Сабақтың тақырыбын анықтау. Жаңаны оқып үйрену.
-Балалар, тақтаға назар аударайық.
-Есептеуге қараймыз.
-Есепті шығару үшін, біз екі таңбалы санға бөлу алгоритмін қолданамыз.
-Қане, еске түсірейік.
Көптаңбалы сандардың жазбаша түрде бөлуге берілген алгоритмі.
1. Толық емес бөлінгішті белгілеу.
2. Толық емес бөлінгішті бөлгішке бөледі және оны бөліндінің мәніне жазамыз.
3. Тапқан санды бөлгішке көбейтеміз.
4. Толық емес бөліндіден көбейтіндінің мәнін шегереміз.
5. Қалдықты бөлгішпен салыстырамыз.
-Сонымен, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай?
-Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі сабағымыдың тақырыбы: «Бөліндінің мәнінде нөлдер болатындай көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға жазбаша бөлу.»
|