б. деп бөлінеді.
Жинағыш линза: белгіленеді. Шашыратқыш линза: белгіленеді.
d f
2F F F 2F
Линзаның негізгі элементтері: оптикалық бас өсі,оптикалық центрі O, линзаның бас фокусы F, F фокустық қашықтығы, 2 Ғ екі еселенген фокусы.
Линзаны сипаттайтын негізгі шама линзаның оптикалаық күші- D әрпімен белгіленеді, фокустық қашықтыққа кері шама. D=1/F , өлшем бірлігі-Дилоптрия 1 Дптр.=1/1м; F қашықтығы 1 м-ге тең линзаның оптикалық күші 1 дптр.
Шашырайтқыш линзаның фокустық қашықтығы мен оптикалық күші теріс сандармен өрнектеледі.
Линзалар көмегімен әртүрлі кескіндер алуға болады.Нәрседен линзаға дейінгі қашықтық d әрпімен,ал линзадан кескінге дейінгі қашықтық f әрпімен белгіленеді.
а) Нәрсе d>2F қашықтықта,яғни екі еселенген фокус қашықтығынан артық қашықтықта орналаса,2 F>1>F.
Нәрсенің шын,төңкерілген,және кішірейтілген кескіні алынады .
ә) Нәрсе d=2F қашықтыққа орналастырылса, f=2F қашықтықта кескін алынады.Кескін шын,төңкерілген,өлшемі нәрсе өлшеміне тең кескін алынады.
б) Егер d=F болса,онда әпранда кескін жойылып кетеді.
в) Егер d=F қашықтықта нәрсе орналасса,онда кескін нәрсенің өз жағында, яғни тура,үлкейтілген,жорамал кескін алынады.
Шашыратқыш линзада кішірейтілген, тура,жорамал кескін алынады.
Жұқа линзада кескін алу үшін сәулелердің мынадай қасиеттерін пайдаланамыз:
1.Оптикалық оське параллель сәуле линзада сынғаннан кейін линзаның F фокусы арқылы өтеді.
2.Линзаның оптикалық центрі О арқылы өткен сәуле одан сынбай өтеді.
3. Линзаның F фокусы арқылы өткен сәуле сынғаннан кейін оның бас оптикалық өсіне параллель жүреді.
Линзаның фокус аралығы мен оптикалаық күшін анықтау қажет болады.
Линзаның d, f және F шамалары арасында мынадай қатынастар бар:
немесе
Бұл жұқа линзаның формуласы
Шашыратқыш линзада f және F шамалары “-“ таңбасымен алынады. Кескін өлшемінің h нәрсе өлшеміне H қатынасы сызықтық ұлғайту Г деп атайды:
Достарыңызбен бөлісу: |