Сабақ тақырыбы: Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері.(1-сабақ) Әзірлеуші: Ажикабулова Айназ



Дата21.03.2022
өлшемі1,21 Mb.
#136496
түріСабақ
Байланысты:
6 сабақ. Шыңғыс хан империясы және оның мұрагерлері.

Бөлім тақырыбы: Ұлы Дала көшпелілерінің империялары Сабақ тақырыбы: Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері.(1-сабақ)


Әзірлеуші: Ажикабулова Айназ
Нұр-Сұлтан қаласы А. Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп – лицейдің тарих пәні мұғалімі
Қазақстан тарихы
10-сынып
Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы
Бүгінгі сабақта:
  • Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсінесіз;
  • мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтай отырып, Қазақстан аумағында ұлыс жүйесінің дамуын зерттейсіз.


Моңғолдар Қазақстан аумағында.
  • 1218 ж. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы қыпшақтардың арасында жасырынып жүрген меркіттерді күйретті.
  • Бұл уақытта хорезм шах Мұхаммед қыпшақтарға қарсы 60 мыңдық әскерімен жорыққа шыққан еді.
  • Осылайша Торғай даласында моңғолдар мен хорезмдіктер ұшырасады.


Хорезмді жаулап алу ( 1219-1221 жж.).
  • 1219 жылы Шыңғыс хан жорыққа 200 мыңдық әскермен аттанды. Ол бірнеше әскерге бөлінді.
  • Үшінші әскерге Ходженд қиян-кескі қарсылық көрсеткенімен, ол да басып алынды.
  • Төртінші әскерді Шыңғыс ханның өзі басқарып, Бұхара мен Самарқандты күйретті.


Моңғолдар басқыншылығының жалғасуы.

Моңғол империясының ыдырауы.
  • Өзара қырқысулар мен бөлінуге ұмтылушылық;
  • өркениеттiк бытыраңқылық;
  • империяның жекелеген облыстарының арасында ортақ мәдени дәстүрлер мен экономикалық байланыстардың жоқтығы;
  • жаулап алынған халықтардың моңғолдардың билігіне қарсы күресі болды.

Моңғол империясы ыдырауының себептері:
Алтын Орда ХІІІ ғасырдың соңы мен XIV ғ. бірінші жартысында.
Оң қанаттың әскербасы болған Ноғай 1296 ж. хан тағына таласады
Алтын Орда Өзбек хан (1313-1341 жж.) тұсында қайта күшейді.
XIV ғ. екінші жартысында Жошы ұлысында
«Дүрбелең жылдар» болды.
  • XIII-XIV ғ. Қазақстан аумағы Моңғол империясы ұлыстарының құрамына, ал ол ыдырағаннан кейін, тәуелсіз түрік-моңғол мемлекеттерінің құрамына кірді.
  • Болашақ Қазақстанның үлкен бөлігі Жошы ұлысы Алтын Орданың құрамдас бөлігі болды.
  • Ұлыстардың мемлекеттік құрылысы моңғолдық үлестік жүйенің белгілерін сақтады.
  • Алдымен билеушілер мен ақсүйектердің, кейін ұлыстар халқының исламды қабылдауы басқару жүйесіне өзгерістер енгізе бастады.

1-тапсырма Қазақстан аумағы кірген үш ұлыстың
территориялық аумақтарын жазыңыз
Жошы ұлысы
Шағатай ұлысы
Үгедей ұлысы
Жауабы
Жошы ұлысы
Шағатай ұлысы
Үгедей ұлысы
Шығыс Қазақстан
Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан
Солтүстік, Батыс және Орталық Қазақстан
2 тапсырма Оқиғаларды ретімен орналастырыңыз
2. 1218 жылы моңғолдар Күшлік ханды талқандап, империясына Жетісу мен Қарақытайлар мемлекетінің бүкіл шығыс бөлігін қосып алды.
1. Шыңғыс ханның ұлдары Шагатай мен Үгедей Отырарды қоршап, ол бес ай қоршаудан кейін бағындырды.
3. Шыңғысханның мұрагерлері Қытай, Иран, Ирак, Кавказ бен Русьті басып алып, Солтүстік Үндістан мен Шығыс Еуропаға өтті.
5. 1260 жылдың соңына қарай Моңғол империясы ыдырады.
4. Жошы ұлысының құрамындағы Бату мен Орда Ежен ұлыстарының арасынан Шайбани ұлысы бөлініп шықты.
Жауабы
1. 1218 ж. моңғолдар Күшлік ханды талқандап, империясына Жетісу мен Қарақытайлар мемлекетінің бүкіл шығыс бөлігін қосып алды.
2. Шыңғыс ханның ұлдары Шагатай мен Үгедей Отырарды қоршап, ол алты ай қоршаудан кейін бағындырды.
3. Шыңғысханның мұрагерлері Қытай, Иран, Ирак, Кавказ бен Русьті басып алып, Солтүстік Үндістан мен Шығыс Еуропаға өтті.
4. 1260 жылдың соңына қарай Моңғол империясы ыдырады.
5. Жошы ұлысының құрамындағы Бату мен Орда Ежен ұлыстарының арасынан Шайбани ұлысы бөлініп шықты.
3 – тапсырма
Қазақстан аумағындағы ұлыстық жүйенің
барысын жазыңыз.
Жауабы
Қазақстан аумағындағы ұлыстық жүйенің
барысы.
Ұлыстардың мемлекеттік құрылысы моңғолдық үлестік жүйенің белгілерін сақтады.
Билеушілер мен ақсүйектердің, кейін ұлыстар халқының исламды қабылдауы басқару жүйесіне өзгерістер енгізе бастады.
  • XIII-XIV ғ. Қазақстан аумағы Моңғол империясы ұлыстарының құрамына, ол ыдырағаннан кейін, тәуелсіз түрік-моңғол мемлекеттерінің құрамына кірді.

Қорытынды
  • Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіңіз;
  • мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтай отырып, Қазақстан аумағында ұлыс жүйесінің дамуын зерттедіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет