Ежелгі және Орта ғасырдағы Қытай математикасының мәні. Қытай математикасы XIV ғасырға дейін дамыды. Ол есептегіш тақтада арифметикалық, алгебралық, геометриялық кейбір есептер классын шешуге арналды. Қытай математиктерінің басты нәтижесі теріс сандарды енгізу болды, оған олар қарапайым түсіндірме берді. ХІІІ-ХV ғғ. Қытай, Үндістан, Орта Азия, Ислам елдерінің арасында мәдени алмасу болды.
Қытай математикасы, Үндістан және Ислам елдері арқылы Европа математикасына әсер етті, бірақ Қытай математиктерінің көптеген басты ашылулары Европада кеш белгілі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |