Сабақ тақырыбы Өтілген материалдарды бекіту



Дата26.08.2017
өлшемі123,96 Kb.
#29602
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Қосындыны санға бөлу

Күн : 15.02.2017ж. Сынып: 3 «А»

Мектеп: №74 ЖББОМ , Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні:К.К.Аймышова

Қатысқандар саны:22

Қатыспағандар саны: -

Сабақ тақырыбы

Өтілген материалдарды бекіту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Көбейту мен бөлуге арналған есептерді шығарады. Көрсетілген өлшем бірліктеріне айналдырады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: көбейту мен бөлуге арналған есептерді шығарады.

Оқушылардың басым бөлігі: көрсетілген өлшем бірліктеріне айналдырады



Кейбір оқушылар: көбейту мен бөлуге арналған сөзді есептерді шығарады.

Бағалау критерийлері

- өрнектің мәнін сандықшадан табады

- көбейту мен бөлуге арналған сөзді есептерді шығарады

- өрнектің мәнін табады

- көрсетілген өлшем бірліктеріне айналдырады

Құндылықтарды дарыту


Топтық жұмыс кезінде оқушылар бір-біріне деген құрмет көрсетеді

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дене шынықтыру

АКТ қолдану дағдылары

Слайд

Бастапқы білім

58:2; 580:2; 580:20 түріндегі бөлу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

-Бір жылда неше ай бар?

-Жыл мезгілдерін ата?

-Қазір қай мезгіл?

-Қыс мезгілінің айларын ата?

-Олай болса,қыс айларына байланысты топқа бөлінеміз.

-Желтоқсан -Қаңтар -Ақпан

«Қарлы кесек» стратегиясы (Үй тапсырмасын тексеру)

879-а =405 580: х = 20 820 – а = 157

а= 879-405 х = 580:20 а= 820- 157

а= 474 х = 29 а = 663

у х 4 = 720 с + 30 = 123 с х 4 = 640

у = 720:4 с = 123 – 30 с = 640:4

у = 180 с = 93 с = 160

ҚБ: «Басбармақ»

Қызығушылықты ояту

1. Кез келген санды бірге көбейткенде, қандай сан шығады?(сол санның өзі шығады)

2. Санды сол санның өзіне бөлсе, неше шығады?(1 шығады)

3. Нөлді санға бөлгенде, неше шығады?(0 шығады)

4. Санды нөлге бөлуге бола ма?(болмайды)

5. 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады? (Жұп)

6. 2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар қалай аталады? (тақ)

7. Егер есепте қосу мен көбейту амалы келсе, алдымен қандай амалды орындаймыз? (көбейту)

ҚБ: «От шашу»

Интербелсенді тақта



Сабақтың ортасы

Мағынаны тану

Түсіну

 -Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз.

Ақпанның 15-і.     Сынып жұмысы.

1) Математика-ермек емес балалық,

    Математика-көрегендік, даналық.  

Математика-құрметтеуге лайық,

Кел, балалар, мұны жақсы ұғайық!-дей келе бүгінгі қайталау сабағымызды бастаймыз.

-Сабақты қысқы универсиаданың ашылу салтанатын бейнероликтен көрсету арқылы бастау.

-Балалар, бейнероликтен не көрдіңдер?(Оқушылар жауабы)  

-Ал осы қысқы универсиадада қандай ойындар ойналды?  (Оқушылар жауабы)  

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында ХХVIІІ қысқы универсиада өтті. Оған 57 елден спортшылар қатысты. Қазақстанның атынан спорттың 12 түрінен 171 спортшы қатысты.1 орын Ресей – 71 медаль, 2 орын Қазақстан -36 медаль, 3 орын Оңтүстік Корея-21 медаль жеңіп алып,орындарға ие болды.Келесі қысқы универсиада 2019 жылы Ресейдің Красноярск қаласында өтеді.Тағы да спортшыларымыздан үміт күтеміз.

-Олай болса, бүгінгі сабағымызда осы қысқы ойын түрлерін бізде сабақ үстінде ойнайтын боламыз. Әр ойынның бізге әкелген тапсырмасы бар. Біз сол тапсырмаларды дұрыс шеше отырып, ойынды ойнаған болып есептелеміз.  
Қолдану

1 тапсырма. Есеп№1.Топпен: «Аққала соғу»


12х2= 24

600:300=2

140:20 =7



 


12х4= 48

48:2 =24


7х12= 84



350:5=70

600:20=30

48:4=12



ҚБ: «Стақан»

Талдау

2 тапсырма.Тақтамен жұмыс: Есеп №2,3 «Шаңғы тебу»

«Желтоқсан» тобы:

40 сырт киім.--------200м Шешуі: 200:40= 5

?сырт киім.-------60м 60:5= 12

Жауабы:12 сырт киім тігеді.


«Қаңтар» тобы

Ерлер киім 40---200м Шешуі:200:40 = 5

Бала киімі -? 3 м мата кем 5 – 3= 2

Жауабы:2 метр мата кетеді:



«Ақпан» тобы

Iорам-120м мата Шешуі:120 + 60 = 180

II орам-60 м мата 180:4= 45

Бір креслоға – 4м мата жауабы:45 кресло қаптайды.

Кресло каптайды- ?

ҚБ: «Бағдаршам»

Сергіту сәті:

Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)

Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)

Жақсы! (алақандарын соғады)

 Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Биде айналған жақсы ма? (айналады)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Қазақстандық болған жақсы ма?

(бас бармақтарын көрсетеді)

Жинақтау

 3 тапсырма. Жеке жұмыс:«Коньки тебу» Есеп№4. Өрнектерді есепте.

84:3= 28 52:4 = 13 15х5=75

620:20 =31 760:4 = 190 18х40=720

27х3=81 570:3=190 290х3=870

ҚБ: « Смайлик»

4тапсырма. Топпен жұмыс: «Хоккей ойыны» Есеп №6

3тәул. = 72сағ 4ғ = 400жыл 6сағ20мин = 380мин

4ц15кг = 415кг 5ц 2кг = 502кг 2ғ.50жыл = 250жыл

12мин = 720с 4тәул.4сағ = 100сағ 2дм7см = 27см

8м 9 см = 809см 8м 80см = 880см 25дм8см = 258см

45 см = 4 дм 5 см 120 мин = 2сағ 700см = 7м



ҚБ: «Қол шапалақтау»

Бейноролик

Интербелсенді тақта

А4 қағазы

А4 қағазы



Сабақтың соңы


V. Үйге тапсырма: 51бет,есеп №7

V Білімді бағалау.

Үш топ оқушыларын  бағалау. Спортпен үнемі шұғылданып жүрейік.

VІІ.Сабақ қорытындысы:

  -  Сабақ ұнады ма?

- Бүгінгі математика сабағында нені үйрендік?



- Өткен тақырыптарды қайталадық.

-Ойындар ойнау арқылы тапсырмалар орындадық.

-Есептер шығардық.

-Тақтамен жұмыс жасадық.

 







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет