6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)
№1 лекция тақырыбы. Математика тарихы және методология пәні. Математика мұғалімін дайындау жүйесіндегі математика тарихының және методологиясының ролі.
Математиканы терең игеру оның тарихын, оның негізгі идеяларын және оның дамуын оқып білмеу мүмкін емес. Математиканың бүтіндей дамуының тарихын білуге деген құштарлықсыз әсте мүмкін емес. Математика тарихы мәселелерімен осы саладағы мамандар ғана емес, сонымен қатар әртүрлі математикалық пәндердің өкілдері де жүйелі айналысып жүргенін атап өткен жөн.
Математика тарихын кезеңдерге бөлу мәселесіне тоқталайық. Математика тарихын өзіне тән ерекшеліктері бар бірнеше кезеңдерге (периодтарға) бөлуге болады.
Математика тарихының бірінші кезеңі ғылымға дейінгі кезең. Математика өте ежелгі ғылым. Адамдар сандар мен оларға амалдар қолдануды ертеден білген. Төрт және одан да көп мыңдаған жылдар бұрын келе жатқан арнайы математикалық тексттер бар. Олар қазір дәлелденген. және мектептерде жаттығу материалы ретінде қолданылады. Бұл кезеңде өте маңызды математикалық ұғымдар мен амалдар пайда бола бастаған.
Бұрыш, аудан, көлем тағы сол сияқты көптеген абстрактлі ұғымдар пайда бола бастады. Егер де біз аудан, көлем, тағы сол сияқты ұғымдардың мағынасымен, мәнімен танысқымыз келетін болса, математика тарихының осы бірінші кезеңіне жүгінеміз. Бұл кезеңде көптеген есептерді шешу алгоритмдері пайда болғанымен, олар тек қана мысал ретінде қарастырылды. Бұл кезеңде алғашқы қауымдық құрылыс халықтарының және ежелгі египеттіктер мен вавилондықтардың математикасын жатқызады. Бұл кезеңдегі математиканың мазмұнымен таныса келе, көптеген маңызды және қиын тарихи математикалық сұрақтар өте ежелгі уақытта пайда болғанын көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |