Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сабақтың мақсаты:
Сен:
Бөліндінің мәнінде нөлдер болатындай көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға жазбаша бөлуді орындап үйренесің.
Ынталандыру. Ауызша тапсырма
Мұғалім мәдени мұра жайлы оқушылармен әңгіме жүргізеді.
Ата бабамыздан қалған бай мұра - Қазақ халқының музыка мәдениеті. Ол қазақ халқының білімімен бірге қалыптасқан. Әртүрлі өлеңдер мен музыкалық аспапта орындалатын шығармалар (күйлер) арқылы халықтың тарихи шежіресін жеткізе білген. Халық арасынан шыққан ақын-жазушылар, еңбексүйгіш халықтың арманын, батырлардың ерлігін өлең жолдарымен жеткізе білген.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазақтың музыкатану ғылымы тарихында тұңғыш рет бес томдық «Қазақ музыкасының антологиясы» жарық көрді.
№1 тапсырма.
Өздеріңізге белгілі есептеу әдістерін қолдана отырып, осы кітаптың бірінші томы қай жылы жарық көргенін анықта.
Шешуі:
650*25 – 14 237 = 16 250 – 14 237 = 2013 ж
(2013ж.)
-Жауабын үш тілде айтып көрейік.
Екі мың он үшінші жыл – две тысячи тринадцатый год–two thousand and thirteenth year
Достарыңызбен бөлісу: |