Сабақ тақырыбы: Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері. Үтір Жалпы мақсат



Дата05.06.2017
өлшемі66,88 Kb.
#17961
түріСабақ
Қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар

04.02.2015 ж.

Қазақ тілі

45 минут

9 сынып





Сабақ тақырыбы:

Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері. Үтір





Жалпы мақсат:

Оқушылардың үтір қою жөніндегі дағдыларын жетілдіру, өз бетемен жұмыс істеуге дағдыландыру. Сөйлем құрамына кездесетін тыныс белгілерінің қызметі мен қолданылу орны, үтір тыныс белгісін қоюда ұстанатын негізгі принциптерін оқып-үйренудің жобасын тұтас қабылдауға көмектесу. Үтір қандай орындарда, не үшін қойылатыны, оны қою үшін тілдік қандай белгілерін білу керек екенін түсіндіру.




Сілтеме:

Нұсқаулық, Қазақ тілі 9- сынып оқулығы «Арман-ПВ»2013 ж.





Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Топта, жұпта жұмыс жасай алады, диалог құрастыра алады. Оқушылар бір –бірлеріне дұрыс сұрақ қоя алады.

Проблемалық жағдайлар мен күрделілік деңгейі артқан тапсырмаларды шешу кезінде дербес ойлана алуды дамытуға жағдай жасалынады.






Негізгі идеялар:

Оқушының өз бетімен ізденуін топтық жұмысқа бағыттау. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.




Сабақта қолданылатын ресурстар:

Нақыл сөздер, суреттер, сызбалар, сергітуге арналған үнтаспа, тыныс белгілеріне арналған демонстрациялық материал.




Оқыту әдістері:

Сын тұрғысынан ойлау.

Топтық жұмыс, диалогтік оқыту.

Интерактивті оқыту әдісі.

Оқыту үшін бағалау.




1.Жеке жұмыс

2.Топтық жұмыс

3.Жұптық жұмыс

4.Көшбасшылықты анықтайтын тренинг ойыны






Дерек көздері:

қосымша материалдар, ғаламтор.




Қолданылу аясы

Мәтіндерде,оқулықтарда қолданылады.




Негізгі қызметі

Айтылған ойды екі ұшты етпей дәл, түсінікті жеткізу.




Қосымша көмекші қызметі

Мәтінді оқығанда адам көңіліндегі жан дүние өзгерістері мен ым ишара, кідіріс арқылы берілетін құбылыстарды білдіреді.












































































Ойлау деңг.

Түрткі

(сұрақ, тапсырма, жағдаят)

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Білу

Сөйлем ішіне ерекшеленіп, мағынасын айқындауды қажет ететін қаратпа, қыстырма, одағай, төл сөздер мен бірыңғай және айқындауыш мүшелер бар . Оларды сөйлем ішінен қалай айырып алуға болады.

1. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерін ата.

2. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері қандай қызмет атқарады? (ерекшелеуші)

3.Қыстырма сөйлем дегеніміз не?

4.Қаратпа сөз дегеніміз не?




  1. Үтір (,) Шешендік сөз шешендікке, адамгершілікке тәрбиелейді.

  2. Қос нүкте (:) Ел деген мұз сияқты: ақырын ұстасаң, - түсіп кетеді.

  3. Жақша () Жақсылық–кісінің табандылығында. (М.Әуезов)

Берілген мысалдардың тыныс белгілерінің дұрыс қойылуын тексеру

Топтың спикері белсенді оқушыларды түртіп отырады.Бағалау парағын толтырады.

Түсіну


Слайд бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер ерекшелеуші қызмет атқарады. Үтір қаратпа, қыстырма, одағай, төл сөздер мен бірыңғай және айқындауыш мүшелер қолданылып тұрған сөйлемдерде қойылады.




Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер қандай ерекшелеуші қызметтер атқарады.

1.Тырнақша (“”) Қазыбек биден бір адам “кім жақын, не қымбат, не қиын?” деген үш сұраққа жауап беруін сұрапты.

2.Сызықша (-) Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос.

3.Нүктелі үтір (;) Ақылды ісіне сенеді; Ақымақ күшіне сенеді;Әңгүдік түсіне сенеді.

Мысалдарда қойылған тыныс белгілерінің атқарып тұрған қызметін анықта



Бағалау парағын толтырады.




Қолдану

  • Қазыбек, бір қолың ұрыс бастаса, екінші қолың арашашы болсын.

  • Ойбай, білсем Құдай ұрсын, - деп Зейнеп те әзілдей жауап берді.

  • Сен, Еменәлі, бір кезде алды-артына қарамайтын сотқар болып едің.

  • Әли, менің ойымша, мемлекет отбасынан басталады. Қай жерде қандай тыныс белгі қойылған.

Тыныс белгілері сөйлем ішіндегі қандай сөздердің мағынасын қызметін көрсету үшін қолданады.

159-жаттығу Көшіріп жазыңдар.Сөйлем ішіндегі тыныс белгілеріне назар аударыңдар.

Конфуций соңында көптеген еңбектер қалдырған. Соның ең көрнектісі «Луньюй»- «Қанатты сөздер»деп аталады.



Топтық бағалаулар жасау, оны талқылау.

Талдау


Сергіту сәті:
Тыныс белгілері және оларды қолдану жөнінде С.Жиенбаев,Ә.Хасенов,Ф.Мұсабекова,Р.Сыздықова,т.б.ғалымдардың еңбектері шыққан

1. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талда. Бастауыштарын қаратпа сөзге айналдырып, тиісті орынға тыныс белгісін қой.

2. Қаратпа сөздерді бірде сөйлемнің алдына, бірде ортасына, бірде аяғына қойып, оларды тыныс белгілерімен айырып жазыңдар.

3. Одағай сөздерді тыныс белгілерін қойып көшіріңіздер.



160-жаттығу Мәтінді оқып, сөйлем ішіндегі тыныс белгілерінің қойылу мәнін түсіндіріңдер. Стилін анықтаңдар. Мәтіннен кестеде көрсетілген сөз таптарына үш мысал тауып толтырыңдар.

1.Дара зат есім

2.Жалпы есім

3.Туынды зат есім

4.Көсемше тұлғалы етістік

5.Сабақты етістік.


Белсенді оқушыларды бақылап отыру.


Бағалау парағына жазу.

Синтез /Жинақтау/

Тыныс белгілерге байланысты жетекші сұрақтар

қою арқылы оқушылардың алған білімдерін бекіту.




Сабақтың қорытындысы, ой қорыту (рефлексия). Сұрақ – жауап.

1. Сөйлемнің ішіне қойылатын тыныс белгілерін ата.

2. Үтір қандай жағдайда қойылады?

3.Карточкамен жұмыс



Үтірді қойғанда тыныс белгілерін қолданудың грамматикалық, мағыналық , интонациялық принциптерін есте сақтау қажет.

Кестені толтырады.


Топтардың бірін –бірі бағалауы. Мұғалім өз бағасын жасайды.



Каталог: uploads -> doc -> 1266
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1266 -> Қазақ тілі сабағында оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет