3
|
Қазақ тілі
|
3 сынып
|
Сабақ тақырыбы:
|
Менің әкем
|
Жалпы мақсат:
|
Тақырыптың негізгі мазмұнын табуға үйрету; тілін , дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту; ақылдылыққа, адамгершілікке баулу.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Отбасындағы әке рөлі туралы әңгімелесу, әке – қамқоршы, үлгі – өнеге аларлық тұлға. Мәтінге байланысты сұрақ қоюға, сөйлем моделін сақтай отыра толық жауап бере білуге баулу.
|
Күтілентін нәтижесі:
|
Өз әкесі туралы әңгімелей алады. Әке туралы мақалдармен танысады. Ауызекі сөйлеу дағдысы дамиды.
|
Негізгі идеялар:
|
Тақырыптың негізгі идеясын дұрыс түсіне білу
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Үлестірмелі материалдар, маркер
АКТ
Карточкалар
|
Оқыту әдістері:
|
Кім жылдам
Миға шабуыл
Аквариум әдісі
Эссе
|
Жұптық жұмыс
Шығармашылық жұмыс
|
Дерек көздері:
|
Қосымша тақырыбына берілген материалдар:
www.РефератOff.kz
www.art.kz
|
Тапсырмалар:
|
І. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІ. Ой қозғау.
ІІІ. Мағынаны тану.
ІV. Топтық жұмыс.
V. Шығармашылық тапсырма
|
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2 мин)
Сыныпты топқа бөлу (кескіндер арқылы)
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
«Мозайка» әдісі бойынша сурет арқылы сыныпты топқа бөлу
|
Оқушылардың мұндағы мақсаты суреттер арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу
|
I.Үй тапсырмасын сұрау (4 мин) «Миға шабуыл» әдісі
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру
Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау
|
Мұғалім берген тапсырманы орындау
|
II.Ой қозғау «Кім жылдам» әдісі
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру
Әр топқа сематикалық карта мен жұмыс
|
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу
Топпен жұмыс жасау
|
«Отбасы» туралы білімдерін тексеру (сұрақ-жауап) (4 мин)
Отбасы жайлы ойлар
Отбасындағы қызықты оқиғалар
Отбасымен мен біргемін
?
II.Мағынаны ашу: «Әке» туралы жаңа тақырыпқп байланысты «Аквариум» әдіс»
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіру мақсатында осы көрсетілген әдіс бойынша жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату
|
Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту
Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады.
|
IV.Топпен жұмыс (8 мин) Постермен жұмыс
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында өз пікрлерін сурет арқылы қорғайды, ол үшін конвертке салынған сұрақтар таратылады. Табиғат туралы өз ойларын суретке салады
|
Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, тақтаға шығып тапсырманы қорғау
|
Менің әкем
Менің отбасымда төрт адам бар. Ол менің әкем, шешем, ағам және мен. Отбасымыздың үлкені – әкем. Әкемнің аты – Ерасыл. Ол 42жаста, мамандығы – жүргізуші. Әкем күнделікті жұмысына тыңғылықты қарайды. Отбасында мейірімді. Бізге әрқашан көмектеседі.
Кешке жұмыстан келгенде шаршап келеді. Біз оның көңілін көтеруге тырысамыз. Әкем үйге келгенде шаршағанын ұмытып кетемін дейді.
Біз әкемізді жақсы көреміз.
Постер бойынша осы әңгіме төңірегінде өз ойларын қағазға жеткізу қорғайтын тақырыптар:
V.Сергіту сәті: (1 мин)
VI.Шығармашылық тапсырма «Эссе жазу»
«Әкені біз былай түсінеміз» ( Топ бойынша Эссе жазу, талдау, бағалау) (10 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тапсырма қағаздарын таратады
|
Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын кағазға жазау арқылы жеткізу
|
VII.Қорытындылау:
|
(сұрақ-жауап) (3 мин)
Бұл сабақты мен қалай түсіндім?
Әке деген кіме?
Білімді жетілдіруде не істеу керек?
Алған білімнің не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
|
VIII.Рефлексия:
|
Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)
ББҮ кестесін толтыру
|
IX.Бағалау:
|
Өзін-өзі бағалау (2 мин)
Бағдарша, бағалау парақшалары
|
X.Үй тапсырмасы:
|
Оқулық бойынша тапсырма
|
Достарыңызбен бөлісу: |