«Жеңіс» негізгі орта мектебі
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы:
Сызықтық алгоритмдерді программалау.
7 «А» сыныбы
Информатика пән мұғалімі:
Алдияров Р. Ж.
2013 – 2014 оқу жылы
САБАҚ ЖОСПАРЫ № 12 «5» қараша 2013 ж.
Сынып: 7 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларда Pascal программалау тіліндегі енгізу және шығару операторлары
туралы мағлұматтар қалыптастыру.
Дамытушылығы:Жаңа ақпараттық технологиялық құралдар мен бағдарламалық жабдықтарды
қолданып пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелігі: Еңбексүйгіштікке баулу, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру
Сабақтың түрі: Аралас, интерактивті сабақ.
Сабақтың көрнектілігі: Компьютер, оқулық, тақта.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Үй тапсырмаларын сұрау.
1.Алгоритм дегеніміз не?
Алгоритм-берілген мақсатқа жету үшін реттелген әрекеттер тізбегі
2. Алгоритм жазу пішімі қандай?
3. Айнымалы типтерін атаңыз? (бүтін-integer; нақты-real; литерлік-char)
4. Енгізу операторы / read, readln-енгізу/
5. Шығару операторы / write, writeln- шығару
6. Меншіктеу операторы /айнымалы аты:= өрнек/
7. Программа жазу пішімі қалай?
3.Жаңа тақырып.
Екі санның қосындысын (c=а+в) анықтайтын блок-схемасын,алгоритмін жазу.
алг ЕСҚ табу
(арг бүт а, в,нәт бүт с)
басы
енгізу а, в
с=а+в
шығару с
cоңы
program ecep;
var a,b,c:integer;
begin
readln (a,b);
c:=a+b;
writeln ('с= ',c);
end.
а=12 ,в=10
деп мәндері берілсе
онда программаны былай жазуға болады
program ecep;
var a,b,c:integer;
begin
a:=12;b:=10;
c:=a+b;
writeln ('с= ',c);
end.
Оқушыларға ДК программаның орындалуын көрсету.
Сыныпты үш топқа бөлу.
1 топ «Алгоритм»
2 топ «Блок-схема»
3 топ «Программа»
1 тапсырма: Әр топ өз атына сәйкес есеп шығарады.
Өрнектің мәнін табыңдар a=-2 ,болғанда (a-8)/(2a+5) алгоритмін,блок-схемасын
программасын құрыңыз.
2 тапсырма: /топтар ауысады. 1 топ программа құрады,2 топ алгоритм құрады,
3 топ блок схема құрады/
формуласы бойынша есептеу алгоритмі,блок схемасын , программасын құрыңыз.
3 тапсырма: /1 топ блок схемасын, 2 топ программасын, 3 топ алгоритмін
құрады/
Үш санның арифметикалық ортасын табу алгоритмін, блок-схемасын және программасын жазыңыз.
4. тапсырма: осы үш тапсырманы ДК Паскаль программалау тіліне жазып жауабын алыңыз.
“Алгоритм” тобы 1 есеп
“Блок-схема” тобы 2 есеп
“Программа” тобы 3 есеп Жазған тапсырмалары тексеріледі.
5. тапсырма: демалыс сәті.
Бүтін а санының түбіріне шығатын программаны құру үшін әр топ оқушылары ретін табуы керек . program san a; writeln (‘түбір= ‘,х);
end. begin readln(a); x:=sqrt(a); var a:integer; x: real;
6. тапсырма: әр топқа есеп үзіндісі беріледі жауабын табу керек.
7. тапсырма: өрнектердің Паскаль тілінде жазылуын көрсет.
4 Сабақты қорытындылау:
Айнымалы бөлім аталуы?
Алгоритм қасиеттерін атаңыз?
Алгоритмді график арқылы кескіндеудің атауы.
Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
Енгізу операторы қалай аталады?
Шығару операторы қалай аталады?
5. Үйге тапсырма.
№1. Y=(AX+B)-С өрнегінің
алгоритмін, блок-схемасын,программасын
құрып келу.
№2. y=x2+1 функциясын есептейтін программа жазыңыз.
6. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |