Сабақ Тақырыбы: Мамандықтар Мектебі



Дата22.06.2017
өлшемі47,3 Kb.
#19584
түріСабақ
8-бөлім: Дені саудың – жаны сау 3абақ

Тақырыбы:Мамандықтар

Мектебі:

Күні, айы:


Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып


Сабаққа қатысқан

Оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына

сәйкес оқу мақсаты



1.1.2.1.Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.2.4.1. Шағын мәтінді/ қарапайым оқиғаларды мазмұндау.

1.3.1.1. Таныс сөздерді тұтас оқу.

1.4.2.1.Мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тыңдаған/ тыңдау-көру материалдары бойынша заттардың таныс атауларын жазу.

1.5.1.5. Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Мамандық дәрігер, мұғалім, аспаз, суретші) атауларын атай алады, олардың не істейтінін айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі:Тақырып бойынша белсенді лексиканы еркін қолдана алады, тақырып бойынша өзара тілдесе алады.

Кейбір оқушылар:

Басқа да мамандық атауларын атай алады, олардың не істейтінін түсіре алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезендері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)


(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы

(6-40минут)


(МК,Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген диалог пен сөздерге аударады. Осы үлгі арқылы оқушылар мамандық атауларын атай алуға үйренеді, мысалы, Бұл кім? Бұл – дәрігер. Содан кейін оқушылар осы үлгі негізінде дәрігер сөзінің орнына мұғалім, суретші, аспаз сөздерін қолдануға жаттығады. Оқушылармен суреттерге қарау, сөздерді тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі.

(Ж) Оқушылар үйренген сөйлем үлгісін жұптық жұмыста бекіте түседі. Ол үшін мұғалім осы мамандыққа қатысты суреті бар карточкаларды ( дәрігер, мұғалім, суретші, аспа) үстелдің үстіне қояды. Бірінші оқушы бір карточканы көрсетіп, сұрақ қояды (Бұл кім?), екінші оқушы жауап береді. Содан кейін екінші оқушы сұрайды, бірінші оқушы жауап береді.

(МК,Ұ) 2-тапсырмада оқушылар суретке қарап толықтырып оқу арқылы мамандық иелерінің не істейтінін айтып үйренеді. Оқушылар мамандық атауларын тағы бір пысықтап, оқытады, емдейді, сурет салады, тамақ пісіреді сияқты тіркестерді айтып жаттығады. Сыныптағы оқушылар бір – бірінен мамандық атауларын және олардың не істейтінін сұрай алуды үйренеді.

(МК,Ұ) 3- тапсырмада оқушылар алдыңғы тапсырманы бекіте түседі, ол үшін Кім не істедй? Сұрағына жауап беруге жаттығады. Мысалы, мұғалім балалардан «Балалар, аспаз не істейді?» деп сұрайды, оқушылар суретке қарап жауап береді. Мысалы, Аспаз тамақ пісіреді.

(МК,Ұ) 4- тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісін бір диалог ішінде қайталайды. Оқушылар мынадай дағдыларды игеруі тиіс: мұғалімнің сұрағына

(Мынау кім? Суретші (мұғалім, аспаз, дәрігер) не істейді?) жауап бере алу, өзі сұрақ қоя алу дағдаларын жетілдіре түседі.

-Алмабек, мынау кім?

-Бұл – суретші.

-Суретші не істейді?

- Суретші сурет салады?

(МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө)Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.


Оқулық.

Аудиодиск: 8.3.1;

8.3.4.

Мамандыққа қатысты суреті бар карточкалар



№2 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма:8.3.



Сабақтың соңы

(41-45минут)


(Қ)Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат


Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыныз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе?Неге?

2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?



1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет