Сабақ тақырыбы: Өзгергіштіктің негізгі формалары. Мутациялардың себептері мен жиілігі.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты
Білімділік:Оқушыларға өзгергіштіктің туу себептері туралы, тұқым қуалайтын белгілерге, ішкі (кроссинговер) және сыртқы орта факторларының организм белгісіне әсер етуі туралы білім беру, өзгергіштіктің түрлері және маңызы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Биологиялық білімдері мен дүниетанымдарын дамыту.
Тәрбиелік: Білім алуға, адамгершілікке, денсауықты сақтауға тәрбиелеу.
2.Морган дрозофила шыбынына қандай тәжірибелер жүргізді?
3.Толық тіркесу мен толық емес тіркесудің цитологиялық негізі.
4.Қандай тіркесудің эволюция үшін маңызы зор?
III. Жаңа тақырыпты баяндау
Өзгергіштік дегеніміз - организмдердің даму онтогенезінде жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болу қабілеттігі.
Өзгергіштік Тұқым қуалайтын Тұқым қуаламайтын Мутация дегеніміз — организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың кұрамды бөліктері — гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын, тұкым куалайтын өзгергіштік. Бұл ұғымды ең алғаш голландиялык ботаник Х.Де Фриз қалыптастырды. Мутация сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады, оларды мутагендер деп атайды. Мутагендердің үш түрі кездеседі. Олар: физикалык, химиялық және биологиялык мутагендер. Физикалык мутагендерге радиоактивті сәулелер, ультракүлгін сөулелер, лазер сәулелері және т.б. жатады. Химиялық мутагендерге: колхицин, этиленимин, никотин қышкылы және т.б. химиялық қосылыстар жатады. Өте жоғары концентрациядагы кейбір гербицидтер мен пестицидтер де мутация тудыра алады. Жасушадағы зат алмасу процесі кезінде түзілетін кейбір ыдырау өнімдері мен организмге тағам арқылы келіп түсетін радиоактивті заттарда да (мысалы, сүйекте жинакталатын стронций, т.б.) мутагендік ққсиет болады. Оларды биологиялық мутагендер дейді.
Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутациялар гендік, хромосомалық, геномдық және цитоплазмалық болып бөлінеді.
Гендік мутация. Гендік мутация ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің орналасу ретінің өзгеруіне байланысты болады. Мысалы, ДНҚ кұрамындағы қатар тұрған екі нуклеотидтің орын алмастыруы немесе бір нуклеотидтің түсіп қалуы мүмкін.
Хромосом. мутация.Бұл жағдайда хромосомалардың құрылымы өзгереді. Ондай өзгерістер хромосомаішілік және хромосомаралық болып келеді. Хромосома ішілік: дефишенсия — хромосома ұштарының жетіспеушілігі; делеция — хромосоманың бір бөлігінін үзіліп түсіп қалуы; инверсия — хромосома бөлігінін 1800-қа бұрылуы гендерің орналасу ретінің өзгеруі; дупликация — хромосоманың белгілі бір бөлігінің екі еселенуі.
Хромосомааралык өзгерістерге хромосоманың бір белігінің оған ұқсас емес басқа бір хромосомамен ауысып кетуі жатады, оны транслокация дейді. Сол сияқты бұған хромосомалар арасында көпірлердің түзілуін де жатқызуга болады.
Геномдык мутация.Геномдыц мутация дегеніміз — жасушадағы хромосомалар санының өзгеруіне байланысты болатын өзгергіштік. Геном дегеніміздін өзі — гаплоидті хромосомаларда болатын гендердің жиынтығы. Геномдык мутация хромосома санының гаплоидті жиынтыққа еселеніп немесе еселенбей езгеруіне байланысты. Егер еселеніп көбейсе, оны полиплоидия, ал еселенбей көбейсе не азайса, анеуплоидия немесе гетероплоидия деп атайды.
Полиплоидия — жануарларда өте сирек кездесетін кұбылыс Бүл көбінесе жыныстык көбеюі партеногенез жолымен жүретін жөндіктерде кездеседі. Мысал ретінде аскариданы, жер құрттарын, көбелектерді алуға болады.
Анеуплоидия. Анеуплоидия немесе гетероплоидия хромосома санының гаплоидті жиынтыққа еселенбей өзгеруінің нәтижесінде пайда болады. Бұл құбылысты ең алғаш К.Бриджес дрозофила шыбынындағы жыныспен тіркесіп тұқым куалау зандылығын зерттеу барысында.Ол аналық шыбынның дене жасушасынан ХХУ хромосомалардың (сонда У артық), ал аталықтарынан ХО (яғни У жоқ) хромосомаларды тапты. Осыған байланысты дрозофила шыбындарының кейбір белгілерінің (канаты, көзі жөне т.б.) өзгеретіндігі анықталды. Мұндай жағдай өсімдіктер мен жануарларда ж/е адамда да кездеседі. Мысалы, адамда 21-жүп хромосомада 46-ның орнына 47 хромосома болса, Даун ауруы пайда болады. Ондай адамның акылы кем, дене мүшелерінде түрлі кемістіктер болады.
Анеуплоидия құбылысының практикалык маңызы да бар. Ол өсімдіктер селекциясында жекелеген хромосомаларды ауыстыру арқылы жаңа мол өнімді түрлерін алу үшін колданылады.
Цитоплазмалык мутация. Бүл жасуша цитоплазмасында кездесетін плазмогендердің өзгеруіне байланысты болады. Плазмогендер, негізінен, пластидтер мен митохондрияларда болады. Цитоплазмалык мутация да гендік жене т.б. мутациялар сияқты ұрпақтан-ұрпаққа беріліп тұқым куалайды.
IV. Жеке білім алушымен жұмыс
1. Окулыктағы материалдарды пайдаланып, берілген кестені толтырыңдар.
Өзгергіштік
Мутацияның типтері
Мутацияның пайда болу себептері
Мутация
толыктырыңдар:
А. Мутагендердің___түрі бар, оларға___мутагендер жатады.
Ө. Хромосомалардын белгілі бір бөлігінін екі еселенуін___, ал хромосоманың
бір бөлігінін үзіліп түсуін___деп атайды.
Б. Хромосомалар санынын екі еселенуін___, үш еселенуін___, ал төрт
еселеяуін____деп атайды.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
Кесте толтыру
V. Үй тапсырмасы
Сабақты оқу- әңгімелеу, №4 кестені толтыру
VІ. Сабақты қорытындылау
Оқушыларды сабаққа қатысуына,сабақ айтуына, белсенділігіне қарай бағалау. оларға комментарий беру, сабақтың жағымды, жағымсыз жақтарын анықтау.