Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кеңістік пен уақыт
|
Мектеп:24
|
Күні: 3.10.2023 ж
|
Мұғалімнің аты-жөні:З.Әмзеева
|
Сынып: 11. Қазақ әдебиеті
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы: Оралхан Бөкей. «Атау кере» шығармасы. Тағдыр тәлкегі
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
11.2.5.1 - әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау;
|
Сабақ мақсаты
|
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
|
Бағалау критерийлері
|
Шығармадаға сюжеттік талдау жасайды; Көркем шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды; Сұрақтарға жауап береді.Әдеби шығарманың композициялық ерекшелігін ажырата отырып, талдайды.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин минут
|
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Назарын сабаққа аударту. Ұйымдастыру кезеңдері.
Топқа бөлу. I топ: «Айна» II топ: «Таған» III топ: «Ерік»
Қима қағаздардағы сөздердің топ атауларының мағынасына жақын, синонимдес сөздер бойынша топтасады.
Ой тастау. «Бес қадам» әдісі
1. Шығармадағы маңызды 5 кейіпкерді атаңыз.
2. Айнаға 5 сөзбен сипаттама беріңіз.
3. Шығармадағы маңызды 5 оқиғаны атаңыз.
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары, сабақ мақсаттары, бағалау критерийлері
таныстырылады.
|
Қима қағаздар
|
Сабақтың ортасы
35 мин
Жаңа білім
|
Мұғалім «Атау кере» повесінің мазмұнына тоқталып, кейіпкерлер жүйесі мен композициялық құрылымға қысқаша түсініктеме береді.
1. «Образ- эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі нақты, әрі жинақты жасалған адам өмірінің әсем суреті» Әдебиеттегі шындықты, яки адам образын жасауға қажет өмірлік материалды жинақтау тек типтендіру тәсілімен ғана жүзеге асады.Образ жинақтау және даралау арқылы жасалады.Көркем әдебиеттегі жинақтау-типке, ал даралау – мінезге әкеледі.Образ осылай туады.
2. Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүние танымы тұрғысынан белгілі бір уакыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралауы болып табылады.
3. Көркем әдебиетте даралау – мінезге әкеледі. Мінез- адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.
4. Шығарманың композициялық құрылымы.
Композиция – көркем шығармадағы элементтердің, құрамдас бөліктердің, образдардың белгілі бір тәртіппен, рет-ретімен, жүйелі орналасуы.
1. Оқиғаның басталуы
2. Оқиғаның дамуы
3. Оқиғаның шиеленісуі
4 .Оқиғаның шарықтау шегі
5.Оқиғаның шешімі
|