Сабақтың тақырыбы: Бөліндінің мәнінде нөлдер болатындай көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға жазбаша бөлу



бет1/9
Дата26.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#129860
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Кмж Аманжолова Айлана Матем 1, 18.11.2021
Айлана матем 2 самоанализ (копия)

Пәні:

Математика

Бөлім:

2(А)-Бөлім. Көбейту және бөлу. Мәдени мұра

Машықкердің аты-жөні:

Аманжолова.А.Т

Күні:

18.11.2021

Сынып:

4 «Ә»

Сабақтың тақырыбы:

Бөліндінің мәнінде нөлдер болатындай көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға жазбаша бөлу.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

4.1.2.13 бөлінді мәнінде нөлдер болатын жағдайда көптаңбалы санды екі таңбалы / үш таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар: жазбаша түрде нөлдер болатын жағдайда көптаңбалы сандарды екі таңбалы сандарға бөлу алгоритмін шығара алады.

Оқушылардың басым бөлігі: көптаңбалы сандарды екі таңбалы сандарға бөлудегі алгоритмді түсінеді және қолдана алады

Кейбір оқушылар: көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға бөлу алгоритмін біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

І. Ұйымдастыру

Кезеңі

3 мин


Оқушылармен үш тілде амандасу. Психологиялық ахуал туғызу.

  • Сәлеметсіздер ме,балалар!

  • Здравствуйте, дети!

  • Good morning children!

  • Балалар, бүгінгі сабаққа дайынсыздар ма?

  • Қане балалар, оң жақтағы досынның есімінің алғашқы әріпін пайдалана отырып, оның бір жақсы қасиетін айт.Сәттілік!

Тренинг «Досымның есімі»

Оң жақтағы досының есімінің алғашқы әріпін пайдалана отырып, бір-бірінің жақсы қасиеттерін айту.



Мақсаты: сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту, назарын сабаққа аудару.

  • Жарайсыңдар, оқушылар!

  • Балалар,ал енді бойымыздағы осы жақсы қасиеттерімізді сақтай отырып, сабағымызды бастайық! Жарайсыңдар, орындарыңа жайғасыңдар.

  • Сынып ережесін есе түсіру.

  • Балалар, сынып ережесін еске түсірейік.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет