Сабақ тақырыбы: «Наурыз-ертеден келе жатқан мейрам»



бет1/6
Дата24.05.2017
өлшемі0,79 Mb.
#16762
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Астана қаласы Білім басқармасының

«№63 мектеп-гимназия» КММ

Ашық сабақ тақырыбы: «Наурыз-ертеден келе жатқан мейрам »

(қазақ тілі пәні, 7 «В» сыныбы)

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Булекпасова Б.Ш

2017 жыл, Астана



Сабақ жоспары

63 Мектеп-гимназия

Сабақтың тақырыбы: «Наурыз-ертеден келе жатқан мейрам»

Күні: 6.03.2017ж

Мұғалімнің аты-жөні: Булекпасова Б.Ш


Сынып: 7 «В»

Сабаққа қатысқан оқушылар саны: 12


Сабаққа қатыспаған оқушы саны:

Оқу сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Тақырыптың аясында қарапайым сөйлемдер құрау арқылы Наурыз мейрамын қалай тойлаймыз, сол жайлы мәлімет беру. Сілтеу есімдігінің септелуіне тоқталу.

Тілдесім барысында сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін

пайдалану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.

Тілдесім әрекетіне құрылған сөйлемдер негізінде оқушыларды инабаттылыққа, өз елінің салт- дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу;



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді, сөйлем құрастыра алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады :

Сөйлем құрайды, оқиды, мағынасын түсіндіреді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Берілген мәтіннен сілтеу есімдіктерін таба алады

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Көктем мезгілі, Наурыз жайлы айта алады



Пәнге қатысты сөздік қормен терминдер:

Күн мен түннің теңелуі - равноденствие - verna

Дәм тату- угощаться- to take a meal

Бұлақтың көзін ашу - очищать родник- clean the water

Наурыз дәстүрлері - традиции Наурыза- traditions of Nauryz

Қызғалдақ - тюлпан – tulip, Бәйшешек - подснежники- snowdrop

Тазалау - убираться, чистить – to clean



Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:




Талқылауға арналған сұрақтар:

Қазір жылдың қай мезгілі?

Наурыз сөзі нені білдіреді?

22 Наурызда біз қандай мерекені тойлаймыз?

Найрыз мерекесінің басты тағамы не?



Не себепті ........ деп ойлайсыз?

Қазақ баласын үлкенді сыйлауға кішкентайынан үйретеді.

ишара:




Алдыңғы оқу

Еісмдік жайлы айта алады.

Жоспар




Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Көңіл күйді анықтау» тренингі.

Сабақтың басы. (5мин)


Әнұран айту, сәлемдесу, құрамын түгендеу.

Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, бір-біріне біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады.

Мақалды құрастыра отырып, топқа бөлу. «Наурызкөже», «Бауырсақ»

Интерактивті тақта, слайдтар, кәмпиттер,Р. Рымбаеваның үнтаспасы, тақырыпқа қатысты видео материал, сызба, кәмпиттер




Сабақтың ортасы

(6-40 минут).

Т6.1.1 Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді


«Стоп кадр» әдісі бойынша фильмге дейінгі тапсырма. Оқушылар сұраққа жауап беру керек.

Көктем мезгілі жайлы біз не айта аламыз?



Фильм барысындағы тапсырма. Оқушылар үзінді көреді, сұрақтарға жауап береді.

1.Не туралы естідіңдер?

2.Не көрдіңдер?

3.Қалай ойлайсыңдар әрі қарай не болады?



Фильмге қорытынды жасау арқылы сабақтың тақырыбын ашамыз.

Дәптерге бүгінгі күн, тақырып жазылады. Наурыздың алтысы.

Сынып жұмысы.

Наурыз – ертеден келе жатқан мейрам.

1. Сөздікпен жұмыс.

Жаңа сөздерді үш тілде айту, қайталау, сөйлем құрастыру.

Күн мен түннің теңелуі - равноденствие - verna

Дәм тату- угощаться- to take a meal

Бұлақтың көзін ашу - очищать родник- clean the water

Наурыз дәстүрлері - традиции Наурыза- traditions of Nauryz

Қызғалдақ - тюлпан - tulip

Бәйшешек - подснежники- snowdrop

Тазалау - убираться, чистить – to clean

2. Мәтіналды жұмыс.Топпен жұмыс.

А) Айтылым. Жазылым. «Наурызкөже» тобы Оқулықтағы 1-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіреді,сөйлем құрайды.

Ә) Жазылым. Айтылым. «Бауырсақ» гобы Наурыз мерекесі мен Жаңа жылды салыстыра отырып, сызбаны толтырады.

3. Грамматика. Сілтеу есімдігін еске түсіру, септелуіне тоқталу.

Кітаппен жұмыс.

Б) Айтылым. Оқулықтағы 3-тапсырма. Өлеңдегі көп нүктенің орнына сілтеу есімдіктерін қойып, мәнерлеп оқып береді. Әр топ жазбаша сол есімдіктерді септейді.

«Наурызкөже» тобы (мынау, анау сілтеу есімдік)

«Бауырсақ» тобы (осы, сол сілтеу есімдік)

Сергіту сәті. Оқушыларға Р. Рымбаеваның «Наурыз-думан» әнін тыңдай жүріп, «Галереяны» шарлау әдісі бойынша мәтін не туралы екенін айту керек.

4. Мәтінмен жұмыс.

А) Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы 5-тапсырма. Мәтінді оқу, аудару, есімдіктерді табу. «Ыстық орындық» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру керек.

5. Мәтінсоңы жұмыс. «5 қадам» әдісі бойынша «Наурызкөже» тобы мәтіндегі басты 5 негізгі ойды айту керек.

«Бауырсақ» тобы «Бәйшешек» гүліне бүгінгі тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді жазу керек.

Сабақты бекіту:«Наурызкөже» тобы есімдіктерді жаза отырып киіз үй формасын шығару, оған мәлімет беру керек.

«Бауырсақ» тобы сэнквейн құрастыру, құттықтау хат жазу


«Наурыз думан» Р. Рымбаева


с. Мұқағали Мақатаевтікі

ә. Т. Сарыбаевтікі


Наурыз айы туғанда,

Той болушы еді бұл маңда.

Сақталушы еді сыбаға,

Сапарға кеткен ұлдарға,

Наурыз айы туғанда.
Наурыз, наурыз, күн игі!

Күні игі жердің - түрі игі.

Бауыры жылып науат-қар,

Бабымен ғана жібиді.

Шашылып ырыс шанақтан,

Шақырып бір үй бір үйді,

Шаттанушы еді бір игі.

Мақалдар

• Күн мен түн теңелген,

Жер шуаққа кеңелген.

Наурыз келсе, құт келгені!


«Ыстық орындық»



«5 қадам» әдісі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет