Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет1/12
Дата02.09.2024
өлшемі90,16 Kb.
#203796
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дәріс тезистері химия тарихы









2.ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ






№ апта

Дәріс тақырыбы және тезистер

Сағат көлемі

№ 1
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Химия тарихының пәні мен жалпы міндеттері.
2. Химия тарихының маңызы.
3. Химияның негізгі даму кезеңдері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Химия тарихы жалпы химияның және оның жеке бөлімдерінің дамуын, химиялық білімнің жинақталу процесін сипаттайтын және зерттейтін ғылым. Химия прогресінің ғылым ретіндегі негізгі факторы – әрбір тарихи дәуірдегі қоғамның техника мен өндірістік күштерінің даму деңгейіне байланысты өнеркәсіп пен қоғам қажеттілігі болып табылады. Химия тарихының негізгі міндеті: химияның даму барысындағы тарихи құбылыстар мен процестерді белгілі бір ретте және өзара байланыста ғана емес, сонымен қатар, қоғам мен өндірістің сұранысына, қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына, математика, жаратылыстану, философия ғылымдарының дамуымен жән басқа да қоғамдық құбылыстармен байланыстыра зерттеу. Химия тарихының негізгі кезеңдері мыналар: Алхимияға дейінгі кезең, Алхимия кезеңі (III-XVI ғасыр), Қалыптасу кезеңі (XVII-XVIII ғ.), Сандық заңдар кезеңі (Атом-молекулалық теория) 1789-1860 ж., Классикалық химия кезеңі (1860-XIX ғ. аяғы), Қазіргі кезең (XX ғ. бастап бүгінгі таңға дейін).
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. Дүниені ғылыми тұрғыдан түсінуде химияның маңызы қандай?

  2. Химиялық заңдылықтар табиғаттың қандай заңдарымен үндеседі? Мысалдар келтіріңдер.

  3. Қоғамда адамдардың әл-ауқатын арттыруға химияның тигізер пайдасы жөнінде әңгімелеп айтып беріңдер.

  4. Химияның басқа ғылымдармен байланысы жөнінде не білесіңдер?

  5. Материяның химиялық қозғалысы тек адамдар қатынасында ғана жүзеге аса ма? Мысалдар келтіріп, түсіндіріңдер.

  6. «ХХІ ғасыр-химия ғасыры» деген ұғымды қалай түсіндіресіңдер? Дәлелді жауап беріңдер.

  7. Адамзаттық ғаламдық қажеттіліктерді атаңдар. Олар неліктен туындап отыр деп ойлайсыңдар?

  8. «Химия- адам ісіне құлашын кең жаяды», «Химия және экология» тақырыптарына реферат жазыңдар.

  9. Химия ғылымының ХХІ ғасырда қай бағытта дамитыны жөнінде қандай болжамдарың бар?

1

№ 2
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Антикаға дейінгі және Антикалық кезеңдегі қолөнер химиясы
2. Антикалық натурфилософия
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Адамзаттың табиғат берген байлықтарын пайдалануда үлкен роль атқаратын процесс заттардың қасиетін химиялық жолмен өзгерту болып табылады. Жалпы қолөнер химиясының қалыптасуы металлургияның пайда болып, ары қарай дамуымен тығыз байланысты. Ежелгі дәуір тарихы бойынша еңбек ету бұйымдарының қандай заттан жасалғандығына байланысты Мыс, Қола және Темір дәуірлеріне бөлінеді. Осы дәуірлерде таза күйінде жеті металл белгілі болған. Антикалыққа дейінгі және ерте Антикалық дәуірде химиялық технология саласынан ең алдыда болған мемлекет Египет болып табылады. Зат қасиетінің шығу тегін анықтау мәселесі ең алғаш антикалық философияда қарастырылады.
Зат табиғаты оның қасиеті жайындағы философиялық ұғым бір уақытта б.э.б. VII ғ. Қытай, Үнді, Парсы Греция цивилизацияларында пайда бола бастады. Бұл натурфилософиялық ілімге тән сипат: эмпирикалық негізі жоқ абстракциялы концепция. Антикалық натурфилософия концепциясы жаратылыстың құрылымымен түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет