Сабақ Тақырыбы: «Шығыс шынары»



Дата07.02.2017
өлшемі52,91 Kb.
#8880
түріСабақ
Қазақстан Республикасы

Білім және Ғылым министрлігі

35 М.Мәметова атныдағы жалпы орта мектеп





Ашық сабақ


Тақырыбы: «Шығыс шынары»

Пән мұғалімі: Тулендиева Нургуль Оразбековна

бастауыш мұғалім.

Шығыс шынары. Әзиза Нұрмаханова

Сабақтың тақырыбы: Шығыс шынары. Әзиза Нұрмаханова

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы елі үшін жанын қиған ерен ерлер өмірін дәріптеу.
Дамытушылық: Отанымыздың тарихына қызығушылықтарын арттыру, достық ынтымақтастық, жауапкершілік сезімдерін ұялату.
Тәрбиелік: Қазақ халқының қайсар қызы Ә. Молдағұлованың ерлігі негізінде отансүйгіштікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.
Оқушыларды көпшіліктің алдында өзін - өзі ұстай білуге, ұялмай сөйлеуге, өз ойын ашық жеткізуге үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, әңгіме, көрнекілік, ойын арқылы дамыту, «топтастыру»
стратегиясы, «бес жолды өлең» стратегиясы, сұрақ - жауап әдісі.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, дүниетану, математика, тарих.
Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, суреттер, бағалау жұлдызшалары.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақтың ерекшелігін атап өту:
- Балалар, біз бүгін өзгеше жаңа сабақ интерактивті тақта көмегімен ашық сабақ өткелі тұрмыз. Бүгінгі сабақта Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылған шығармалар топтамасымен әрі қарай танысамыз. Өздерің білетіндей Ұлы Отан соғысы жылдарындағы елі үшін жанын қиған ерен ерлер қазақтың маңдайына біткен жұлдыздары емес пе? Сендер де еліміздің ертеңісіңдер, болашақ қазақтың қамын ойлар азаматтарысыңдар! Олай болса, мен сендерден үлкен үміт күтіп, жарқын болашақтарыңа сенім білдіріп, бүгінгі сабақ барысында мынадай жұлдызшалармен бағалағым келеді.

ІІ. Психологиялық дайындық:


Біз бақытты баламыз,
Ойнап – күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз,
Оқып білім аламыз.

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау


А. Халимулдина мен Ә. Халимулдиннің «Мәншүктің жұлдызды сәті» әңгімесін мазмұндау.
Сұрақ – жауап.

ІV. «Сиқырлы сандар» ойыны.


Ойынның мақсаты: жылдам есептер шығару арқылы жаңа тақырыпты ашу.
Ойынның шарты: жылдам есептер шығару арқылы сиқырлы сандарды әріптерге айналдыру. Кесте көмегімен әріптерден сөз құрау. Сонда біздің бүгінгі сабағымыздың басты кейіпкерінің аты шығады.
52+(6*8)=100 ( Я )
74 - 50/10=69 ( Ә )
53+5*9=98 ( И )
72/9+8=16 ( Л )

69 16 98 100


Ә --Л -И --Я

V. Жаңа сабақ


Бүгінгі сабағымызда Әзиза Нұрмаханованың « Шығыс шынары» әңгімесімен танысамыз.
Сабақтың мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы елі үшін жанын қиған ерен ерлердің, қазақ халқының қайсар қызы Ә. Молдағұлованың ерлігін дәріптеу.

Әзиза Нұрмаханова «Шығыс шынары»


Нұрмаханова Әзиза Нұрмаханқызы 1924жылы 15 желтоқсанда қазіргі Қарақалпақ АССР - інің Мойнақ ауданында туған. Қазақ Совет түркологы, филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол түркі тілдерінің интонациясын алғаш зерттеуші. Оның «Қыздар» (1969), «Шығыс шынары» (1973) повестерінде қазақ әйелдерінің әлеуметтік тағдыры, Совет Одағының батыры Әлия Молдағұлованың өмірі мен жанқияр ерлігі суреттелген.

Халқымыз Отан үшін от кешіп, елдік пен ерлік сынға түскен сәтте қас қақпай өмірлерін құрбан еткен батыр ұл - қыздарын қастерлеп, қадір тұтады. Тарихи деректерге қарағанда 1941 - 1945 соғыс жылдарында 1 миллион 196 мың 164 қазақстандық әскерге алынған еді. Балалар, сендер қандай батырларды білесіңдер? Біздің ауданымыздан елі үшін күрескен қандай соғыс ардагерлері бар? (Бейнеу ауданынан соғысқа қатысқан батырлар туралы тоқталып өту (суреттер көмегімен). Көптеген жауынгерлер теңдесі жоқ ерліктер жасады. 518 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Мұның елеулі бөлігі қыздар болғаны белгілі. Әскерге алынған қыздар соғыс техникаларын мен құралдарын жетік меңгерген. Ұлы Отан соғысы тарихында аттары аңызға айналған қазақтың үш батыр қыздарының - Әлия, Мәншүк, Хиуаздың орны бөлек. Бұл ерліктің сыры неде? Әр заман осы сұраққа өз биігінен жауап беріп келеді.

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың небәрі 18 жастан сәл ғана асқан қысқа өмірі бәрімізге де белгілі. Шын аты Ылия, бұл әжесінің қойған аты. Қуғын – сүргін заманы жас қызды анасынан өлі, әкесінен тірі айырды. Әлияның атасы Сарқұл бай болған, 1928 жылдан бастап қуғын - сүргінге ұшыраған. Оның ұлы Нұрмұханбет, Әлияның әкесі, бас сауғалап анда - мұнда жасырынып өмір сүрген. Әлияның анасы Маржан көрші әйелдермен картоп теруге барса, күзетші оларды қорқытпақ болып мылтық атады, оқ Әлияның анасына тиіп, қайтыс болады.
Әлия анасының інісі Әубәкірдің қолында тәрбиеленген. Нағашысының жұмыс бабына қарай ол Әулиеата (Жамбыл), Мәскеу, Ленинград мектептерінде оқыған.

1942 жылы білім алып жатқан №46 мектеп Ярославль облысының Вятск селосына көшіріледі. 7 - класты бітірген қаршадай қыз Рыбинскдегі авиация техникумына оқуға түседі. 1942 жылы 18 желтоқсанда осындағы аудандық әскери комиссариаттың жолдамасымен Мәскеудегі мерген қыздар даярлайтын орталық мектепке қабылданады. 1943 жылы шілде айында мұны үздік бітірген ол Солтүстік – Батыс майданының 34 - атқыштар дивизиясының 4 - батальонына жіберіледі. Бір хатында Әлия: «Адам өлтіру түгілі тауық өлтіру дегенді білмейтін менің жүрегіме жауды өлтіру керек, құртуым керек деген мақсат қалай пайда болғанын айтайын»,- деп ашылады. Ленинградта өртеніп жатқан үйлердің біріндегі Володя атты баланың өлімі үлкен әсер еткен. Әлияның «жарты ғасыр өмір сүргендеймін» дейтіні сондықтан. Ұлы жеңістің, ұлы ерліктің атасы – ұлттық рух. Ерлік пен батылдық қазақтың жан дүниесімен біте қайнасқан. Ерлік пен батылдық ғасырлар бойы талай өлең мен жырлардың арқауы болды. Зерделі Әлияны өз отбасында, нағашысы Әубәкір ізгілікке, алғырлыққа тәрбиеледі. Әлия орыс ортасында жүргенінде де қазақты аңсады. Мергендер даярлайтын мектепте оқып жүргенде «ең болмаса бір қазақ қызы келсе екен деймін, өйткені біздің тобымызда менен басқа ешкім жоқ» деп армандады. Ол өзінің жолдорбасына Жамбылдың орталық газетте жарияланған Ленинград қаласының қаһарман қорғаушыларын арналған өлеңдерін салып жүрген.

Нағашысы Әубәкір 1943 жылы соғысқа аттанады, бірақ қайда жүрсе де Әлияны іздеумен болған. Сәті түсіп Ярославль темір жолына қарасты стансада күтпеген жерден ұшырасады. «Ауылды сағындым, нағашы, ауылға барғым келеді – деді Әлия тұңғиықтан бір тамшы алып, іштей босап»,- дейді Әбубәкір.
Ауыр соғыс жүріп жатты. Әлия өз мергендігімен аты шықты. Бірде өзі қызмет ететін батальонға Казачиха деревнясын жаудан азат ету тапсырылды. Күтпеген жерден командир саптан шығып, батальон басшымыз қалған тұста Әлия ұран тастап, жауынгерлерді шабуылға көтерді. Деревня жаудан толық азат етілді. Сол ұрыста қазақ халқының батыр қызы Әлия Молдағұлова ерлікпен қаза тапты. Бұл 1944 жылдың 14 қаңтары еді. Жас қыз өз ерлігімен өз батальонын ғана емес, бүкіл бригаданы құтқарып қалды. Ол Смердль өзенінің жағалауына жерленді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылы 4 маусымдағы жарлығымен Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Орыс ақыны Яков Хелемский «Әлияның жүрегі» деген поэмасында:
Шаттансаң қыз тудым деп, қазақ, шаттан,
Әлия Отанына болған мақтан.
Бежаница маңында тұлғасы тұр,
Дегендей: ерлікке аттан, еңбекке аттан!
Бұл жерден сонау заман Пушкин өткен,
Желдіртіп қоңыраулы атты жеккен.
Сол жерді жаудан сақтап қаламын деп,
Қазақтың Әлия қызы қанын төккен.
Әлия тағылымы батырлар қорғаған мәдени мұраны, қазақ ұлтының талай ғасырлар бойына жинақталған құндылықтардың саналы мұрагері екенімізді ескертеді. Дәстүрімізге, тілімізге, дінімізге деген құрмет, елге тағзым, халықты, елді, сыйлау, кешегі мен ертеңгі, бүгінгі мен ертеңгі күннің терең тарихи сабақтастығын білуді міндеттейді. Әлия тағлымы ел басына күн туса, жауапты да күрделі іске дайын болу, қиындықтарды жеңе білуге жетелейді.
VI. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді бөліктерге бөліп оқыту. Мазмұнын айтып өту, бөлімдерге бөлу.
(Мен тақтаға, оқушылар дәптерлеріне жазады.)
Сұрақтарға жауап беру.

VІI. «Топтастыру» стратегиясы.


Балалар, бала Әлия, оқушы Әлия қандай болған?

VІІI. Сабақты бекіту: « Бес жолды өлең» стратегиясы.


_______________ _________ сүйетін,
_______________ _________ баламыз.
_________________________ жолымен,
_______ _________________ боламыз.

ІХ. Сабақты қорытындылау.


Не білдік? Нені үйрендік? Не білеміз?

Х. Сабақты бағалау.


Артықшылықтары мен кемшіліктерін атап өту. Бағалау кестесіне сүйене отырып жұлдызшалар бойынша бағалау.

ХІ. Үйге тапсырма беру.


Мәтінді мазмұндау. Берілген тақырыптар бойынша шығарма жазу:
Қаhарман қыз Әлия.
Ерлік ешқашан да ұмытылмайды.
Бейбіт елдің ұланымыз!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет